«Сызба геометриясы» пәнін оқытудың инновациялық әдістері


Кабылова Айнагул Рамазановна

Ақтау гуманитарлық техникалық университеті т.ғ.к., доцент

«СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯСЫ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Кабылова А.Р., т.ғ.к., доцент

Инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Бүгіннің өзінде инновациялық технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. 

Сызба геометрияда мультимедиялық технологияларды пайдалану негізінде жүргізілетін оқыту әдісі оқытудың теориясы мен технологиясын бір-бірімен байланыстырып оқытуды қажет етеді.

   Мәселен, сызу сабағында  және бізді қоршаған ортада цилиндрдің көптеген түрлері кездеседі.  Аталған цилиндрді  ойша бір жазықтықпен қию тәсілін қарастырайық.                                           

   Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны, яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін атайды.

 1. Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады (1-сурет). Мұндай қималар осьтік қималар деп аталады.

Осьтік қиманың қабырғалары табандарының диаметрлерінен және екі жасаушыдан тұрады.

1-суреттегі АА1В1В және CC1D1D қималары осьтік қималар. Егер цилиндрдің осьтік қимасы квадрат болса, ондай цилиндр тең қабырғалы деп аталады.

Описание: http://www.rusnauka.com/42_PRNT_2015/Pedagogica/2_202736.doc.files/image011.jpg

1 сурет Цилиндрдің жазықтықпен осьтік қимасы

2. Қиманы цилиндрдің осіне параллель жүргізуге болады (2-сурет). Суретте ММ1КК1  қимасы ООосіне параллель өтіп тұр. Бұл қима цилиндр мен екі жасаушы арқылы өтетін жазықтықтың қиылысуынан алынып тұр.

Описание: http://www.rusnauka.com/42_PRNT_2015/Pedagogica/2_202736.doc.files/image013.jpg

2 сурет Цилиндрдің осіне параллель жүргізілген қима

Дербес жағдайда осьтік қима қабырғалары цилиндрдің биіктігіне және табанының диаметріне тең тіктөртбұрыш болады (3-сурет).

Описание: http://www.rusnauka.com/42_PRNT_2015/Pedagogica/2_202736.doc.files/image015.jpg

3 сурет Цилиндрдің жазықтықпен осьтік қимасы

3. Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға да болады (4-сурет).

Описание: http://www.rusnauka.com/42_PRNT_2015/Pedagogica/2_202736.doc.files/image017.gif

4 сурет Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиғандағы қимасы

4. Егер цилиндрдің бүйір бетін оның табандарын қимайтын және цилиндр осіне перпендикуляр емес (β) жазықтықпен қисақ, онда қимада эллипс аламыз (5-сурет). Су құйылған стақанды еңкейткенде, су бетінің қабылдайтын эллипс пішіні қарастырылып отырған қимаға көрнекті мысал болады.

Описание: http://www.rusnauka.com/42_PRNT_2015/Pedagogica/2_202736.doc.files/image019.jpg

5 сурет Цилиндрдің бүйір бетін оның табандарын қимайтын және цилиндр осіне перпендикуляр емес (β) жазықтықпен қиғандағы қимасы

5. Цилиндрдің АВ жасаушысы арқылы өтетін және онымен басқа ортақ нүктелері жоқ γ жазықтық цилиндрге жанама жазықтық (6-сурет) деп аталады. Ол цилиндрдің сол жасаушы арқылы өтетін АВСD осьтік қимасына перпендикуляр.

Описание: http://www.rusnauka.com/42_PRNT_2015/Pedagogica/2_202736.doc.files/image021.jpg

6 сурет Цилиндрге жанама жазықтық

Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Интерактивті тақта – сызу пәнін оқыту үшін таптырмайтын құрал. Білім деңгейін көтеру және онда интерактивті ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, кез-келген оқытушының  басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, инновациялық әдістерді қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында инновациялық  технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Құсайынова Л. Жаңа сабақ технологиясы.Қазақстан мектебі, 2003 жыл №3

2. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі. Алматы // 2016.  -75б.

3.  Қ. Жұбаев Геометрия пәнін оқыту әдістемесі: оқу құралы Алматы Республикалық баспа кабинеті, 2015ж., 185б