Сынып сағаты “Менің тұңғыш Президентім!”


Петропавл қаласы

«№21 орта мектеп» КММ

Орындаған: 5 «ә» сынып жетекшісі

Токина Жанель Асановна

 

Мақсаты:

а)Жас ұрпаққа біздің президентіміздің  сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгереді.

б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиеленеді.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.

Түрі: тәрбие сағаты

Технология: СТО технологиясы

Әдіс  –  тәсілі: ой қозғау, топтастыру, тренинг, президенттің суреті,эссе.

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекілігі:  Фото суреттер, буклет, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың тақырыбы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылығын ояту.

Ой қозғау.

Елді басқаратын адамды қалай айтады?   (Президент).Сендердің елдерінің президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Жеке –жұппен – топпен . Жауптарын дәптерге жазады.

 

ІІІ. Мағнаны тану

-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.

Тренинг. «Өзіңді ғана емес,өзгені де таны».

Оқушыларға  президенттің  суреті бар қағаздар таратылады.Балалар  топқа бөлініп, ол тұлға туралы  білгендерін жазады, ортадан бір оқушы шығып қорғайды. Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі.

Мәтін таратылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

IV.Сергіту сәті

Ел туралы мақал мәтелдер айту.

V. Ой толғаныс. «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында эссе жазу.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

VI. Қорытындылау.

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы

Дара шыңы қазақтың

Дана басып тудың халық – алыптан

Топырағы ол туған жердің киелі

 

Хор: Қазақстан  – Ақ Ордасының  іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *