Педагогикалық шеберхана 2020


Ташикова Тоты Нурсултановна, Баяганова Турсын Исимовна, Жанбосынова Гульмира Айтмаганбетовна

Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімдері

Сынып: 1«В» сыныбы  
Сабақтың тақырыбы Ойын ережесін құра аламын. Ч дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту  1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Чемпион – чемпион –achampion Чемодан- чемодан- а case
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру   Ұйымдастыру. Психологиялық сәт. . Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай (оқушылар ортаға шығады) Ұлттық ойындардың суреттері арқылы топқа бөліну. 1 топ: Асық ату 2 топ: Қыз қуу 3 топ: Алтыбақан 4 топ: Арқан тарту     Шаттық шеңбері              
Сабақтың ортасы     Тақырыпты ашу. («Чемпиондар» әні) (тыңдалым) -Өлеңнің тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар?«Чемпиондар» әні.Балалар, чемпиондар деген  кімдер?Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпазболғанадамды чемпион дейді. (айтылым).«Чемпион» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?Ч дыбысыЧ дыбысы орыс тілінен енген дауыссыз дыбыс. №1 Оқылым. Чек   чемпион   чемодан ТЖ «Чемодан» суреті беріледі, оқушылар сөзді жазып, дыбыстық талдау жасайды. Бір-бірінің жұмысын тексереді. (түстер арқылы)   Сергіту сәті (ойын арқылы) Дүкенші ойыны. №2 Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар. ЖЖ Әр топтан жұп болып оқиды. ((«Микрофон» әдісі бойынша бағалау) Ч дыбысын ауада жазу Дәптермен жұмыс. Ч ч әрпін жазу.     Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Аяқталуы Қызықты тапсырма       ТЖ 1)  «Сөз   ойла,  тез  ойла»  ойыны 
Ч  дыбысы   бар  сөздерді тауып, сөйлем құра. 2)  Адасқан әріптер ойыны ч л к і т е   а я ш н   3) Ойын   «Қай  әріпті  жоғалттым?» …емодан, …ирк, , ….лектр 4) «Артығын тап» Суреттердің ішінен артық затты табады. (орамал, щетка, сабын, паста,  киім, шар,чемодан)
        Дәптер, кесте, карточка, суреттер  
 Сауатты сөйлеуді дамыту терминдердің мағынасын түсініп, негізделген. Сабақта­ осындай мақсатқа жету оқушының өз пікірін, ойын анық түсіндіруіне, берілген тақырыпқа сай сөз,сөйлем ойластыруына және ч дыбысының орыс тілінен енген дауыссыз дыбыс екенін меңгеруіне­көмектеседі. Қалыптастырушы бағалау    3 мин           Дескриптор: Білім алушы: -Ч дыбысын түсінеді, меңгереді: -Ч дыбысы бар сөздерге сөз, сөйлем құрастырады )
Бағалау.   «Тұғыр» арқылы 1 орын: Сабақ ұнады, түсіндім. 2 орын: Сабақ ұнады, бірақ қиындықтар болды. 3 орын: Сабақ ұнады, тапсырмаларды орындау барысында мұғалімнің көмегі қажет болды.   Сабақ аяқталды.   Тұғыр
Сынып: 1  «Г» Мұғалімі:Баяганова Т.И.
Сабақтың тақырыбы  «Менің отбасым және достарым» Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау  1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі,математика сабақтары
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым,көрнекі-құралдар
Тілдік құзыреттілік Д дыбысы мен әрпі.
                                                             Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ынтымақтас тық атмосферасын қалыптастыру   Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат-деп  балалар бір-біріне жылы сөздер айтады   Шаттық шебері            
Сабақтың ортасы       №1 Тыңдалым. Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да. -Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме? -Бұны балалардан сұрап көрелік. Таныстыры лым, оқулықпен жұмыс
  Д д әріптерін оқушылар басады және жазады.   Оқулықтағы қарамен жазылған сөздерді дауыстап оқиды: Дала   аула   Дана  Дулат Далада   аулада   Данада    Дулатта   Дәптермен жұмыс Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті   Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма         Д әрпі бар суреттерді дөңгелетіп,сөйлемдер құрастыр:                  Суреттер
Сабақтың соңы Оқушылар сендерге сабақ ұнады ма? Оқушылар өткен тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Бас бармақтар
Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды ауызша мадақтау  
Сынып: 1 «Б» Мұғалімі:Ташикова Т.Н.
Сабақтың тақырыбы Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту  1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы,математика,қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ы дыбысы мен әрпі.
                                                                          Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген,қандай тамаша, қандай қуаныш!     Шаттық шебері              
Сабақтың ортасы       №1 Ы әрпімен таныстыру. Ы әрпіне байланысты суреттерді көрсетіп,буынға бөліп,сөйлемдер құрату.           Ы әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі?Сауат ашу сабағында қай әріппен таныстың?Сыныпта кімнің достары бар ?Олар кімдер? Көркем жазу:Ы ы әріптерін басып шығу және жазу. Оқулықпен жұмыс:қарамен жазылған сөздерді оқу/жеке,хормен,іштей,дауыстап/   Таныстыры лым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті   Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма             «Адасқан буындардан сөз құрау» Ыр, дыс, ыс, ны, шы, ық, су, ы, сық, тор, сын, су.   Оқулықтағы сөздерді оқушыларға оқытқызу: ЫДЫС                          ЫРЫС                САРЫ        ЫДЫСТАР                  ЫРЫСТЫ          ТАРЫ САТУ                           СЫР САТУШЫ                    СЫРДЫ       Оқулықпен жұмыс
Карточкадан жазбаша дәптерге көшіру Дәптерге көшіріп,дыбыстық талдау жаса: Сатушы  ыдыс  сатты. Ырысты  ыдыстарды  ал. Асыл,Аршат,Танат ауылда. Дәптермен жұмыс
Ауызша     Алуа .      Дана,Сара,Анар  .     Дара    ал.    Дулат  6-да. Суретті карточка
Аяқталуы   -Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
-Сабақ ұнады ма?
-Ы қандай дыбыс?
– Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды.
 
Сабақтың соңы     Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.     Микрафон
Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды ауызша мадақтау