Қыстайтын құстар


Кадирова Гульнази Алимхановна

«Асыл бөбек арнайы» балабақшасы» тәрбиешісі

                    МКҚК

                                  «Асыл бөбек арнайы»балабақшасы»

                                                           Танымдық-шығармашылық  іздену қызметі

                                                                                          бірлестік жоба

                                                                      Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»

                                                                                                                                       Құрастырған:Г.А .Кадирова

                                                                                                                                       I- санатты тәрбиеші

                                                                                  Ақсу қаласы

Мақсаты:  Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін молайту.                  

Білімділік:Балалардың сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамыту: Тақпақтар,тыйым сөздер айтқыза  отырып тілдерін дамыту.                                                                                                                           

Тәрбиелік:Балаларды адамгершілікке,табиғатты сүюге,табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:қыстайтын құстар,құстар бетперделері,қыс мезгілінің суреті,құстардың дауысы жазылған бейнетаспа,құстарға арналған ұя немесе құстарға жем салатын астау, интерактивтивті тақта,плакат,слайд.

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап, ,жұмбақ шешу,тиым сөздер,құстардың    суреттері.

                                       Алдын-ала жұмыс

Балалармен жұмыс: 

1.Балбөбек тобы.Құрастыру.Геометирялық пішіндерді қолдану.

  Тақырыбы: «Құстарға арналған үйшік»

2.Жұлдызша тобы.Сурет салу.Дәстүрден тыс.

  Тақырыбы: «Құстарға арналған жидек»

3.Күншуақ тобы.Мүсіндеу.Тақырыбы: «Шымшық »

4. Ақбота тобы.Аппликация.Тақырыбы: «Қыстап қалған құстар» 

                                  Ата-аналармен жұмыс.

 1.Балбөбек тобы. Іздену-зерттеу қызметі

  Тақырыбы: «Көгершін құсын тамақтану кезінде бақылау»

2.Жұлдызша тобы. Іздену-зерттеу қызметі

  Тақырыбы: « Менің ормандағы қарғаларды бақылау кезім»

 3.Күншуақ тобы. Іздену-зерттеу қызметі

   Тақырыбы: Жылжымалы папка.

«Құстардың қыс және жаз мезгіліндегі тамақтану  ұқсастығы , айырмашылығы»

4. Ақбота тобы.Альбом.

   Тақырыбы:«Құстардың іздерін бақылау»

5. Талапкер тобы. Плакат.

    Тақырыбы:«Қыстайтын құстар»  

Описание: C:\Users\Консбай\Desktop\Screenshot_20200614-162620.jpg

Мотивациялық қозғаушы күш

Педагог балаларды әуенмен залға бір қатармен кіргізіп,шеңбер құрады.

-Балалар айналаға қараңдаршы,залымыз бүгін ерекше безендірілген-деп назарларын аударып,көңіл-күйлерін көтереді.

            Табиғатым тамаша,

            Көз тоймайды қараса

            Табиғатты аялап,

            Жүрейікші жараса.

– Балалар қараңдаршы,бізге көптеген қонақтар келген екен,қане келген қонақтарға     қарап, амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме,апайлар!

 Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Педагог: Қыс туралы жұмбақ жасырады.

                Аяз қысып,өрнек сызып.

                Терезені торлайды.

                 Қарға омбығып,бет домбығып,

                Сырғанап балалар ойнайды

  – Бұл қай кезде болады? (қыста)

 – Дұрыс оны қайдан білдіңдер?(күн суытты,қар түсті,ағашта  жапырақтар жоқ,өзен үсті мұз т.б)

 -Ал енді,көзді жұмып ормандағы қыс мезгілінің әннің тыңдайық.(әуен ойналады,тек  құстардың дауысы шықпайды)

  – Балалар,неге орманда құстар дауысы естілмейді?

    (құстарға суық,көп құстар жылы жаққа ұшып кетті т.б.)

-Ия,қыс мезгілінде құстарға суық және тамақ табу қиынға түседі,сондықтан кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

– Ал бізбен қандай құстар қыстап қалады? (торғай,шымшық,көгершін,қарға,сауысқан)

 Дұрыс атадық па,қазір қарайық. Құстар бейнелері.Слайд.

-Балалар,құстардың бір –бірлерінен қандай айырмашылығы бар? (әртүрлі дауыс шығарады)

   Д/о: «Дауысын тыңдап, таны»

   Мақсаты:Құстардың дауыстарын мұқият тыңдап,айыра білу.

-Құстардың ортақ қасиеті қандай? (қанаты бар,ұшады,тұмсығы бар,шоқиды)

-Құстардың пайдасы қандай?(олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды)

                     Тақпақтар

-Енді бәріміз қысқы орманда серуендейік.Бастарына құстардың бетпердесін киіп,  құстарға айналайық.

                         Сергіту сәті:

       Шымшық боп ұшайық,

       Торғай боп қонайық.

       Сауысқан боп секіріп

       Тоқылдақ боп шоқиық

       Қане қанат жазайық

       Ұшып-ұшып алайық

       Орнымызға қонайық.

-Балалар,біреу есік қаққан сияқты.Кім екен? (Торғай өзінің балапандарымен кіреді)

1.Балбөбек тобы.

 -Сәлеметсіздерме балалар!Мен торғаймын .Ал мынау менің балапандарым,сендерде   мереке болып жатқаның естіп,қонаққа келуді ұйғардық.

-Сәлеметсіңбе,торғай ,төрге шық қонақ бол.Біздің балалар сен туралы көп нәрсе біледі.

Презентация .Жұлдызша тобы.Тақырыбы: «Біздің ауладағы торғай»

Описание: C:\Users\Консбай\Desktop\Screenshot_20200614-160011.jpg

   Қозғалмалы ойын: «Мысық пен торғайлар»  (барлық балалар ойнайды)

2. Талапкер тобы.

Балалар,тағыда қонақтар келе жатқан сияқты.Кім екен? 

(Әуен ойналып,Көгершін өзінің балапандарымен кіреді.Сәлеметсіздерме балалар!Мен Көгершінмін .Ал мынау менің балапандарым,біз мереке болып жатқаның естіп,қонаққа келуді ұйғардық.

Описание: C:\Users\Консбай\Desktop\Screenshot_20200614-162734.jpg

 – Сәлеметсіңбе,Көгершін ,төрге шық қонақ бол.

 – Балалар Көгершін ол бейбітшілік құсы болып келеді.                           

– Қазір «Құмырсқа мен  Көгершін» атты ертегіні қызықтаймыз пантомима (яғни сөзсіз ыммен) арқылы көрсетіледі.Көрдіңдерме балалар,екеуі бір-біріне көмек көрсетіп,осындай ауыр сәтте  қиындықты бірге жеңіп шықты.Ендеше сендер де,балалар,бір-бірлеріне мейрімді,қайырымды болып өсулерің керек.

Описание: C:\Users\Консбай\Desktop\Screenshot_20200614-162737.jpg

3. Күншуақ тобы.

    -Балалар,тағыда қонақтар келе жатқан сияқты.Кім екен?

     (Әже немересімен кіреді)

     Тиым сөздер.( Әженің ақылын тыңдаймыз.)

     Слайд бойынша жұмыс.

Описание: C:\Users\Консбай\Desktop\Screenshot_20200614-162910.jpg

1.Құсты атпа,өлтіруге болмайды

2.Құстың ұясын бұзба!

3.Құстың жұмыртқасын жарма!

-Ал, енді балалар,біз құстар жайында топта,ата-аналармен бірігіп зерттеу жұмыстарын өткіздік,қазір соңы мына интерактивтік тақтадан тамашалайық. Көрдіңдерме ,балалар біз қыстайтын құстар туралы көптеген ақпарат жинадық. Көріскенше күн жақсы,сау-саламат болайық!