AutoCAD графикалық бағдарламасыда сызба нұсқасын құру


Мауленова Жибек Жанабаевна

М.Өтебаев атындағы  ЖЖТК оқытушы магистр

Пәні: Компьютерлік графика

Тобы: КР-05-18у

Өтілетін күні: 04.11.20ж. 

Сабақтың тақырыбы: AutoCAD графикалық бағдарламасыда сызба  нұсқасын құру.

Оқыту жүйесі мен формасы: Сынып сабақ жүйесі

Сабақтың түрі:  тәжірибелік

Сабақтың  тақырыбы: AutoCAD графикалық бағдарламасыда сызба  нұсқасын құру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімдік: Студенттерді Auto CAD графикалық бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстыру, кесінділерді, координат нүктелерін  енгізу тәсілдерін  үйрету.

Тәрбиелік: Студенттерді шапшандылыққа, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, заман талабына сай ілесуге, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Студенттердің сабақта пайдаланатын әр түрлі тапсырмалар арқылы ойын қалыптастыру. Студенттердің белсенділіктерін арттыру, іздендіру, тақырыпты меңгеруін қадағалап, тәжірибиелік жұмыстар  арқылы өз бетінше жұмыс жасай білуін жетілдіру.

Сабақтың пәнаралық  байланысы:  орыс тілі ,  ағылшын тілі , геометрия

Сабақтың өту әдісі: Практикалық әдіс ДК

Сабақтың әдістемелік қамтамасыз етілуі: компьютер, презентация, тапсырмалар

Әдебиеттер

    Негізгі әдебиеттер:

Федеренко А., К. Басов AutoCad 2000 Практический  курс Москва  -2000 Қосымша әдебиеттер:

  1. Журнал «Информатика негіздері».
  2. Интернет желісі

Сабақтың мазмұны мен өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен амандасу, тексеру, сабақтың барысымен таныстыру

II. Сабақтың жоспарын мен мақсаттарын хабарлау.

(Өткен тақырыпты қайталау  үшін сұрақтарға жауап беру, тақтада бірнеше сұрақтар жасырылған)

  1. Компьютерлік графика деген не?
  2. Растрлық графика  деген не?
  3. Векторлық графика деген не?
  4. Фрактальды графика деген не?
Описание: компьютер
  •  Құралдың қызметі қандай?
  •  Бағдарламасы не үшін  қолданылады қандай қызметтер атқарады?
  • Математикалық есептеулер жолымен бейнелерді автоматты түрде түрлендіруге арналған графика ?
  • Координаттар дегеніміз не?
  • Қай бағдарламада орналасқан құралдар?
  • Сызбаның өлшем бірліктері  деген не?
  • AutoCad бағдарламасында  форма деген не?

III. Негізгі білімнің өзектілігі, оқу әрекетін дамыту:

AutoCAD графикалық бағдарламасыда сызба  нұсқасын құру жолдарын үйрену.

IY.Компьютерде (немесе тақтада) ситуациалық және практикалық тапсырмаларды көрсете отырып шешу

Сызық сызу үшін

Полилиния құралын таңдаймыз.

Сызықты түзу етіп сызу үшін Режим Орто қосамыз

Қажетті сызбаны сызып болған соң Enter пернесін басамыз.

                                                              Шеңбер сызу үшін

Шеңбер құралын таңдаңыз

Шеңбер ортасын береміз

Шеңбердің радиусын немесе диаметрін береміз.

ENTER  пернесін шертеміз.

Сопряжение  жасау үшін

Құралдар панелінен  Сопряжение табу керек

Сызбаға әкеліп  оң кнопкасын басу керек.

Радиус командасын  таңдап қажетті радиусты санмен жазу керек

Қиылысатын сызықтарды бірінен кейін бірін басу қажет.

                                                                 Өлшем беру

Қажет сыбаны сызып аламыз

Y. Студенттердің практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындау жұмыстары 

YI. Түсініктеме бере отырып бағалау

Студенттердің тәжірибелік сабақта орындаған тапсырмаларын орындауларына қарап бағалау.

YII. Сабақты қорытындылау

 Сабақты қортындылау мақсатында тақырып бойынша студенттердің сұрақтарына жауап беру,тақырыпты түйіндеу.

YIII. Үйге тапсырма беру.

Федеренко А., К. Басов AutoCad 2000 Практический  курс Москва  -2000

AutoCAD графикалық сызба  нұсқасын құру.

Ә3 11-14