Современный педагог 2020

Шекеева Венера Бейсембаевна, Ертисхан Амангүл, Укенова Лаура Уахитовна, Ильясова Айымгуль Ермуханбетовна, Ибрагимова Акерке Айткалиевна, Нурахметова Альмира Сапарбайкызы, Нургалиева Бақыт Мансуровна, Омарова Айым Каиргельдыевна, Шотова Асемгуль  Кабидолловна, Хайлямова Нургуль Александровна, Бейсебаева Гүлнар Сериковна, Байдилова Маржангүл  Жаксыбевна,   Шекеева Венера Бейсембаевна, Укенова Лаура Уахитовна, Ильясова Айымгуль Ермуханбетовна, Ибрагимова Акерке Айткалиевна, Нурахметова Альмира Сапарбайкызы, Нургалиева Бақыт Мансуровна, Омарова Айым Каиргельдыевна, Шотова Асемгуль  Кабидолловна,   Хайлямова Нургуль  Александровна, Рымбекова Айымгуль Муктаровна

Павлодар қаласының “№6 сәбилер бақшасы”МҚКК педагогтары

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

 Такирова Әйгерім Маратқызы

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

     Күні, айы, жылы:___________

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын-сары, қызыл-көк, алуан-алуан жапырақтар»

Мақсаты: Білімділік: Күз мезгілі, күзгі табиғат жөніндегі  түсініктерін қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Әдеби шығармаларға балалардың қызығушылығын арттыру. Өлеңнің мазмұнын түсініп, сұраққа жауап беруге, өлеңді жатқа, мәнерлеп айтуға үйрету.

Дамытушылық: Өлеңді жатқа айту, мәнерлеп айту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, сұлулықты, әсемдікті көре білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, табиғи алтын, сары, қызыл, көк  жапырақтар.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, көркем сөз, психологиялық тренинг,  поездбен саяхат, жұмбақтар, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сергіту жаттығуы, мақал-мәтел, тиым сөздер.

Іс-әрекет кезеңі   Тәрбиешінің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті
Танымды оятушылық кезең       Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз,                                 Кішіге де сіз.                                          Барша жанды құрметтеп,                               Бас иеміз біз! Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешінің соңынан қайталайды.
Ұйымдастырушылықізденушілік кезең                                                                                                                                                                                                                 Рефлексивтітүзетушілік кезең -Балалар қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Быз сіздермен поездбен саяхатқа аттанамыз. Алдымен біз Бақшаға барамыз, кейін Кітап станциясына барамыз, кейін ойын станциясына барамыз,  ал ойын ойнап болған сон быз сендермен Қолшатыр станциясына барамыз.   Сабағымды бастамас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Жұмбақ: «Бұл қай кезде болады?»  Ш.Ахметов Бұлттар төніп, жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала сұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? -Балалар, өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылған? -Күз мезгілін орыс тілінде «осень» деп айтамыз. -Күз мезгілі екенін қайдан білесіңдер?             -Ал, балалар, сендер білесіңдер ме, ағаштардың қандай пайдасы бар? Ендеше тыңдаңдар! Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан жарамсыз ауаны жұтып, ондағы өзіне қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып қайтадан шығарады. Сондықтан да біздің айналамызда, көшеде, аулада, балабақша ауласында неғұрлым ағаштар көп болса, соғұрлым ауа таза болады. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз мынадай мақал-мәтелдерді, тиым сөздерді айтқан екен. 1.« Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!» 2.«Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз» 3.«Орман көп болса, олжаң көп.» 4.«Көкті жұлма, көктей соласың!»   -Ал сендер күз мезгілінде саябаққа барып көрдіңдер ме? –        Ендеше, біз сіздермен саябаққа барайық   Психологиялық тренинг. Айнала алтын-сары, қызыл-көк, алуан-алуан жапырақтар судырлап, табанға тапталады, бақтың іші өрттей сары бояуға малынғандай, желмен ұйытқып сары жапырақтар жауады. -Ой, балалар, қараңдаршы, жапырақтар қандай көп! Қандай әдемі! Кәне балалар тақпақты айтайықшы: Алтынсары, қызылкөк, алуаналуан жапырақтар!   Жұмбақты кім шешеді? 1.Ағайынды бәрі Шықса жасыл, Түссе сары.                                                2.Қызыл сары кемелер Су бетінде қалқиды. Соқса егер салқын жел, Ырғалады толқиды           Ал енді балалар біз сапарымызды жалғастырамыз.        Біз сіздермен балалар «Кітап» станциясына келдік.   -Ендеше балалар бүгін мен сендерді Тұманбай Молдағалиев ағаларыңның жазған «Жапырақтар»деп  аталатын өлеңімен таныстырамын. –            Қыстың жақын қалғанын, –            Жапырақтар білгендей. –            Желмен ұшып барады, –            Жерге қонып үлгермей. –            Жапырақтар жамырап, –            Сайға барып бекінді. –            Анасынан ажырап, –            Қалған бала секілді. Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп 2-3 қайтара оқып, балалармен қайталайды.  Ал балалар тақпақты қайталайықшы: Алтынсары, қызылкөк, алуаналуан жапырақтар!   Сұрақ-жауап: –        Балалар өлеңде не туралы айтылған?   –        Жапырақтар неге жерге қона алмайды? –        Балалар, жапырақты орыс тілінде  «листья» деп айтамыз?   Дидактикалық ойын:  «Алтын-сары, қызыл-көк, алуан-алуан жапырақтар» Мақсаты: Сөзді дұрыс айтуға үйрету. Жапырақтапды түс түспен қорапшаға салу   Сергіту сәті: Салқын желмен ұйтқыған Сары жапырақтар жауады Шыр көбелек айналып Жерге барып қонады.   Ал енді балалар быздің келесі сапарымыз «Қолшатыр» станциясы: Балалар қарандаршы мына қолшатырдың қалташалары бар екен осы жапырақтарды тақпағымызды айта отырып қалташаларына салайық «Алтын-сары, қызыл-көк, алуан-алуан жапы-рақтар» Балалар қарандаршы күн бұлттанып жаңбыр жауайын деп тұр, кәне барлығымыз қолшатырдың астына тығылайықшы.   -Сонымен, балалар, біз бүгін не туралы әңгімеледік? -Өлең қалай аталады? -Өлеңде не туралы айтылған? -Күзгі жапырақтардың түсі қандай болады?   Жарайсыңдар балалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.   Балалар бір – бірлерің белдерінен ұстап поезд сияқты әуенмен жүреды.           Балалар жұмбақты тыңдайды.               -Күз мезгілі -Осень -Күзде күн суытады. -Құстар жылы жаққа ұшады. -Адамдар жылы киімдерін киеді. -Жеміс-жидектер піседі.       -Ағаштардан сары жапырақтар түседі.     Тиым сөздерді қайталап айтып, жаттайды.           Балалар мұқият тыңдайды.     -Жоқ, барған жоқпыз.     Балалар бір – бір-лерің белдерінен ұстап поезд сияқты әуенмен жүреды.       Балалар таңырқап қарайды.                     Балалар тәрби-ешінің соңынан қайталайды.     -Жапырақтар       -Жапырақтар                   Балалар бір – бір-лерің белдерінен ұстап поезд сияқты әуенмен жүреды.                                   Балалар тәрбиешінің соңынан қайталайды.     -Өлеңде жапырақ таралы айтылған. -Жапырақтар желмен ұшып кетті. Қайталап айтады: Жапырақ – листья   Балалар тәрбиешінің айтқан сөзін жаңғыртып қайталайды тапсырманларды орындады  «Алтын – сары, қызыл- көк, алуан-алуан  жапырақ тар»                         Балалар сергіту сәтін орындайды.         Балалар бір – бір-лерің белдерінен ұстап поезд сияқты әуенмен жүреды.     Балалар тапсырманы қызыға орындап, тақпақтарын айта отырды                                                           Балалардың жауаптары

 Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жапырақтар  туралы түсінікті.

Игеру керек: Күз мезгілінің ерекшеліктерін.

Меңгеру керек: Бір-бірін тыңдап, сұраққа дұрыс жауап беруді.

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

    Укенова Лаура Уахитовна   

Ашық сабақ

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Геометриялық денелер»

Мақсаты: Геометриялық денелерді (шар, куб) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуді дамыту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: Тәрбиелік: сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.

Білімділік:  балаларды дөңгелек,шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.

Дамытушылық: балалардың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту.

Билингвильді компонент:геометриялық денелер-геометрические тела-geometric figures

Әдіс-тәсілдер: торсықтың тосын сыйы, тұмарша ілу

Көрнекіліктер: Кеспе цифрлар, суреттер.

Ұйымдастырылған ашық  оқу қызметінің барысы:

I.Мотивация

Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

Жерде тұрған үйлерге назар аударту

– Қараңдаршы, бұлар нелер?

– Мына үй неден құрастырылған? (геометриялық пішіндерден)

Қандай пішіндерден? (үшбұрыш, шаршы)

– Ал мына үй балалар, геометриялық денелерден құрастырылған. Бүгінгі оқу қызметімізде геометриялық денлермен танысамыз, олардың ерекшеліктерін ажыратамыз.

-Балалар, үстелдің басына жайғасып алайық.

II.Ізденіс-ұйымдастыру

Саусақ жаттығуы – санаумен кіріктірілген.

1-дидактикалық ойын. «Көп-аз»

Шарты: 3 санынан көп немесе аз карточкаларды тұмаршаға салу

Есеп. Кірпіде 3 алма болды. Ол біреуін тиінге берді. Сұрақ: Кірпіде неше алма қалды? Азайды ма?Көбейді ме? (балалардың жауабы)

2 топқа бөліне:

1-топ: Д\о: «Моншақты тіз»

Шарты: Балалар геометриялық денелерді үлгіге қарап  жіпке тізеді

2топ: «Шар, куб» ұғымдарымен танысады.

– Қалай ойлайсыңдар, бұл не? (жауаптар) бұл Шар.

Үстелдің үстінде домалатып көрейік. Ол домалайды. бұл куб. домалатайық. Неге куб домаламайды? Кубды ұстап көрейік, кұбтың нелері бар? Кубды бұраштары бар. Оның бұрыштары көп. Шарда бұрыш бар ма? Қолымызға ұстап домалатып көрейік. куб тұрақты, шар тұрақты емес, ол қозғалмалы.

Д\о:  «Кеңістікте бағдарлау»

Шарты: Балалар алдарындағы торсықта салынған геометриялық денелерді тақтада орналастырады.

Мысалы: Көк кубтың үстіне сары шар, Сары шардың жанына жасыл шарды қой, т.б.

Сергіту сәті:

Бала, бала, балапан,

Кәне, қайсы алақан

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат,

Бір қадам алға басамын,

Алақанмен соқ-соқ

Бір қадам артақа басамын,

Аяқпенен топ-топ

2 топ орындарымен ауысады

III.Рефлексия

– Біз бүгін геометриялық денелермен таныстық. Қандай?

– Геометриялық денелердің айырмашылықтарын білдік. Қандай айырмашылықтары бар?

– Балалар, менің оң қолым куб, сол қолымда шар. Ендігі оқу қызметінде «Оң, сол» ұғымдарымен танысамыз.

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

    Ильясов Айымгуль Ермухамбетовна   

   Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

       Күні _____

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Марстықтар».

Мақсаты: Қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуі мен затқа қарап, пішінін, заттардың қатынасын, бөліктерінің орналасуы мен түсін бейнелеуде балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Міңдеттері: Қиял-ғажайып кейіпкерін бейнелеуді үйрету.

Қосымша бөлшектерді толықтыру,стилизация тәсілін қолдану, балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту. Түс үлесімін сезінуге тәрбиелеу.

Әдістәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету,проектор.

Гимназиялық компонент: Асық ату әдісі.

 Көрнекіліктер:суреттері,мақта таяқшалары.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің оқу қызметі Ересек топ Баланың оқу қызметі
I.Мотивация             II.Ізденіс-ұйымдастыру                                                   III.Рефлексия    Амандасу  үш тілде. Ілмекпен таныстыру.Бүгін сабақ жайлы. Тыныштық сәті: Көз жұмып аспанға ұшып айналу,көзді ашу. Проекторға назар аудару. Марстықтар суреттерін көру. Не көріп тұрмыз? Олар кімдер? Дене мүшелерін атап беріндер. Көз жұмып топқа оралу. Топта орындарына жалғастыру. Марстықтарды салу үлгіні көрсету. Мақта таяқшамен ,щи ережесін айту. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық Бір отырып,бір тұрып Біз тынығып алайық. Жұмыстарын толықтырып салу. Талдау. Бағалау. Көк асық бүк. Қызыл асық шік. Екі бөліп қояды. Жағымды,жағымсыз,бағалайды.         Балалар өлең жолдарын бірге айтады.             Балалар сұрақтарға жауап береді.   Марстықтар. Дене мүшелерін атайды.                     Балалар өз бетінше орындау. Шығармашылық қиялдарын қосып салу.     Сергіту сәтін жасайды.     Дидактикалық ойындарды ойнайды.            

Күтілетін нәтиже:  

Білу:  Марстықтарды танып білді;

Игеру: Шығармашылық қиялдын  жолдарын игерді;

Меңгеру:Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерді;

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

 Ибрагимова Акерке  Айткалиевна  

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы                                                                                                                                                                                     

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға үйрету.

Міндеттері: Бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

 Тәрбиелік: Тәртіптілікке, әсемдікке  тәрбиелеу.

Білімділік:  Берілген жұмысты дұрыс орындауға үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылықтарын дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Түрлі суреттер,үлгілер .

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, піспешелек әдісі

Үш тілділік:Бағдаршам-светафор-трафиклайт.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі Балалардың оқу қызметі
I.Мотивация Шаттық шеңбер Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң,қайырлы күн. Кәне балалар ең алдымен келген қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіңдер ме балалар. Қалдарың қалай? Шенберге тұрып сөздерді айта білді Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң,қайырлы күн.   Сәлеметсіздер ме қонақтар. Сәлеметсіз бе Гульнара Сериковна Жақсы (good) гуд
II.Ізденіс-ұйымдастыру                                                                     Ертегіні әңгімелеп беру                          Балалар бүгін біз сабақта бағдаршам туралы білетін боламыз. Диск театры арқылы ертегіні айтамыз. Қимылды ойын ойнаймыз. Балалар суретке назар аударайықшы, бұл ненің суреті? Дұрыс балалар, бағдаршамның суреті.     Балалар бағдаршам дегеніміз жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Бағдаршамның жанып тұратын үш көзі болады.Ол қызыл, сары және жасыл. Егер қызыл жарығы жанса тоқтаймыз, сары жарығы жанса дайындаламыз, ал жасыл жарығы жанса жүреміз.Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді! Балалар, кәне үш тілде айтайықшы бағдаршам – трафиклайт – светафор, қызыл – красный – рэд, сары – желтый – еллоу,жасыл – зеленый – грин     Баяғыда бір қала болыпты. Ол қалада ешқандай бағдаршам болмаған екен. Сондықтан, ол қаладағы көліктер жол ережесін білмей, үнемі бір – бірімен соқтығып қала береді екен. Бір күні бір кішкентай бала түрлі түсті қағаздармен ойнап отырады. Қызыл,сары,жасыл түсті қағаздар баланың ойына ерекше ой салады. Бала сол түстерді қолына ұстап, бағдаршам құрайды. Баланың жасаған бағдаршамы қаладағы ең ерекше бағдаршам болып қала береді.               Бағдаршамның                                           Балалар үш тілдегі сөздерді бірге айтып қайталайды.           Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.                                                  
Сергіту сәті                                                                                     Ойын                 III Қорытынды           Қалада көлік көп Қалада апат көп Сақтайтын апаттан Тек қана бағдаршам,бағдаршам!   Ал енді қазір екі топқа бөлінеміз. Қызыл белгісі бар балалар театр орталығына барады. Ал жасыл белгісі бар балалар шығармащылық орталығына барады.   Балалар үлгіге қарап бағдаршамды желімдейміз.Бір – бірімізге бөгет жасамаймыз, тазалықты сақтаймыз,қылқаламды дұрыс ұстаймыз.       Келесі топпен диск театры арқылы ертегіні сахналаймыз.       Екі топ орындарымен ауысады.   Балалар мен жасыл дөңгелекті көрсеткенде сендер бөлме ішінде бірін – бірі соқпай, қақпай машина болып гүрілдеп, әрлі , берлі қозғаласыңдар. Қызылды көрсеткенде тоқтайсыңдар. Ал сарыны көрсеткенде шапалақтайсыңдар.   Балалар біз піспешелек әдісі арқылы ертегіні әңгімелейміз.Сендерге балалар бағдаршам туралы ертегі ұнады ма? Біз сабақта балалар не істедік? Бағдаршам жайлы мәлімет алдық. Диск театры арқылы ертегіні сахналадық па? Қимылды ойын ойнадық. Ал енді балалар келген қонақтарға сау болыңдар деп айтайық. Іс қимыл әрекет арқылы балалар қайталап жасайды.                       Балаллар берілген тапсырманы орындайды.       Бағдаршамды балалар жапсыру әдісі арқылы желімдеп шығады.                   Ал екінші топ диск театры арқылы ертегіні әңгімелеп береді.                         Ойынды балалар 1 – 2 рет қайталап ойнайды.                       Ия, ұнады.     Ия, сахналадық.   Ойнадық   Сау болыңыздар.

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

Нурахметова Альмира Сапарбайкызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: «Заттар мен пішіндерді салыстыру»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға баулу. Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Пішіндер туралы дидактикалық ойындар ойнату.

Әдіс-тәсілдер: Пішіндерді ажыратып, түстерді айыра білуді.Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін атауды көрсету. Геометриялық пішіндерден үй,машина жапсыру. Сұрақ-жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: Геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, үй,машина бейнелейтін жапсырмалар, слайд,

Сөздік жұмыс: Көктем, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.

Үштілділік компонент:  үшбұрыш-триугольник-triangle(трайэнгл),төртбұрыш-квадрат-rectangle(ректангл),шеңбер-круг-circle(сүкл),пішіндер-фигуры-shapes(шейпс)

Сабақ барысы: балалар шеңберге тұрады.(балалар жылулық шеңберіне тұрайық)

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
I.Мотивация Шаттық шеңбер: Біз бәріміз тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Жақсы жақсы сөздерді Қонақтарға сыйлайық Табиғат біздің анамаз Табиғатқа барамыз Біз әдепті боламыз. Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте? Good morning?     Балалар шаттық шеңбер  сөзін  қимылмен көрсетеді.  
II.Ізденіс-ұйымдастыру                                                                                                                                         Сергіту сәті.               III.Рефлексия     Балалар бүгін сабақта не істейміз? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атайықшы. Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?   Ғажайып сәт: Балалар біз қазір дүкенге саяхатқа барамыз. Дүкеніміздің есігінде құлып тұр екен. Осы құлыпты ашу үшін бізге мына бір тапсырманы орындау керек. Келісесіңдер ме? Пішіндеріне сәйкес кілтті табу.         -жарайсыңдар балалар мына берілген тапсырманы сендер өте шапшаң әрі жылдап орындап шықтыңдар. Балалар маған сендердің көмектерін қажет . Біздің дүкеніміздегі ойыншықтар көңілсіз екен. Мына дүкендегі  менің түрлі -түсті шарларымның ішіндегі тапсырмаларын орындасақ. Ойыншықтарымыз жайнап күлімдейді екен. Балалар, бір жылда неше мезгілі бар? Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Жасыл шарды көрсету. Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады? Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Жер беті сары кілемге ұқсайды. Ақ шарды көрсетеді. Мына шардың түсі қандай? Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Қыста жер қандай болады? 1тапсырма: «төртбұрыш»төртбұрыш-квадрат-rectangle(ректангл),  Түсіп қалған пішінді тап? 2-тапсырма: Пішіндерге ұқсайтын заттарды табу. 3-тапсырма: Пішндерден үй құрастыру.     4-тапсырма: Пішіндерді үш тілде айту.   Сергіту сәті Бір дегенім – білім ал Екі дегенім- ерлік күші. Үш дегенңм –үлгі тұт. Төрт дегенңм – тәртіп керек. Бе дегенім- бестік баға ал.   Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған дүкендегі ойыншықтарды гүлдендіріп жібердіңдер. Ендеше мен сендерге өзімнің сиқырлы таяғымды сыйлыққа тарту етемін.     Заттар мен пішіндерді салыстырамыз.Пішіндерден үй құрастырамыз.Түсіп қалғн пішінді орналастырамыз.Бір тынығып аламызү             Көктем мезгілі.   Наурыз,сәуір,мамыр   Күн жылынады,қар ериді,ағаштар бүршік жарады,құстар ұшып келеді.   Балалар таңырқай қарайды.   -ия.         Балалар берілген тапсырманы қызығушылықпен орындайды.                     -жарайды, Олай болса тапсырмаларды орындауға кіріседі.           көктем, жаз күз,қыс.      Бұл жасыл түс, шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды.       Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.     Қыста қар жауады.Айналамыз аппақ болады. -Балалар қызыға қарайды.     -Берілегн тапсырманы орындайды.           -балалар пішіндерден үйді тәрбиешінің ңұсқауы бойынша орналастырады.(үстінде,астында,оң жақ, сол жақ)                 Баллар пішіндерді үш тілде атап береді.                     Балалар сергіту сәтін қимымен көрсетіп айтып береді.           көптеген тапсырмалар орындады    
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі -Балалар бүгін бізге қайда бардық? -Біз көңілсіз ойыншықтарды қалай гүлдендірдік ? Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Ендеше өздеріңнің көңіл-күйлеріңді мына смайликтермен көрсете қойыңдар. Балаларға сыйлықтар үйлестіремін. -сыйқырлы дүкенге -сыйқырлы тапсырмалады жылдам орындап бердік. Әдемі түрлі шарларды беріп тапсырмаларын орындатты. Балалар смайликтерін көрсетеді. Балалар қуанады.

  Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының   Музыка  жетекшісі

   Нургалиева Бақыт Мансуровна 

Білім беру салалары:  Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:  1.Музыка тыңдату арқылы ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айтуға баулу. көңілді музыка әуенімен жеңіл жүгіру.

2. Музыканың мәнерлілік құралдары мен сипатын ажырата білу қабілетін дамыту. Әннің сөздерін анық  және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, айтуға баулу. Би қимылдарын орындату арқылы әсемдікке тәрбиелеу. Ұрмалы аспаптармен ырғақты дұрыс ұстау.

Міндет: 1. Тәрбиелік: қоршаған ортаны тазалықта ұстауға тәрбиелеу.

               2. Білімділік: жол ережесі мен қауіпсіздікке үйрету.

               3. Дамытушылық: есту қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекті құралдар: Түрлі ойыншық машиналар, жол белгілері, қораптан жасалған үй макеті, бағдаршам.

Сөздік жұмыс: Көлік – Машина – Machine , Бағдаршам – Светофор – Traffic lights.

Әрекет Кезеңі Ересек топ  
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың  ісәрекеті  
Мотивациялық  қозғаушылық Көңілді музыка әуенімен балалар музыка залына кіреді. Амандасу, шеңбер бойымен бірінің соңынан бірі тізіліп жүреді. Жүгіру, айналу, әуен арқылы тізені бүге қимыл жасату. Балаларға дайындап қойған мини-көрмені таныстырып,  көрсетеді. Балалар шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, тізені бүгіп, қолды белге ұстап қимыл жасайды. Балалар көрмені қызықтайды.
  Ұйымдастырушылық  ізденістік     Ән тыңдау: «Машина» күй. Құрманғазы . Үнтаспа. -Күй не туралы? Ән айту: «Бағдаршам» Ғ.Тамендаров. -Ән не туралы? Ән қалай орындалады? -Бағдаршам қандай түстерден тұрады?                                           -Қай түс не айтады? Әуенді қимыл-қозғалыс: «Жалаушамен би». Көңілді музыка әуенімен , қол ұстасып, шармен, жалаумен нық қимылдар жасауға талпыну, жұптасып билеуге дағдылану. Әуенді Ойын: «Әуеннің түсін тап». Жетекші түрлі әуендерді қойып , тыңдатқызады. Балалар әуеннің түсін ажыртып білу керек. Тоқсары түс – көңілді ; Көк – мұңлы; Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Ән тыңдайды. Сұраққа жауап береді. Ән айтады.   Ән айтар алдында жаттығу жасайды.   Би билейді.
Рефлекстік жинақтаушы Бүгін қай тақырыпта әңгіме өткіздік? Не туралы ән тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма? Қорытындылау, балаларды бағалау, мадақтау. Жол жүру ережелері. Көліктер Иә. Балалар көңілденіп, топтарына тарайды.

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының  музыка жетекшісі

  Омарова Айым Кайыргелдыевна    

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні:

Білім беру салалары:  Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»
Мақсаты: 1. Балаларға арналған қазақ халық әндерін орындауға үйрету. Ұрмалы-шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту. Би бейнелерін қолдана отырып, би қимылдарын бере білу біліктіліктерін жетілдіру.

2.Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу дағдыларын қалыптастыру. Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау үйрету.

Міндет: 1. Тәрбиелік: әдемілік пен әсемділікке тәрбиелеу.

               2. Білімділік: Музыканы есте сақтап, соңына дейін тыңдап, жатқа айтуға бейімдеу.

               3. Дамытушылық: ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекті құралдар: Көнілді көнілсіз музыка (Күн  мен жанбыр). Қатты – ақырын дыбыстар (Сылдырмақ аспабы). Үш би үш түрлі карточка.

Сөздік жұмыс: Музыка – Музыка –Music, Ғажайыптар әлемі – Удивительный мир – Wonderland.

Әрекет кезеңі Даярлық топ  
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың  ісәрекеті  
Мотивациялық  қозғаушылық Көңілді музыка әуенімен балалар музыка залына кіреді.  Музыка жетекшісі: Балалармен  амандасады. Сә-ле-мет-сіз –бе! Балалар шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, тізені бүгіп, қолды белге ұстап қимыл жасайды. Балалар амандасады.
  Ұйымдастырушылық  ізденістік     Ән тыңдау: Балаларға танымал әндер.«Көңілді» Е. Өміров. Музыка жетекшісі балаларға танымал деген бірнеше әннен үзінді ойнап, төмендегідей сұрақтар қояды: -Сендер бұл әнді білесіңдер ме? -Ән қандай? Көңілді ме, әлде мұңлы ма? -Музыкалық дыбыстар қандай болады? Музыкада жоғары және төмен дыбыстар болады. Дыбыстар жоғарылаған сайын жіңішке, ал төмендегенде жуан болып шығады. Скрипка кілті туралы мағлұмат беру. Кез келген музыканы, әнді орындау үшін оны түрлі белгілермен қағаз бетіне түсіреді. Санамақтар сияқты музыкада 7 белгі бар, олар НОТА деп аталады. ДО-РЕ-МИ-ФА-СОЛЬ-ЛЯ-СИ. Дауыс жаттығуларды жасау: До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до Міне қазір ән сабағы Барлығымыз ән саламыз! Әнге сәйкес қол соғамыз. Ән айту: «ДО-РЕ-МИ Әуенді ойын: «Үш би». Балаларға 3 түрлі ұлттың би әуенін тыңдатқызу, карточкалар арқылы орындалып тұрған әуенді табу.Карточкаларда түрлі ұлттардың ұлттық би костюмдері бейнеленген.   Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады. Ән тыңдайды. Сұраққа жауап береді.                     Ән айтады. Ән айтар алдында жаттығу жасайды.         Би билейді.
Рефлекстік жинақтаушы   Бүгін қай тақырыпта әңгіме өткіздік? Не туралы ән тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма? (Смайлк арқылы балалар көңіл күйлерді білдіреді. Қорытындылау, балаларды бағалау, мадақтау.   Ғажайыптар әлемі, Музыка әлемі. «Көнілді күн» Иә.  Балалалар фано арқылы сауболыныз деп айтады. Балалар көңілденіп, топтарына тарайды.
  Күтілген нәтиже:                                                                                                                                         Игереді: Әнді, әуенді тыңдап, есте сақтауды. Нені Білді: НОТА деген не?Атауларын. Меңгерді: 3 түрлі ұлттың биін.    

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

  Шотова Асемгүл  Кабидуллаевна 

Білім беру саласы:Таным

Білім беру бөлімі:ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Заттарды санайық»

Мақсаты:Затты санай білу.

Көрнекіліктер:қонақ торғай,конверт,әр балаға таратпалы материалдар,планшет,қамшы,білезік.

Билингвалды компонент:Бір-один-one,екі два two,үш три three,төрт три four.

Шаттық шеңбер:

Good morning teacher!

Қайырлытаңұстазым,

Қайырлытаңдостарым,

Шеңбергебізтұрайық

Жылулықтысилайық!

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья

Посматрите друг на друга

Пожелайтевсемдобра!

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

We are glad to see you!

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар қараңдаршы бізге торғай қонаққа ұшып келді.Торғай хат әкеліпті.

Оқимызба?

Ия.

Ол сендердің тәртіптеріне қарап отырады, және бірнеше тапсырмаларды алып келіпті. Тапсырмаларды орындаймызба?

-Тапсырмалар ковертке салынған екен.

-Неше конверт алып келіпті санайықшы?

– 4

– Ал енді 1-ні алайық.

1.Балалар тапсырмада заттарды өз орнына орналастыр деп айтылыпты: а)Сағатты қайда ілеміз? (қабырғаға,жоғарыға); ә)кітапті ненің үстіне қоямыз? (үстелдің үстіне); б)мысықты қайда жатқызамыз? (пештің жанына);

2.Маратта үш тоқаш болды. Бір тоқашын Маралға берді. Маратта неше тоқаш қалды? Маратпен Маралдың тоқаштарын санағанда қайсысында көп? (көп,аз).

Сергіту сәті: Бала,бала,балапан

                       Кәне қайсы алақай

                       Саусақтарын әйбат

                       Былай,былай ойнат (аудио запись)

3.Қыздар білезікке қарап заттарды санап шығады. Ұлдар қамшыға қарап заттарды санап шығады. (доп1,сылдырмақ2,көлік3, көбелек4).

4.Бірдей затты тауып қоршайды – дидактикалық ойын (бір,екі,үш,төрт)


5. Салыстыру 

Қорытынды: Балалар бүгін не туралы өттік, нелерді санадық?

-Заттарды

Балалар қарандашы нелер қонаққа келді? Түйелер. Неше түйе?

2 түйе. Түйелер нени акелди? Киіз үйлерді. Киіз үйлер нешеу санап шығайықшы? 5 киіз үй. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау,бағалау.

Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

Павлодар қаласының « № 6 сәбилер бақшасы» МҚКК

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.

                                           Педагог-психолог: Н.А Хайлямова

                                     Павлодар, 2020ж

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

«Ерекше іс істесен, ел таңырқайды»

«Сен істі сүйсен, іс саған бас иеді»

«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет»

  Әрбір адамның  ұнататың   ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу- біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау; тағамдар даярлау; үй жануарларын күту сүйікті ісі болуы  да мүмкін. Сол сүйікті іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта, жігер, қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдері артады. Сүйікті іс адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

         Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға ұздiксiз тәрбиелеп отырған. Осыншалық мейірiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген. Балабақша балалары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады.

      Сондықтан осы кезден бастап баланың қызығушылығын бақылап даммуына қолайлы жағдай жасау керек, себебі балалардың жалпы дамуына және коммуникативтік қабілеттерін дамытуда, қызығушылықтың тигізетің маңызы зор.  Бірігіп ән салу,  би билеу,  гүл егу, спортпен шұғылдану т.б  балалар арасында сүйіспеншілік сезімдерін артады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді  өзара жағымды қарым-қатынас жасауға үйретеді,  сонымен қатар ақыл-ойларын дамытады, ортада өзін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйретеді.

Сүйікті іс-әрекет қатысушылардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді;  ішкі қатаюдан арылуға және жағымды сезімдерін дұрыс қалыптасуына жағымды әсерін тигізеді.

      Қазіргі уақытта   қарым-қатынас  кез келген адамның өміріндегі маңызды  орын алатын дүние. Адам көп уақытын  басқа адамдармен араласады және  осыдан  айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады,  болашақтағы жетістіктері, көңіл-күйі, денсаулығы, бір сөзбен айтқанда, бүкіл өміріне әсер етеді. Үйлесімді  қарым-қатынас  үшін  нақтылы  техникалық  әдістерді білу, ал сауатты қарым-қатынас орнату үшін оған балаларды үйрету керек. Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате    өзқарасын  өзгерту   өте   қиын.  

        Сүйікті іспен айналысқан баланың айналасындағы адамдарға көз карасы дұрыс қалыптасады. Ойын, сабаққа деген қызуғышылығы арта түседі  сүйікті іс туралы түсініктері күннен күнге кенееді, еңбек ету іскерліктері дамиды және еңбексүйгіштікке баланы тәрбиелейді. Себебі спортты үнататын бала жаттығуларды өз еркімен, күш салмай жақсы көңіл күймен орындайды. Жаттықтырушымен жанындағы бірге спортпен шығұлданатын балалармен де тез тіл табысып карым-қатынасы жақсы болады. Бір-бірімен әңгіме құрастыратын тақырыптары бар және басқа іс-әрекет (оын, сабақ т.б) барысында бірігіп ойнауға, тапсырманы орындауға жеке, жұппен интеллектуалды жарысқа түсуге дайын тұрады және солай достасып кетеді.

   Сондықтан сүйікті іс  баланың дамуына ғана зор әсер етпи құрдастар мен, үлкендер мен  қарым-қатынасқа түсуге септігін тигізеді. Ол айналысқан іс туралы көп мәлімет, тәжірибе алады, мысалы теңіз, кеме, балықшылар туралы қызығушылық танытатың бала   балабақша тобында «Саяхат» ойынды ойлап тауып, рөлдерді бөлісуге жетекшілік етіп, қажетті іс-әрекетті орындауды үйретіп өзге балаларға ережені есіне  салып көш басшының міндетін атқара алады. Мұндай сәттер балалардың көшбасшылық қабілеттері ашылады, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелейді.

Ойын барысында бала өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін байқата алады, ол өзінің шебер ұйымдастырушы екенін, жігерлі, тапқыр екендігін байқатса, кейбір бала өз бойындағы менмендік, өкпешілік, қыңырлық қасиеттерін көріп ұялып ол қасиеттерден арылуға бел буады. Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың, ауызбіршілікпен ұйымшылдықтың не екенін түсіне бастайды.

Бірақ тұйық, ұялшақ балалаларда кездеседі. Балалардың ұяң, ұялшақ мінезін ата-аналар  (тәрбиешілер де күнделікті қарым-қатынас арқылы) жақсы біледі. Ондай балаларды бірігіп ортаға бейімдеп, қызығушылықтарын тудыратын жұмыстар жасау қажет. Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттер – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды.

Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Егер балада осындай белгілер байқалса, онда қызғушылықтарын бақылап, оның қолынан келетін істі беріп, соны жасап шығуға бағыт-бағдар беру керек. Бала орындап болып,  көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап, ынталандыру керек. Бұл балаға өз қолынан іс келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.

Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз көз-қарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет.    Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.

   Үлкендер баланың қызығушылығын дамытуға түрлі әдіс-тәсілдер қолданады: сурет, бейне материалдар көрсетіп, өзінің  басқа да адамдардың жетістіктерін әңгімелеп береді; сұрақтарына жауап береді осы бәрі тікелей сөзбен байланысты. Бала үлкендердің сөздерін қызыға тыңдай бастайды мағынасын сұрайды, осылай баланың сөз көры, тіл байлығы біртіндеп молаяды.

Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.     

Сөйлесу қарым – қатынаста үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ол мақсат қоюды үйренеді және мақсатқа жету жолдарын таба білетін болады. 

Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді.

Балалардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін  іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті қарым-қатынас, эмпатия және өзара түсінушілік туындауына ықпал етеді

     Түрлі іс-әрекет жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.   Яғни, істі игеру балаларды жан – жақты болуына зор ықпалын тигізеді.

Бала  тәжірибенің нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз.

    Конфликтін де алдын алу үшін  сүйікті іс-әрекеттің рөлі  ерекше.  Сүйікті іс  – адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор,  қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі. Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Жас өспірім үлкендерге қарап бой түзейді, дүниені таниды, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына  адамгершілік қасиетерді қабылдайды. Осы орайда ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

     Ата-ана, педагог, бала арасында ашық-жарқын қарым-қатынас орнықтыру;  ынтымақтастық, өзара келісім, түсіністік деңгейінде қөру; үлкендер тарапынан балаға танымдық таңдау мүмкіндіктерін беру; баланың бастамашылдығын, белсенділігін қолдау;  бала қабілетін, бейімділігін, іскерлігін қолдау. Осы орайда біздің балабақшада жоғарыда атап өткен әдіс-тәсілдерді қолдануға бәр мүмкіндіктер жасалған және балаларды тәрбиелеу барысында бүкіл ұжым болып ата-аналармен бірігіп жұмыс жасап жатырмыз.

Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. Рухани-адамгершілік тәрбиесін де алдымен баланы тек жақсылыққа- қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / – 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / – 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / – 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / – 2014

        
5.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы.//Қазақстан мұғалімі, 1995, 27 қыркүйек., № 16.

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

  Бейсебаева Гүлнар  Сериковна 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы                                                                                                                                                                                     

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға үйрету.

Міндеттері: Бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

 Тәрбиелік: Тәртіптілікке, әсемдікке  тәрбиелеу.

Білімділік:  Берілген жұмысты дұрыс орындауға үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылықтарын дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Түрлі суреттер,үлгілер .

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, піспешелек әдісі

Үш тілділік:Бағдаршам-светафор-трафиклайт.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі Балалардың оқу қызметі
I.Мотивация Шаттық шеңбер Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң,қайырлы күн. Кәне балалар ең алдымен келген қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіңдер ме балалар. Қалдарың қалай? Шенберге тұрып сөздерді айта білді Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң,қайырлы күн.   Сәлеметсіздер ме қонақтар. Сәлеметсіз бе Гульнара Сериковна Жақсы (good) гуд
II.Ізденіс-ұйымдастыру                                                                     Ертегіні әңгімелеп беру                          Балалар бүгін біз сабақта бағдаршам туралы білетін боламыз. Диск театры арқылы ертегіні айтамыз. Қимылды ойын ойнаймыз. Балалар суретке назар аударайықшы, бұл ненің суреті? Дұрыс балалар, бағдаршамның суреті.     Балалар бағдаршам дегеніміз жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Бағдаршамның жанып тұратын үш көзі болады.Ол қызыл, сары және жасыл. Егер қызыл жарығы жанса тоқтаймыз, сары жарығы жанса дайындаламыз, ал жасыл жарығы жанса жүреміз.Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді! Балалар, кәне үш тілде айтайықшы бағдаршам – трафиклайт – светафор, қызыл – красный – рэд, сары – желтый – еллоу,жасыл – зеленый – грин     Баяғыда бір қала болыпты. Ол қалада ешқандай бағдаршам болмаған екен. Сондықтан, ол қаладағы көліктер жол ережесін білмей, үнемі бір – бірімен соқтығып қала береді екен. Бір күні бір кішкентай бала түрлі түсті қағаздармен ойнап отырады. Қызыл,сары,жасыл түсті қағаздар баланың ойына ерекше ой салады. Бала сол түстерді қолына ұстап, бағдаршам құрайды. Баланың жасаған бағдаршамы қаладағы ең ерекше бағдаршам болып қала береді.               Бағдаршамның                                           Балалар үш тілдегі сөздерді бірге айтып қайталайды.           Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.                                                  
Сергіту сәті                                                                                     Ойын                 III Қорытынды           Қалада көлік көп Қалада апат көп Сақтайтын апаттан Тек қана бағдаршам,бағдаршам!   Ал енді қазір екі топқа бөлінеміз. Қызыл белгісі бар балалар театр орталығына барады. Ал жасыл белгісі бар балалар шығармащылық орталығына барады.   Балалар үлгіге қарап бағдаршамды желімдейміз.Бір – бірімізге бөгет жасамаймыз, тазалықты сақтаймыз,қылқаламды дұрыс ұстаймыз.       Келесі топпен диск театры арқылы ертегіні сахналаймыз.       Екі топ орындарымен ауысады.   Балалар мен жасыл дөңгелекті көрсеткенде сендер бөлме ішінде бірін – бірі соқпай, қақпай машина болып гүрілдеп, әрлі , берлі қозғаласыңдар. Қызылды көрсеткенде тоқтайсыңдар. Ал сарыны көрсеткенде шапалақтайсыңдар.   Балалар біз піспешелек әдісі арқылы ертегіні әңгімелейміз.Сендерге балалар бағдаршам туралы ертегі ұнады ма? Біз сабақта балалар не істедік? Бағдаршам жайлы мәлімет алдық. Диск театры арқылы ертегіні сахналадық па? Қимылды ойын ойнадық. Ал енді балалар келген қонақтарға сау болыңдар деп айтайық. Іс қимыл әрекет арқылы балалар қайталап жасайды.                       Балаллар берілген тапсырманы орындайды.       Бағдаршамды балалар жапсыру әдісі арқылы желімдеп шығады.                   Ал екінші топ диск театры арқылы ертегіні әңгімелеп береді.                         Ойынды балалар 1 – 2 рет қайталап ойнайды.                       Ия, ұнады.     Ия, сахналадық.   Ойнадық   Сау болыңыздар.

Павлодар  қаласы 
№6  сәбилер бақшасы МҚҚК бақшасының тәрбиешісі

Байдилова Маржанкуль Жаксыбаевна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: «1- ден 10-ға дейінгі сандар»

Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі тура кері санай білуге және «қанша», «сонша», «тең» деген ұғымдарды меңгертуді мақсат еткен сабақта балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл ой белсенділігін тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс: Сұрақ –жауап, көрнекілікпен жұмыс, түсіндіру, ойын.

Көрнекілік: сандар, суреттер, қима қағазда.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: әр балаға 1-ден 10-ға дейінгі сандар, суреттер, үлестірмелі материалдар, текшелер,қарындаштар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
I.Мотивациялық қызығушылық Шаттық шеңбер: Сәлем бердік, Алтын күн, Сәлем бердік, Ашық аспан. Сәлем бердік, Жер ана, Сәлем бердік, баршаңызға! Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте? Good morning?     Балалар шаттық шеңбер  сөзін  қимылмен көрсетеді.
II.Ізденіс-ұйымдастыру                                               III.Рефлексия     Күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап. Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнді бастайық! Бүгінгі сабаққа дайынбызба? -Балалар біз бүгін математика еліне саяхат жасаймыз! -Саяхатқа қандай көлікпен  барғылырын келеді? -жақсы, балалар олай болса поезбен барайық. – Вагонға отыру үшін 1 – тапсырманы орындап алайық. Тура және кері санайық. 3 тілде кері және тура санайық? Балалар жолда жалықпау үшін «Зейінді бол» ойынын ойнайық.       Мен тапсырманы айтамын, ал сендер апайдың бағытынсыз  жауапты көрсетіп отырасыңдар. орындарына жайғасып отырады. Жолақшалармен жұмыс.  Оңға солға, астына үстіне.      2- тапсырма: 5 санының алдында қандай сан тұр? 3 санының артында қандай сан тұр 2 мен 4 санының ортасында? 8 бен 10 санының ортасында?     3- тапсырма: 6 санының көршісі, 2 санының көршісі жүгіріп орындарын жоғалтып алды.   «Жоғалған сандар»жазу. -Тамаша! –Міне 1 аялдама     4- тапсырма:  «Сұрақ-жауап» Бір жылда неше мезгіл бар?Қазір қай мезгіл?Бір жылда неше ай бар?1 аптада неше күн бар?Демалыс күндері неше күн?Апта күндерін атаңдар? Жарайсыңдар,Балалар!   Пішіндер аялдамасына келіпте қалдық.  
        пен          саламыз, бірақ         , ішінде орналасқан. ә)      саламыз,оның ішінде қосу белгісі орналасқан б)        пен         саламыз,      ,         ішінде орналасқан.  в)            4 бөлікке бөлеміз. 5- тапсырма: Пішіндерді таяқшадан құрастырайық. а) 5 таяқшадан 2       құрастыру. ә) 5 таяқшадан            және екі б) 7 таяқшадан                  екі бірдей шаршы орналастырамыз. Қолға жаттығу. Келесі аялдама. 6- тапсырма; «Сиқырлы оюлар». Ағашта 3 торғай отыр, қастарына 2 торғай ұшып келеді. Барлығы неще торғай болды?
      -балалар зер салып,тәрбиешіні назар салып тыңдайды.   -әрине!   -балалар қуанып,тамсана қарайды. – поезбен     балалар қуанады.     1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1   балалар үш тілде 1 ден 10-ға дейән санайды.  -балалар тапсырманы,тәрбиешінің бағытынсыз өздері тапсырманы шапшаң орындады. 4 саны 2 саны 3 саны 9 саны     -дәптермен жұмыс.   Балалар берілген сұрақтарға белсенді жауап береді.Балалар берілген тапсырманы  тәрбиешінің бағыты арқылы қызығушылықпен орындайды.   Балалар тапсырманы зейін қойып тыңдап, тапсырманы орындайды.         Қолға жаттығу жасайды.   Балалар ойланып барып сұрақтарға жауап береді.                         5 торғай.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі -Балалар бүгін бізге қайда бардық? Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу -қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Ендеше өздеріңнің көңіл-күйлеріңді мына жұлдызшалармен көрсете қойыңдар. Балаларға сыйлықтар үйлестіремін. – саяхатқа   Әдемі түрлі шарларды беріп тапсырмаларын орындатты. Балалар көңілді жұлдызшаларды алып көрсетеді. Балалар қуанады.

   Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:  
Саласы: Қатынас. Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, жаратылыстану
Тақырыбы: «Күз кереметтері»
Мақсаты: 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрауға үйрету. Сөздік қорларын сын есімдерімен байыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Міндеттері: Кесте бойынша күз ерекшеліктерін атау, әңгімелеу. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде айту. Күзді сипаттау.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Күз мезгілінің кестесі, мнемошаршылар, д/о: «Күз алгоритмі»,  күн мен жаңбыр атрибуты, смайликтер, аудио жазба.
Әдіс-тәсідер: Мнеможолдар, мнемокесте, модельдеу, асық әдісі, саяхат
Билингвалды компонент: Күз-осень-autumn, жаңбыр-дождь-rain
 
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалардың әрекеттері:
Мотивациялық-қозғаушылық Амандасу: -Сәлеметсіздер ме! –Здравствуйте! -Hello! Шаттық шеңбері. Таспадан жаңбырдың дыбысы естіледі. -Бұл ненің дыбысы? -Иә, жаңбыр жауға не ұстаймыз? -Дұрыс, қолшатыр. Міне, менде де қолшатыр бар, ол жай емес, өте қызықты қолшатыр. Мен оны жоғарыға көтеремін, ал сендер оның асыннан не көргендерінде айтасыңдар. -Қандай жапырақтар, түстері қандай? -Дұрыс айтасыңдар. Тағы оларды түрлі түсті, күзгі жапырақтар деп айтуға болады. -Балалар, қалай ойлайсыңдар ал бұл жапырақтарды қолшатырма кім сыйлады? -Қазір жылдың қай мезгілі? Күз өте керемет жыл мезгілі. Демек біз бүгін күз жайында әңгімелесеміз. Балалар үш тілде амандасады. Қол ұстасып шаттық шеңберін жасайды. -Жаңбырдың дыбысы.     -Қолшатыр ұстаймыз.         -Жапырақтар. -Сары, қызыл, қоңыр.       Балалардың жауабы.
Ұйымдастыру-іздестіру Д/о: «Жекеше-көпше» Шарты: Суреттер арқылы балалар заттарды (жемістер мен көкөністерді) жекеше және көпше түрде атайды. «Күз мезгілі» мнемокесте бойынша күз ерекшеліктерін ата, сөйлем құрастыру. Сергіту сәті: «Күн мен жаңбыр» ойыны. Д/о: «Күз алгоритмі» Ойынға қызығушылықпен қатысады. Мнемокесте бойынша әңгімелейді.   Сергіту сәтіне белсене қатысады.   Қызығушылықпен орындайды.
Рефлексивті-түзетушілік «Асық әдісі» арқылы алған білімдерін бекіту. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.   Смайликтер арқылы бағалау. Егер барлығын ұғынып алса, көңілді смайлик, ал егер дұрыс ұғынбай қалса көңілсіз смайлик алуды ұсынады. Асықта түскен сурет бойынша жауап беріп, қорытындылайды. Балалар смайликтер арқылы алған білімдерін білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Күз мезгілі жайында жалпы түсініктері бар;

Игеру: Сөйлем құрауды игерді;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі

ӘОЖ 376.32

КӨРУІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІГІ

Рымбекова Айымгуль Муктаровна

(Павлодар қаласының “№6 сәбилер бақшасының” логопеді)

         Көз өмір айнасы. Көз арқылы жер бетіндегі барлық адам баласы қоршаған орта туралы көптеген мәлімет алады. Адам көру қабілеті арқылы заттардың түсі,көлемі, пішіні туралы түсінікті,олардың өзара орналасуын біледі, әрі 80% ақпаратты алады.

         Көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау,өзінің қозғалыс аймағын кеңейту,әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет. Көру адамдардың қызмет түрінің әр түрлі болуына байланысты басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуында да маңызды рөл атқарады.    Көру мүмкіндігі шектелген жандарға осындай өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін терең біліп қызмет ету үшін жолдарын айқындап, көру қабілетінің бұзылу себептерін, психикалық және педагогикалық ауытқуларын анықтау,оларды толықтыру ,кемістігі бар сезім мүшелерін түзету және қалпына келтіру жолдарын анықтап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына көмектеседі [1].

         Психологияда зейін адамның психикалық әрекетінің шоғырлануы және бағыты ретінде анықталған. Зейіннің өзіндік жеке мазмұны жоқ және ол адамның іс-әрекетінің белсенділігімен байланысты. Көрудің бұзылуында белсенділіктің төмендеуі байқалады, себебі, көру анализаторлары арқылы қабылдау мүмкін емес. Балада көру арқылы әсерлердің болмауы сыртқы әрекет стимулдарының деңгейін төмендетеді, бұл сыртқы ортамен байланысын бәсеңдетеді.

         Зейін – арнайы бір уақытта, қандай да бір объектіге баланың іс-әрекетінің шоғырлану процесі. Егерде зейін сыртқы ортадағы объектіге шоғырланса, онда оны сыртқы зейін деп атайды, ал егерде субъективті әлемдегі обьектілерге бейнелеп, талқылап шоғырланса, онда оны ішкі зейін деп атайды [2].

         Барлық зейінді атап өтсек, белсендісі ретінде (ырықты және ырықсыз), бағыттылқ (ішкі және сыртқы), оның кеңдігі (көлемі, таралуы), ауысуы (қиын, оңай), қарқынды, шоғырланған (жоғары, төмен), тұрақтылығы (тұрақты немесе тұрақсыз) көрудің бұзылуынан өзгеріске ұшырайды, бірақ  жоғары дамуларға қабілетті, қалыпты адамдардың даму деңгейіне жете алады, кейде тіпті лоардан асып түседі.

         Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсихологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен. Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға  деген енжарлықты байқатады [3].

         Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.

          Баланың зейіні қалыпты көру жағдайда қандай болмасын іс-әрекет түрінде болмысын-байқау, тыңдау, ойлану- ым-ишараны білдіру, үлкендердің ым-ишарасына еліктеу арқылы арнайы ойын рөлін ойнайды.

         Соқыр балаларда  көру арқылы әсем қимыл-қозғалыстар, бет әлпеттің, ым-ишарасын қабылдау мүмкін емес. Сол себептенде оларда еліктеуге деген мұқтаждық жоқ. Сонымен қатар  соқыр балаларда қозғалыс аймағы бір қатар спецификалық ерекшеліктері бар. Оларда қозғалыс шектеулі, жеке қозғалыстар өте жоғарғы абайлықпен, әлсіздікпен, ақырын ғана жәй жүзеге асады. Дене құрлысы біршама бүгінкі, сенімсіз тқозғалыстармен әрең жүреді. Соқыр адамдарда сонымен қатар моторлы қозғалыс жеткіліксіз  [4].

         Соқыр адамдарда зейінді аударуға арналған бет-әлпет қозғалыстары: қабақты түйю, маңдайды жиыру, қас-қабақ, арнайы бір позада тұру, обьектке бұрылу және т.б. оларда жоқ немесе өте әлсіз байқалады.

         Зейін, жеке психикалық процесс емес, ішкі қабылдау, есте сақтау, ойлау және басқа да процестердің сана-сезім бір обьектке бағытталатынына байланысты. Зейіннің таңдамалы бағыты ерекше құндылыққа ие зейіннің қандай да, бір обьектке бағытталуы оның түрленуіне әкеп соғады. Осылайша қабылдау бақылауға айналады, кездейсоқ ой ағымы-ойлануға, бейнелер мен ойды ырықсыз қайта жаңғырту-еске түсіру процесімен алмасады және т.б. Осылайша психикалық әрекетке зейіннің таңдамалылық бағытын береді. Л.С. Рубенштейн айтуынша әсерлерді, ойларды әрекетті қабылдаудың психикалық сенсибилизациясы тиімділік береді деген.      

         Соқыр балаларда зейінділіктің өте төмен деңгейі байқалады. Сонымен қатар сытқы қоздырғыштардың төмендігі соқыр балалардың есту зейінділігі шаршағыш келеді. Зейіннің нәтижелі дамуы үшін соқырларда анық рельефті қабылдауының көп жақты қасиеттерін және нышандарының сигналдары бірінші орынға шығады.

         Көру кемістігі бар балалар танымдық және еңбек әрекетіндегі қиыншылықтарын сезінеді. Осының арқасында зейін кейбір операцияларға зейінділік артады. Сол себептен де зейін әр іс-әрекетке деген бақылауы артады. Көруінде кемістігі бар балаларда зейіннің рөлінің жоғарлауы тек адам іс-әрекетті жоғары белсенділігімен орындаса ғана. Тек осындай жағдайда қабілет ырықты түрде сана сезімге бағытталуы толық және жартылай соқырлықта адекватты бейнеленуш мүмкіндік береді [5]. 

         Соқырлардың зейінінің ерекшелігі байқап, тыңдап, ойланып және есте түсіру арқылы адам зейін жағдайын бет, дене қимыл арқылы ым-ишара, дене қозғалысы арқылы береді. Көрікті қимыл-қозғалыстар көру арқылы қабылдаумен және еліктеу іс-әрекеті арқылы бала  үлкендердің қаншалықты қабылдағанына байланысты. Балада көрудің бұзылуында үлкендердің іс-қимылын көру арқылы қабылдауы қиындай түседі. Сол себептен де үлкендердің іс-әрекетіне еліктеу мүмкін емес болады.  Қимыл-қозғалыс еліктеуден пайда болатынын мына жағдайлар арқылы байқауға болады. Соқыр балалардың ым-ишараға, қимыл-қозғалыстарға кедей болуынан байқалады [3].

         Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсихологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен. Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.

         Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады., сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.

         К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус, Ф. Цех атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімтал аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көруі қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген. Мұндай психикалық қызметтер жағдайлар ырықты зейінмен оның жоғарғы түрімен байланысты.

         Тифлопсихологияда соқыр балалардың ым-ишараға үйретулер нәтижесіз аяқталған жағдайлары көп кездеседі. Бірақ соқыр балалардың зейінінің шоғырлануы; мысалы: сөйлеп тұрған адам жаққа қарау соқыр бала үшін оңай игеретінпроцесс және оқыту мен тәрбиелеу процесінде қалыптаса түсуі керек [6].

         Зейін бір қатар қасиеттермен (көлем, шоғырлану, тұрақтылық, ауытқушылық және т.б.) зейіннің кейбір қасиеттерінің дамуы соқыр балаларда ерекше, Мысалы,  қабылдаудың қиыншылығы зейін көлеміне, зейіннің ауысуына және тұрақтылығына кері әсер етеді. Қабылдаудың бәсендеуі  қабылдаудың түрлілігіне, әрекетіне және зейіннің тұрақтылығына; жылдамдығына, ауысуына соқыр адамдар кеңістікті бағдарлай алу зейіннің жақсы таралуын қажет етеді. Бұл заңдылық қалыпты көретін балалар үшін, ал соқырларға бұл зиян шынында да көру сезгіш мүшелерінің төмендеуі тек басқа қалған рецепторлардың қозуы арқылы орнын толықтыруға болады, тек бір ғана рецептірлердің жұмыс істеуі кеңістікті бағдарлаудың дәлдігін төмендетеді [2].

          Қорыта келгенде соқырлық зейіннің дамуына спецификалық өзгерістер әкеледі. Бірақ соқыр балалардың зейіні де кәдімгі қалыптағы баланың зейіні сияқты заңдылықпен дамиды.

         Бұл дегеніміз зейін ешқандай арнайы психикалық процестерін және қандай бір сезім мүшелерінің қызметімен байланысты болмаса да адам бойындағы эмоционалды, ерік жігерлі интеллектуалды қасиеттердің қызметіне, адамның белсенділігіне байланысты міне осындай себептермен зейінді қабылдау және зейіннің қалыптасуы жеке тұлға қасиеттерінің негізі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Выготский Л. С. Балалардың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер . А: 2006.

2.Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы: Білім.- 2004.-512б

3.Аскоченская Т.Ю., Бонн И А., Матюгин И.Ю. Как развивать внимание. – Донецк, 2005. – 164 с.

4.Лубовский В.И. Специальная психология.-2-е изд.,-С испр.-М.: Академия, 2005.- 464 с.

5. Назарова Н.М. Сепециальная педагогика.-М:Просвещение.-2008 .224с

6. Тебенова Қ.С.,Рымханова А.Р.Арнайы психология.-Алматы:Дәуір.-2011.-264б