Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық технологияларды қолдану


Рахметова Зауре  Мусилимовна

Арқалық қаласы әкімдігі  білім бөлімінің жалпы білім беретін  №8 негізгі  мектебінің  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Білім алушылардың  ерекшелігіне қарай әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім алушылардың бойына негізгі дағдыны қалыптастыру арқылы өз бетінше білім алуға жетелеу –  ең басты мәселе. Қазіргі таңда бағдарламаны  жақсы, терең меңгерген, күнделікті сабақтағы мақсатқа сай іс-әрекет таңдап, ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарын еркін меңгерген, білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыни тұрғыда дарындылығын дамытуда іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну, тиімді кері байланыс ұйымдастыру-бүгінгі күннің талабы. Осы орайда жаңа форматтағы ұстаз ретінде сабағымда оқытудың жаңаша әдістерін кеңінен қолданамын. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру, сонымен бірге оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сыни тұрғыдан ойлануға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе жасауға, АКТ-ны қолдануға, коммуникативті қарым-қатынасқа түсуге, қажетті тиімді оқу және оқыту әдіс-тәсілдерін үйретеді. Мысалы, информатика сабағы барысында өзімнің тәжірибемде «Джигсо» әдісінің тиімділігі зор. Бұл әдіс  ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға,тақырыпты ортаға салып талқылауға,  түйінді ойды саралауға жетелейді.Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда  төрт адамдық шағын топтарға бөлініп, 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп,  сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады, басқа топтарға барып, топтық талқылау жүргізеді. Сонымен қатар,«Бес саусақ» және  «Фишбоун» әдістері  сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Ойымды  түйіндей келе, жаңартылған білім шеңберіндегі әдістер білім алушылардың шығармашылығын шыңдап, коммуникативті оқыту ұстанымына негізделіп жасалады дегім келеді.