Сборник «Подвижные игры для дошкольников»


Мукашева Айнаш Шамгуновна

инструктор по физической культуре КГКП « Детский сад-ясли №8 «Мирас» акимата г.Усть-Каменогорск

Өскемен қаласы әкімдігінің«№8  «Мирас»  балабақша-бөбекжайы КМҚК

КГКП «Детский сад – ясли №8 «Мирас» акимата г. Усть – Каменогорска»

“Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған

дене тәрбиесі әдістемесінен ойындар жинағы”.

                     Дайындаған:

                                                                                      Дене тәрбиесі жетекшісі:  А.Ш.Мукашева

                                          Өскемен, 2020 жыл

Мазмұны:

“Қимылды ойындар”.

I-сәбилер тобы…………………………………………………………………………………3-11

II-сәбилер тобы………………………………………………………………………………12-20

Естияр топ……………………………………………………………………………………20-22

Ересектер тобы…………………………………………………………………………….22-25

Мектепке даярлық тобы……………………………………………………………….26-36

Ұлттық ойындар.

II-сәбилер тобы……………………………………………………………………………..36-37

Естияр топ……………………………………………………………………………………37-39

Ересектер тобы……………………………………………………………………………39-41

Қимылды ойындар.

I-сәбилер тобы.

                                          “Қуыршақтарға қонаққа”


           Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.

                                        “Қоңырау қайдан естіледі?”


          Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», – дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.

                                       “Жолмен (жалғыз аяқ жолмен)”


       Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.

                                         “Кішкене өзен арқылы”                                          

       Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», – дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», – деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

                                                      “Поезд”


           Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», – дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан олға аттанады.

                                                     “Жел көбік”

         Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады. Көпіре гөр көбік-шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.Осы күйі қал тұрып,Кете көрме жарылып. Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», – дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.                  

“ Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту)”

Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.


                                             “Күн мен жаңбыр”

Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», – дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», – дейді, ойын қайта басталады.


                                     “Күн шұғыласы (сәулесі)”

Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:Қабырғаға елбеңдеп,Ойнайды сәуле құбылып.Ымдасаң болды «кел» деп,Жетеді демде жүгіріп.Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.

                                         “Мені қуып жетіңдер”

Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», – дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді. Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы да: «Мені қуып жетіңдер», – дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан кейін ойын қайта басталады.Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.

                                      “Маған қарай жүгіріңдер”

Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарда немесе алаңды жағалай отырады. Тәрбиеші бөлменің қарсы бұрышына немесе алаңның ең алыс бұрышына барып: «Маған қарай жүгіріңдер», – дейді. Балалар оған қарсы жүгіреді. Тәрбиеші оларды қолын жайып, ишаратпен қарсы алады. Балалардың бәрі келіп, тәрбиешінің қасына жиналып болғаннан кейін, ол серуендеуді ұсынады. Балалар өздері жүргісі келген жерде емін-еркін тәрбиешімен бірге бөлме ішінде жүреді. Тәрбиеші бұдан кейін: «Үйге қарай жүгіріңдер» – дейді. Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады. Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі (үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына болады).

                                     “Мысық пен тышқандар”

Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада, жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі. Қырынан қойылған гимнастикалық сатының, рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.Тәрбиеші былай дейді:Тышқанға сақшы санап өзін мысық,Жатады ұйықтағансып көзін қысып.Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.Ұйқыға жатқан мысықты оятып алып жүрмеңдер, – дейді.Бұл – мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады, керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан тышқандарды ұстай бастайды. Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады.

                                             “Үрпек төбет”

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған қолымен аяғына қояды.Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.Ояталық жақындап барайық та,Қайтер екен содан соң – қарайық та.Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.Ойын азғана балалар тобымен жүргізіледі. Негізгі қимыл – секіру.

  “Сұр қоян жуынып жатыр”

Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:Бармақ боп тойға сұр көжек,Жуынып жатыр бүгжеңдеп:Тұмсығын жуды,Құйрығын жуды,Құлағын жуды – түртінді,Құп-құрғақ боп сүртінді.Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.Негізгі қимыл – лақтыру (лақтыру, ұстау).

“Отырған мынау ақ қоян”

Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленді. Әр бала өз орнына тұрады. Тәрбиешінің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.Балалар тәрбиешімен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.

1. Отыр аппақ, бір қоян.Неткен сап-сақ бұл қоян.Құлақтары делеңдеп, Әр дыбысқа елеңдеп.Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп білезіктерінен бастап қимылдатады.

2. Қоян, жаурап суықтаОтырсың не күзетіп?Аяқтарын сіресіп,Табаныңнан сыз өтіп.Оданда ырғып, ырғып ал,Аяқтарын жылынар. Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.

3. Тұра, тұра суықта,Қоян жаурап, торықты.Алайын деп жылынып,Әрлі-берлі жорытты. Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның аяғына дейін бір орында тұрып, екі аяқтап секіреді.

4. Секең-секең, секең-секең,Секіріп жылынады қоян-екең.Үркітті де бір ноян,Зытып берді сұр қоян. Тәрбиеші алақанын шапалақтайды, балалар өз үйіне тарайды.Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.Ойын басталғанға дейін тәрбиеші балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызуға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.                                  

                                         “Шарларды домалату”

Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады. Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады. Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады.
                                                      “Доп”

Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады:Секең, секең секеңдеп,Қайда зырлап кетпес доп.Төмен, төмен, төмендеп,Жерге жетер-жетпес боп.Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады. Тәрбиеші әрқайсысымен кезекпен ойнайды.

“Допты ұста”

Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» – дейді. Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

                                              “Доп шеңберде”

Балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.                                       

“Допты қақпаға түсіру”

Тәрбиеші балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, тәрбиеші оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады. Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға тәрбиеші енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.                             

“Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде)”


Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.
Ойын қайтадан басталады.
Ойында бір мезгілде 8 -10 бала қатысады.
Негізгі қимыл – өрмелеу, еңбектеу.

                                              “Бақшадағы тауықтар”


Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады
Ол – бау-бақша. Одан қашық емес жерге орындық қойылады, бұл күзетшінің күркесі.Күзетшінің ролін алғашқыда тәрбиеші орындайды, ал кейін тәрбиешінің белгілеуімен белсенді балалар атқарады. Қалған балалар тауықтар.Күзетші орындыққа отырған бойда тауықтар бақшаға түседі, қорғанның астынан өтіп, бақшада жүреді, жерді шұқиды, қытқылайды.Күзетші тауықтарды байқап оларды бақшадан қуа бастайды – алақанын шапалақтайды, «Қыш –қыш» деп дауыстайды.Тауықтар қашып кетеді .Қорықшы бақшаны бір айналып шығады да қайтадан отырады.Ойын қайта басталады.Одан кейін басқа күзетші тағайындалады. Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады.

  “Сылдырауықты сылдырат (сылдырауыққа дейін еңбектеп жет)”


Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.
Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.


                                               “Маймылдар”


Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал пайдаланады.
Тәрбиеші бүгін балалар маймылдарша өрмелеуге үйренетінін айтады да екі-үш балаға сатының қарсы алдында тұруды, сөйтіп, бірнеше баспалдаққа көтерілуді ұсынады. Балалар 5-6 баспалдақ көтерілгенде тәрбиеші: «Міне, көрдіңдер ме, маймылдар қалай ағашқа өрмелеп кетті! Ал енді қайтадан төмен түсіңдер», – дейді.
Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.
Әр түрлі қимылды ойындар.


                                             “Дөңгелекті ұста”


Тәрбиеші балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.
4-6 баладан топ жиналған кезде тәрбиеші дөңгелекті көтеріп, балалардың басынан жоғары айналдырып әкеледі де: «Ұста», «ұста», – дейді. Балалар дөңгелекке тырмысады. Дөңгелекке жетуге онша құмартпай тұрған балаларға тәрбиеші дөңгелекті, олардың қолы тиюіне мүмкіндік беріп, таяқты сөл төмендетеді де, балалардың белсенділігін арттыру үшін, қайтадан тез көтере қояды.
Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін тәрбиеші кімнің қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді. Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады. Тәрбиеші дөңгелекті машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды – бөлмеде жүгіруді ұсынады.

                                     “Кішкентай және үлкен аяқтар”


Балалар орындыққа жартылай дөңгелене отырады. Тәрбиеші оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Тәрбиеші көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «тымпыл, тымпыл, тымпыл!» – дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін тәрбиеші қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда тымпыл-тымпыл жүріп бара жатыр».
Тәрбиеші алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.

                                 “Күнім, күнім … (Сәулем, сәулем…)”


Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.
О, алтын күн, алтын күн,
Әйнектен қара, жарқын күн!
Балаларың жылауда,
Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).
Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.


                                          “Саңырауқұлақтар”


Ойын үшін балаларға тесіктері бар кішкентай стол мен түрлі түсті саңырауқұлақтар береді. Ойынның басында тәрбиешіні балаларға саңырауқұлақтарды столдың тесігіне қалай тығуды көрсетеді. Балалар мұны жақсы меңгергеннен кейін тәрбиеші балалардың назарын саңырауқұлақтардың түр-түсіне аударады да тапсырманы қиындатады: саңырауқұлақтарды сол түспен дөңгелектеліп көрсетілген тесіктерге тығу керек дейді.

Ойынның варианты:
Ойын үшін балаларға үсті төртке бөлініп, негізгі төрт бояумен боялған кішкентай стол беріледі. Мұндай жағдайда балалар саңырауқұлақтарды столдың тиісті түсі бар жағында орналасқан тесікке тығуы керек.
Балалар бір-біріне үйреніп, бірге ойнауға дағдыланған кезде екіден төрт адамға дейін біріктіруге болады. Тәрбиеші бұл ойынға балалардың майда бұлшық еттері мен саусақтарының қимылдарын жетілдіру мақсатымен, бірте-бірте балаларды тартады. Барлық балалар ойынның ережесін әбден игергеннен кейін, оны емін-еркін пайдалануға береді.

                                          “Мұнара жасайық”


Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға тәрбиеші бір мезгілде 5-6 баланы қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.
Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке (стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін үйренгенде тәрбиеші олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны қалай жасау керек екенін көрсетеді.
Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде тізбектеледі.

                                                 “Моншақ”


Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан, пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.


                                                “Қазық қақ”


Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді.
Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.

                                          II- ші сәбилер тобы.


                             Негізгі қимылдар – жүру мен жүгіру.


                                               “Жалаушаны тап”


Балалар (6-8 адам) орындықтарда немесе көгалда отырады. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар көзін жұмады, осы кезде тәрбиеші жалаушаларды (балалардың санына қарай) әр жерге тығып қояды.
«Жалаушаларды іздейтін уақыт жетті», – дейді тәрбиеші. Балалар көздерін ашып, іздеуге кетеді. Жалаушаны тапқан бала өз орнына қайта келеді. Балалардың барлығы да жалаушаларды тапқаннан кейін, бірінің артына бірі тізіліп, алаңды жағалай жүреді. Колоннаның алдында жалаушаны бірінші тапқан бала жүреді. «Орындарыңа барыңдар!» деген сигнал естілгенде, балалар өз орындықтарына барып отырады, ойын қайта басталады.
Тәрбиеші балалардың бір жалаушадан ғана алуына бақылау жасауы керек. Бұл ойынды орман ішінде, алаңда өткізген жақсы болады: жалаушаларды шөптің арасына, бұталарда, ағаштардың артына жасыруға болады.

                                            “Қыдыруға барайық”


Балалар алаңның (бөлменің) жан-жағына қойылған орындықтарда отырады. Тәрбиеші балалардың біреуіне жақындап келеді де оны өзімен бірге қыдыруға шақырады. Ол бала тәрбиешінің артына тұрады. Ендігі бала одан кейін тұрады да, тағы сондай. Тәрбиеші осылайша 6-8 баланы жинайды да, олармен бірге алаңды бір-екі айналып өтеді. «Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз орындарына жүгіреді. Тәрбиеші басқа балаларға келеді, ойын одан әрі шарт бойынша жалғастырылады.


                                                  “Өз үйіңді тап”


Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», – дейді тәрбиеші. Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді. Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», – деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді.
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.


                                             “Өз түсіңді тап”


Балалар үш-төрт жалаушалар алады. Біріншісі – жасыл, екіншісі – көк, үшіншісі – сары жалауша алады да 4-6 адамнан бөлменің (алаңның) бұрыштарында топтасады. Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары) қояды.
Тәрбиешінің: «Қыдыруға барыңдар», – деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке-жеке алаңды (бөлмені) аралап кетеді.

«Өз түсіңді тап деген жаңа сигнал бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.


                                        “Тышқандар мен мысық”


Балалар-тышқандар бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына ұзыннан-ұзақ қойылған орындықтарда немесе скамейкаларда – індерінде отырады. Алаңның бір бұрышында мысық отырады..
Мысық ұйықтап қалады, тек осы кезде ғана тышқандар бөлмеде жүгіріп жүреді. Бір уақытта мысық оянады, мияулайды да тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар індеріне қарай қашады, орындықтардағы өз орындарына барады. (Тәрбиеші тек біреуді ұстағысы келген түр білдіреді.) Тышқандардың бәрі өз індеріне оралғаннан кейін, мысық бөлмені тағы бір аралап шығады да қайтадан өз орнына келіп, ұйықтап қалады. Ойын қайталанады.

Тәрбиеші ойынға қолға кигізілетін ойыншық мысықты пайдалана алады.


                                                     “Поезд”


Балалар алаңның бір жағында немесе бөлменің бір қабырғасын жағалай колонна құрып тұрады. Колоннаның ең басында тұрған бала – паровоз, ал қалғандары – вагондар.
Тәрбиеші гудок береді де балалар алға қарай жылжи бастайды (бірін-бірі ұстамаған күйде). Алғашқыда жай қимылдайды, одан кейін тезірек, ақырында жүгіруге көшеді, жай қимылдаған кезде балалар «чу-чу-чу» деген дыбыс білдіреді. «Поезд станцияға жақындап келеді», – дейді тәрбиеші. Балалар бірте-бірте жүріс қарқынын баяулатады да тоқтайды. Тәрбиеші қайтадан гудок береді, поезд қайтадан қозғалады.
Тәрбиеші балалардың жүріс қарқынын және оның мерзімін реттеп отырады. Алғашқы кезде ол балалар колоннасын өзі басқарады, ол кейін екпінділеу баланың бірін алға қояды.

Балалар ойынды жақсы меңгергеннен кейін, яғни бірінің артынан бірі тіркесіп жүре алатын болғанда, ойынды күрделендіруге болады – поезд тоқтағаннан кейін балалар серуенге шығады: гүл, жеміс-жидек, қозықұйрық тереді. Гудокты естіген кезде балалар белгіленген жерге (қабырғаға) қарай жүгіреді де колоннаға қатарға тұрады.
Алғашқыда балаларға қалай болса солай тұруға рұқсат етуге болады, ал жылдың аяқ кезінде колоннадағы өз орнын білуге – өз вагонын табуға – үйрету қажет. Жылдың екінші жартысында ойында бірқатар құрал-жабдықтарды пайдалану ұсынылады.


                                                   “Жел көбік”


Алғашқыда балалар осыдан бұрынғы топтағыдай ойнай береді, кейін барып ойын күрделене түседі. «Жел көбік, кете көрме жырылып» деген сөз тіркестерінен кейін балалар отырмайды, ал тәрбиеші: «Көбік ұшып барады», – дейді. Балалар жан-жаққа бытырап (сол алаңның ішінде) тұра-тұра қашады, ал тәрбиеші: «Ұшты, ұшты, ұшты», – дейді. Бұдан кейін тәрбиеші балаларды қайтадан дөңгелене қатар тұруға шақырады, ойын қайта басталады.
Ойынды 3-4 рет қайталауға болады.


                                           “Қараторғай ұялары”


Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл – торғай ұялары.
Барлық балалар – қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп – ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.
Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.

                                  Негізгі қимылдар – секіру.


               “Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық”


Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл – үй төбесінде немесе ұяларда отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», – дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді. Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу» деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді.
                                            

                                             “Масаны ұста”


Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, бетін ортаға беріп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, оның қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оған картон қағаздан жасап жіпке байланған маса ұзындығы 0,5м бар. Тәрбиеші масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым» , – дейді.
Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.
Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп тұруы керек.
                                                

                                                  “Бақалар”


Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.

                                         “Кішкене өзен арқылы”


Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл – өзен.
Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады; тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуіне көмектеседі.
                                                 

                                                    “Аттар”


Балалар аттарды бейнелейді. Бөлменің немесе алаңның бір шетіне жиналып, мынадай өлең айтады:


Топ-топ түсіп төрт тұяқ,
Шоқырақтап шап, атым.
Құйрық-жалын суылдап,
Ұш оғындай садақтың.

Өзен кешіп, тау асып,
Шабысыңнан танба сен.
Дүрсілдетіп дүниені
Ытқып, ытқып заула сен.


Соңғы сөзді айта бергенде, балалар алға қарай ұмтыла секіреді. Тәрбиешінің «үйге» деген сигналы бойынша жай ғана орындарына оралады. Тәрбиеші тексті қайталайды, аттар қайтадан бөлмені айнала шаба жөнеледі.
Тәрбиеші өлеңді түгел айтып болмайынша, балалардың орындарынан қозғалмауын қадағалаған жөн.


                                                        “Кегли”


Ойынды пластамассадан жасалған кеглилер қолданылады.Оларды бір-бірінен 10-15см қашықтықта орналастырады.
Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.
Тәрбиеші балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады; жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.
                                          

                                              “Допты домалат”


Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана (диаметрі 6-8 см) шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырған жалаушаға (линияға) дейін домалатып жеткізу ұсынылады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.
                                            

                                             “Құрсауды дөңгелет”


Үш-төрт бала тәрбиешіге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Тәрбиеші құрсауды кезекпен әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керісінше тәрбиешіге қарай дөңгелетеді.
Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері ойнай алады.

Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.
Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр түрлі түсті жалаушалар қойылады.
Тәрбиеші балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын домалатып болғаннан кейін, тәрбиеші енді оларды корзинаға салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.

                               “Ұя басқан тауық пен балапандар”


Балалар балапандарды, ал тәрбиеші ұя басқан тауықты бейнелейді.
Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл – үй (жалаушалар тізбектеле жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады). Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.
Тауық балапандарына тамақ (жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп, енесіне келеді.

                                            “Допты қуып жет”


Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.
Ойын варианты.
Ойын үшін түрлі түсті шарлар (ағаштан немесе пластмассадан жасалған) таңдап алынады. Оларды кәрзеңкеге салып, тәрбиеші балаларды шақырады, шарлардың қандай әдемі, олардың түсі қандай екендігін де айтып береді. Одан кейін: «Қараңдар, шарлар қалай домалап кетті… қуып жетіңдер де қайтадан кәрзеңкеге салыңдар» – дейді. Балалар кішкене шарларды қуып жетеді де кәрзеңкеге апарып салады.
Ойын қайталанған кезде педагог кімнің қандай шар әкелгенін жариялайды: қызыл, сары, т.б.
Пластмассадан жасалған шармен ойынды учаскеде де, тоғай ішіндегі алаңда да өткізуге болады; ағаштан жасалып, сырты жылтыратылған шармен оның бүлінбесі үшін, үй ішінде, кілем үстінде ойнаған дұрыс.
Тәрбиеші балалардың бір жерге шоғырланбай, бүкіл алаңның бойымен жүгіруін (әр бала өз шапшаңдығымен жүгіреді) қадағалайды.
Алғашқыда ойын азғана балалармен жүргізіледі, одан соң бірте-бірте ойнаушылардың саны көбейе түседі.

                                        “Айдарлы-мекиен тауық”

Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Тәрбиеші:
Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,
Қыт-қыт», – дейді ауық ауық.
Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам, ойында
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Мысық көзі ашады,
Балапандар қашады.
Мысық көзін ашады, мияулайды да бөлменің белгілі бұрышына, – «үйіне», тауық-мамаға қашқан балапандарды қуа жөнеледі.
Тәрбиеші (тауық) қолын жан-жаққа бұлғап, балапандарын қорғайды да: «Кет, мысық, балапандарымды саған бермеймін!», – дейді.
Ойын қайталанғанда, мысықтың рөлі басқа балаға тапсырылады.

                                      “Кішкене қоян, шыға ғой…”

Бір топ бала тәрбиешімен бірге дөңгелене тұра қалады. Тәрбиеші кім кішкене қоян болады деп сұрайды. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.
Жүр, көжегім, шыға ғой,
Сұр көжегім, шыға ғой!
Айтқанымды ұға ғой.
Міне, былай шыға ғой!
Кішкене деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.
Жүр, көжегім, тап-тап бас!
Сұр көжегім, баптап бас!
Міне былай тап-тап бас!
Міне былай нақ-нақ бас!
Жүр, көжегім, билей ғой,
Сұр көжегім, билей ғой!
Міне былай билеп көр,
Міне былай билеп бер.


Жүр, көжегім жүгірші,
Сұр көжегім, жүгірші.
Міне былай бір ыршы,
Міне былай жүгірші.

Жүр, көжегім, таңдап ал,
Сұр көжегім, аңдап ал!
Міне былай таңдап ал,
Дәнеңе жоқ таңданар!
Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.
Жүр, көдегім, тәжім ет,
Сұр көжегім тәжім ет!
Ұқпа мұны әзіл деп
Міне былай тәжім ет!
Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.
Ескерту. Өлеңнің әп шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.

                                                      Естияр топ.

                                                            “Ту”

Мақсаты: Топтағы қарым-қатынасты нығайту.

Ойынның шарты:   Балалар 3-4 топқа  бөлінеді.Әр  топтың  ортасында 1 бала   ту  ұстап  тұрады. Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша ойыншылар  жан-жаққа  жүгіріп,  көздерін   жұмып  тұрады. Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша  ту  ұстаған  балалар  орындарын  ауыстырады. Тәрбиеші «Өз  туларыңды  табыңдар»  дегенде  ойыншылар өз  туларына  қарай  жүгіреді.  Қай  топ тез  жиналады, сол топ  жеңеді.( Тулардың  түстері  әр түрлі болу  керек)

                                                       “Екі  Аяз”

Мақсаты: Балаларды  жылдам  қозғалуға  үйрету.

Ойынның шарты:Ойын  алаңынан  екі  жақ  шетінде «үй»  болады. Алаңның  бір  жақ  шетінде  барлық  ойыншылар  тұрады.  Аяздар: « Мен  Аяз  қызыл  мұрын,  мен  Аяз  көк  мұрын,  кім  аяздан  қорықпайды,  сол  батылдық  жасайды»  дейді. «Біз  аяздан  қорықпаймыз»  деп  ойыншылар  алаңның  екінші  шетіне  жүгіріп  өтуге  тырысады. Кімге  Аяздың  қолы  тисе  сол  қатып қалу керек. Аяздың  қолы  тимеген ойыншылар  жеңеді.

                                        “Шұңқырдағы  қасқырлар”

Мақсаты:  Балаларды  шапшаңдыққа, жылдамдыққа  баулу.

Ойынның шарты:Алаңның  ортасында  ұзын  шұңқыр  салынды.(1-1,5 метр)Шұңқырдың  ортасында  екі  қасқыр  тұрады.  Қалған  ойыншылар ешкі болады. Ешкілер алаңның  бір  жақ  шетінде  үйлерінде  тұрады.Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша  ешкілер  үйлерінен  шығып,  шұңқырдан  секіріп  өтіп,  жайылымға  барады.  Қасқырлар  шұңқырдан  шықпай  ешкілерді  ұстап алу  керек.

                                                     “Бос  орын”

Мақсаты: Топтағы  балаларды  сақтық  пен  шапшаңдыққа  үйрету.

Ойынның шарты:  Балалар  бір  шеңбер  жасап  тұрады.  Жүргізуші  шеңбердің   сыртына  тұрады.Жүргізуші  бір  ойыншының  иығынан  келіп  түртеді.  Сол  ойыншы  мен  жүргізуші  шеңбердің  бойымен  қарама- қарсы   жаққа  жүгіріп  бос  орынға  бірінші  баруға  тырысады.  Кім  шеңбердің   сыртында  қалса  сол  жүргізуші  болады.

                                                  “Төрт құбылыс”

Мақсаты:Балалардың айналадағы құбылыстарды тани білуге баулу.

Ойынның шарты:Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.                                                   

                                                     “Дайын бол”

Мақсаты: Балалардың бұлшықеттерін дамыту.

Ойынның шарты:Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

                                         “Өз орныңды тап”

Мақсаты: Балаларды топтық ойынға үйрету.

Ойынның шарты:Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

                                           “Күн  мен түн”

Мақсаты: Топпен  қарым-қатынасты  нығайту, шапшаң  қозғалуға  баулу.

Ойынның шарты:Балалар  екі  топқа  бөлінеді.(«Күн», «Түн»). Екі  топтың  ойыншылары  бір-бірлеріне  арқаларымен  қарап  тұрады. Аралары 1,5-2 метр  болу  керек.  Алаңның  екі  жағында  екі  топтың  үйлері  болады. Тәрбиеші  бір  топтың  атын  айтады.  Сол топ өз  үйіне  қарай  жүгіреді. Екінші  топтың  ойыншылары  бұрылып  қашып  бара  жатқан  ойыншыларды  түрту керек. Егер  ойыншы  үйіне  кіріп  кетсе  оны  түртуге  болмайды. Неше кісі түртілгені  саналады. Ойын  4-6 рет  қайталанып   әр топтың  ойыншылары  неше бала  түрткені  саналады.

                                         “Торғайлар мен  тор”

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

                                                 Ересектер тобы.

                                                           “Үкі”

Мақсаты: Үкінің немен қоректенетінін және қай уақытта жүретінін үйрету.

Ойынның шарты:   Тәрбиеші үкі  болады.  Ол  ұясында  отырады. Басқа  балалар  құрт-құмырсқа, көбелек, бақа болып секіріп жүреді.  Тәрбиеші  «түн»  дегенде  бәрі  тоқтап  қалады. Үкі  аңға  шығады,  қозғалған ойыншыны  көріп  ұясына  алып  кетеді.  Тәрбиеші «күн»  дегенде  барлығы  жүгіріп   ойнайды.  Үкіні  ауыстыруға  болады.  Кімді  үкі  ұстаған  жоқ  сол  жеңімпаз  атанады.

                                                   “Кім жылдам?”

Мақсаты:Аяқ-қолдарынның бұлшықеттерін дамыту және жылдам қозғалуға үйрету.

Шарты: Екі үйдің макеті  жасалып құрылады. Ортаға он баладан шығарылады. Балалар тышқан болады да, екі үйдің ішінде мысық және жағымды кейіпкер отырады. Тышқан жүгіріп келіп есікті қағады. Есіктің арғы жағынан жағымды кейіпкер шығып тышқанға ірімшік береді, тышқан ірімшігін алып келіп өз қорына қосады,  немесе мысық шығып тышқанды қуа жөнеледі.Мысық тышқанды ұстап алса, ойыншы ойыннан шығып отырады.

                                            “Сиқырлы сандықша”

Мақсаты: Балаларға музыка әуеніне ілесе айтуға үйретумен қатар,тез қимылдауға үйрету.

Ойын шарты: Балалар айнала шеңбер жасап тұрады. Балаларға бірінің ішіне бірі салынған сандықшалар беріледі. Ең кішкенесінің ішінде «сыйлық» салынған. Музыка әуені естілісімен балалар сандықшаларды бір – біріне береді. Музыка тоқтаған кезде сандықша кімде қалса, сол бала ең сыртқы сандықшаны ашып, онда жазылған қағаздағы шартты орындайды. Қойылатын шарттар ән айту, би билеу, әтеш болып шақыру, т.б. сияқты болуы мүмкін. Ең кішкене сандықшадағы сыйлыққа жеткенше ойын жалғаса береді.

                                                    Құлақ-мұрын

Мақсаты: Балалардың дене мүшелерін дұрыс ажырата білуге және ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның шарты:Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды

                                            “Обручтан өтейік”

Мақсаты: Аяқ – қол бұлшықеттерін дамыту.

Керекті құралдар: Обруч,ойыншық.

Ойынның шарты: Обручты полға тигізіп ұстаймыз.Балалар обручтың ортасынан өтулері керек.Обручты полдан көтеріеміз балалар ортасынын өтеді.Үшінші айналымда балалардың қолдарына ойыншық береміз.

                                                    “Боулинг”

Мақсаты: Балаларды топтық қарым- қатынасқа үйрету.

Керекті құралдар: кегли,доп.

Ойынның шарты:Кеглиларды қатармен немесе ұшбұрыш түрінде қоямыз.Доппен кеглилардың арақашықтығы 30-40см болуы керек.Балалар допты қолымен итереді немесе аяқпен тебулері керек.

                                              “Ғажайып тоннель”

Мақсаты:Бала тізерлеп жүру арқылы аяқ бұлшықеттерін қатайту,қолдың тірек қызметін күшейту.

Керекті құралдар:3 босаған үлкен жәшік,жұмсақ әдемі ойыншық.

Шарты: 3 жәшікті қарама –қарсы  екі жағынан қиып тастаймыз.оларды жерге бірінен соң бірін қойып, тоннель жасаймыз.Сол тоннель бас жағына ойыншықты қойып қоямыз.Балалар кезек-кезек кіріп,ойыншықты алады.Ойын 1-2 рет қайталанады.

                                  “Адымдаймыз, қалыспаймыз”

Мақсаты:  балалардың денесін шынықтырып, сабақ алдында еңбекке жұмылдырады.

Шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады. Санамақпен ойыншы тағайындалады.Ойыншы ортаға шақырылады.Балалар шеңбер бойымен жүріп төмендегідей сөздерді қайталайды.

             Адымдаймыз,қалыспаймыз.

             Дөңгелектен еш бұрмаймыз.

             Тоқта десең тоқтамыз.

              Не көрсетсең орындймыз.

Сөздерді айтып болған кезде, ойыншы өзі таңдаған жаттығуды көрсетеді, қалғандары орындайды.

 Ойын 3 рет қайталанады.

                                       “Қане, тапшы кім айтты?”

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, есу қабілеттерінің дамуына әсер етеді.

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады. Санамақпен ойыншы тағайындалады да, ортаға шақырылады. Ойыншы көзін жұмып, тұрады, Балалар дөңгеленіп жүріп, келесі сөздерді айтады:  

              Дөңгеленіп жүреміз,

              Дыбыстамай күлеміз.

              Егер айтсақ атыңды,

              Қане, тапшы кім айтты?

Тәрбиеші қай балаға қолымен көрсетсе, сол бала ойыншының атын атайды.

Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды.

                                                       “Шаңырақ”

Мақсаты: Бұл ойын балаларды киіз үй бөлшектерімен таныстыра отырып, оларды еліміздің  салт-дәстүрін білуге, қадірлеуге тәрбие дамытуда да әсері мол.

Шарты: Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады да, төмендегі сөздерді атады.

              Дөңгеленіп тұрсақ,

              Пайда болар шаңырақ.

             Қолымызды созсақ,

             Уықтарға ұқсамақ

             Шаңырақтың астында

             Ойнаймыз біз, күлеміз

              Болсын әркез тыныштық.

              Болсын күнде мереке.

Ойын 2-3 реттен артық қайталанбайды.

                                                  “Итеріспек”

Кімде-кім өзінің күш-шамасын байқағысы келіп, соны анықтаудың жолын іздесе, ол үшін “Итеріспек” ойынын ойнағаны жөн.

Ол үшін дөңгелек шеңбер сызып алу керек. Оның аумағын өздерің белгілейсіңдер. Бұл арада бір ескеретін жәйт: шеңбердің аумағы неғұрлым үлкен болса, ойын соғұрлым қызықты. Сайысқа түсушілер бір аяқпен секіріп жүріп өз әріптесін шеңбердің сыртына итеріп шығарып жіберсе, сол жеңген болып есептеледі. 

                                                “Белбеу тастау”

Бір-бірлеріңе иықтарыңды тиістіріп, үлкен шеңбер жасап отыра қалыңдар. Жеребе салып немесе санамақ арқылы ойын жүргізушіні сайлап алыңдар. Жүргізуші белбеу ұстаған қолын төмен түсіріп, шеңберді бойлап сендердің ту сырттарыңнан тез жүріп отырып, белбеуді біреудің арқасына немесе жанына білдірмей қалдырып кетуге тырысады. Соның сәті түссе, ол шеңберді тез айналып шығып, белбеуді көтеріп алып: “Бұл жер саған тар, өз орныңды тап” деген сөздерді айтып, бейқам ойыншының арқасына ақырын ғана ұра бастайды. Ұрған кімге ұнай қойсын? Ойыншы орнынан тұрып, шеңберді бойлай жүргізушіден қашып, қайтадан өз орнына келіп отыруға тырысады.

                                                   “Тымақ ұру”

“Тымақ ұру” ойыны үшін газеттен жасалған “тымақ” та жарай береді. Оған қоса биіктігі бір метрдей қада, белбеу мен орамал қажет. Қаданы мәреден 20 қадамдай жерге қағып, соның басына тымақ кигізіледі. Ойыншының көзі орамалмен байланып, қолына белбеу ұстатылып, мәреден жіберіледі. Ол көзі ашық кезде көрген зердесіне сүйене отырып қазықты тауып, белбеумен соның басына кигізілген бас киімді ұрып түсіруі керек.

                                                       “Допты ұстап ал”

Ойынға 3 ойнаушы қатысады.Екеуі 3 метрдей қашықтықта тұрып, бір-біріне допты лақтырады.3-ші бала екеуінің ортасына тұрып,төбесінен ұшып бара жатқан допты ұстап алмақшы болады.Егер ол допты ұстап алса,допты лақтырған баланың орнына барып тұрады,ал бала ойын жүргізушінің орнына тұрады.

                                            Мектепке даярлық тобы.

                                      Сапқа тұрып ойнайтын ойындар.

“Алмақ-салмақ”

1.Дайындық: Балалар сап түзеп жүретін жолдың бір шетіне доптарды жинап қояды.

 2. Ойын мазмұны. Залдың, не алаңнын шетімен балалар бірінің сонынан бірі тізіліп жүгіріп, үйілген тастарды (секірген күйі) бір қолмен іліп алып, екінші қолмен келесі бір межелі жерге жинайды. Осы қимыл қатарынан бірнеше рет қайталанады.

3. Ереже: а) Доптың қасына тоқтауға болмайды.

 ә) Саптан шығуғу болмайды.

б) Әр бала допты тек біреуден ғана алады.

4. Методикалық нұсқау: Допты алуға үлгермегендер саптан шығып отырады. Олар соңынан қосылып, жаттығуды әрі қарай жалғастырады.

5. Ойынның педогыгикалық маңызы: Бала жүгіру кезінде басқа дақимыл- әрекеттерді меңгереді. Сапты бұзбауға тез, епті түрде қозғалып, қимыл бірлігін арттыруға үйретту.

1. Дайындық. Бірінің соңынан бірі тұрып, әркім өзінің орын алдын ала анықтап алады.

2. Ойын мазмұны: Балалар коллонамен жүріп келе жатып мұғалімнін белгісімен жан- жақта бытырай жүгіріп, әр түрлі қимылдар жасайды Екінші белгіде тез өз орындарында тұра қалады. Кімнің тез, дұрыс қимылдағанын атап өтіп, жаңылған балаға ескерту жасалады,

3. Ереже: Мұғалім үшке дейін санағанша балалар өз орындарында тұрып үлгерулері  керек.

4. Методикалық нұсқау: Соңындада қалған балаларға орын болуы үшін қайта жиналған кезде, әр баланы өз алдарынан бос орын қалдыруға үйрету керек. Белгі түрлерін өзгертіп отырған жөн. Мысалы: музыка әуендері, ысқырық, шапалақ соғу. Т.Б.

5. Ойынның педогогикалық маңызы: Сап түзеп жүруге үйрету. Өз орнын  таба білуге үйрету. Жақтастарын сыйлауға, айналаны тез бағдарлауға, колективпен бірігіп қимыл жасауға тәрбиелеу.

                                                 “Қай звено тез?”

 1. Дайындық: Кластағы балалар өз звеносының атын білуі керек. Әр звено басшысының қолына әр түрлі жалаушалар береді.

2. Ойын мазмүны: Ойнаушылар үш төрт звеноға бөлініп, қаз қатар сап түзеп тұрды. Мұғалімнің көмегімен кейін балалар еркін жүгіріп, ойнап , әр түрліжаттығулар жасайды. Екінші белгі берілген кезде жүгіріп барып сапқа тұра қалуы керек.

3. Ереже: 1) Ойын мұғалімнің белгісінен кейін басталады. 2) Залдың не аланның барлық кеңістігін дұрыс пайдалану керек.

4. Медогикалық нұсқау: Жалаушыларды балалар білдіртпей ауыстырып қою арқылы ойынды қыздыра түсуге болады.. Бытырап жүгіріп жүргенде жасырын жаттығуларды алдын ала үйрету болады.

5.Педогогикалық маңызы: Бір- бірін жақсы танып, қимыл бірлігін арттырып, өздігінен жаттығу жасауға үйренеді. Жолдастық қарым- қатынастық қасыеттері арттады.Біргіп жұмыс істегеннің нәтижеснде жетіктістіктеріне қуана білуге үйретеді.

                                        “Кемемен саяхат”

1. Дайындық: Балалар «оңға» «солға» «кейін бұрылып» деген бұйрықтарды дұрыс ажырата білу керек. Ұзындығы 10 м арқан керек.

2. Ойын мазмұны: Екі қатар арқан ұстап тұрған балалар сырт көріністерін кемеге ұқсатады. Ойын бастаушы қолында жалауша ұстап, алаңнын ортасында тұрады. Бір қолындағы жалаушаны жоғары көтеріп, «оңға» немесе «солға» деген бұйрықтарды естіген балалар бұрылады.

3. Ереже: а) Дұрыс бұрылмаған балалар  орындарында қалады.

ә) Олар екінші жолы өз орындарында тұрады.

4. Методиткалықнұсқаулар: Ойын арасында арқанды жерге тастап «жағаға» шығып, ойын ойнауларын болады.

5. Педогогикалық маңызы: Сапқа тез тұруға үйреніп, бүйрықтарды дұрыс орындау кезіндегі зейінділігі артады.

                                                      “Трамвай”

1. Дайындық: Мұғалімнің қолында қызыл, жасыл, сары дөңгелек қағаздар болады. Балалар төрт топқа бөлініп, екі-екіден тұрады. Орталарында 3-4 метрлік арқан бар.

2. Ойын мазмұны: Төрт «трамвай» алаңнын төрт бұрышынан диогональмен  жүріп келе жатып, светофордың орнында тұрған мұғалімнің қолындағы дөңгелектің түсіне қарайды. Егер сары болса жайлап жүреді, қызыл болса тоқтайды, жэасыл түсте  мұғалімнің оң жағымен тез айналып өтеді.

3.Ереже: а) дөңгелекті екі ғана «трамвай» көреді. Қалғандары бір орында тұрып немесе жүіріп тұрады.

ә) Мұғалім трамвайлар өтісімен бұрылып отырады.

4. Методикалық нұсқау: Алаңды айналып, жүріп келе жатып арнаулы аялдамаларда тоқтап, жолаушыларды отырғызуға болады.

5.Педогогикалық маңызы: Сапта жүріп келе жатқанда, жүруге, жүгіруге үйренеді. Қимыл бірлігін арттырып айналаны бағдарлауға, сергек, сезімтал боллуға тәрбиеленеді. 

                                        “Түлкі мен қасқыр

1. Ойнаушылардың санына байланысты «Түлкі мен қасқыр» сайланады. Қалған балалар өздеріне шеңбер сызып , соның ортасында тұрады.

2. Ойынның мазмұны. Ойын бастаушының белгісімен , «Түлкі» қашып , «Қасқыр» оны қуа жөнеледі. «Түлкі» шеңберлердің араларымен бұлтыра жүгіріп жүріп , бір шеңбердің ортасына тұра қалады.Онда тұрған бала «Түлкі» болып қашып шығады. «Қсақыр» оларды шеңберге жеткізбей қуып жетсе , екеулері рольдерін ауыстырып , ойынды жалғастырады.

3. Ережесі. а) Түлкі мен қасқырдың ара қашықтары екі метірден кем болмауы керек.

ә) Сызықтан аттағанда ұстаса , саналмайды.

б) Шеңбер арқылы жүгіруге болмайды.

4. Методикалық нұсқау. Ойын барлық балалар «Түлкі», «Қасқыр» болғанша жүргізіледі. Ойнаушылар көп болса , шеңбердің орнына 3 бала қол ұстасып тұруына болады. Онда 3 – 4 минут сайын , ойын тоқтатылып , балалар орындарын ауыстыру керек.

5.Ойынның педагогикалық маңызы. Бұлтарып жүгіруге үйренеді. Қырағылығын арттырып, сақтылық , тез бағдарлаушылық қасиетін жетілдіреді.

                                         “Қасқыр қақпан”

1.Дайындық. Ойнаушылардың арасынан « Қойшы» сайлап, қалған балаларды екі топқа бөледі. Үлкен топ «қасқыр қақпан»  , кіші топ «қасқырлар» .Қақпаннан он – он бес минут жерде «қой қора» белгіленеді.

2. Ойын мазмұны. Шеңбер жасап тұрған «қақпан» , айнала жүгіріп өлең айтады.

Қане, қане халайық,

Қасқыр қақпан құрайық,

Қане, қақпан, берік бол!

Қасқыр, қасқыр, келіп көр!-

Деген сөздерден  ейін ұстасқан қодарын жоғары көтеріп, бір орында тұрып қалады. Шетте тұрған қасқырлар  шенберден өтіп, қой қораға  жүгіре жөнеледі.Сол кезде мұғалім «Ұста» деп белгі береді. Қақпан қолдарын төмен түсіре сала , жүрелерінен отырады. Ортада қалған қасқырлар ойыннан шығып, шетте тұрады. Ал өтіп үлгермегендер «Қой қораға» түспекші болады, бірақ «Қойшы» оларды доппен атып, қайтарып жібереді.

3.Ережесі. -«Қасқырлар» «Келіп көр» деген сөзден кейн ғана жүгіре алады.

– Белгі берілген кезде барлықтары отыра қалады.

– Ұсталгандарға шенберден қашуға болмайды.

4.Методикалық нұсқау. Қоға түскен «Қасқырларды» санап, қайта ойынға қосуға болады. «Қойшының» қолында 5 доп болады.

5. Ойынның педагогикалық маңызы. Өмір көрністерімен танысып, күшті, тапқыр, батыл болуға тәрбиелейді.

                                          Жүгіріп ойнайтын ойындар.

“Қызыл жалау”

 1  Көлемі 10Х5 м бект сызылады. Ойнаушылар 2 команда боып , шабуылшы, қорғаушыларға бөлінеді. Әр командарға бір- бірден қолбашылар сайланады. Алаңның түпкіріндегі екі бұрышына  екі жалаушы тігіледі.

2. Ойын мазмұны. Санамақ арқылы ойын бастаушы 2 команда белгілейді  де, бір команда екінші команданың бекетіне қолбашыларының бастауымен шабуылға шығады, қызыл жалауын алып кетуге тырысады. Ал сол бекеттің қорғаушылары шабуылшыларын қуып жетіп, қолын тигізсе , олар қолға түскен  болып, бір орында тұрып қалады. Қай команда қолдарына қарсыластарының жалауын бұрын түсірсе, солар жеңіске жеткен болып саналады.

3. Ережесі: – Екі команда да бір мезгілде шабуылга шығады .

– қолға түскен балаларды құтқаруға болады.

– Жалаушаны лақтыруға болмайды.

4. Методикалық нұсқаулар. Бекетті түрлі-түсті бояулармен адын- ала сызып, дайындап қою керек. Ережені бұзған балаларға уақытында ескерту беріліп отырылады тоқтатып, дауды келсіммен шешеді. 

5. Ойының педагогикалық маңызы. Алға қойған мақсатқа жұмыла ат салысып, ұйымшылдық, жолдастық көмек арқылы ғана жетуге болатындығына  коз жеткіздіреді. Сондай- ақ ойын әр баланың өзіне тән ерекшеліктерінің жан- жақты ашылуына көмектеседі.

                                                   “Күн мен түн”

1. Дайындық: Балалар тобының бір-«күн», екіншісі-«түн» боып екі топқа бөлінеді. Олардың бір- бірілерінен 10-15 м  жерде өз «үйлері» болады.

2.Ойsн мазмұны: Мұғалімнің көрсетуі бойынша екі команда да  жаттығулар жасап тұрады. Мұғалім «күн» деп белгі бергенде, сол топтың балалары үйлеріне  қарай жүгіре жөнеледі. Ал «түн» тобындағылар олады үйлеріне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылардың қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын  осылайша  алма кезек  жүріп  отырады. Көп бала  ұстаған  команда  жеңіске жетеді.

3. Ережесі: – Жүгіруге  тек белгіден кейн ғана рұқсат етіледі.

– «Үйге» жеткен балаларға тисуге болмайды.

– Бұлтарып жүгірмеу керек.

4.Методикалық нұсқау: Ережені мүлтіксіз орындау ушін балалардың арасынан төрешілер  сайлау қажет. Командалардың ара қашықтары2-3 м аспау қажет.

5. Ойынның педагогикалық маңызы: Балалар ептілікке, жылдамдыққа, мұқият тындауға үйренеді.

                                            “Бөдене мен түлкі”

 1.Дайындық. Ойыншылардың санына  байланысты, диаметрі 6-8 м шеңбер сызылады. Бір бала «Түлкі» сайланады. Оның көзі ақ шытпен байланады. Қалғандары «Бөдене» болып «Ұшып» жүреді.

2.Ойын мазмұны. «Түлкі» жүгіріп жүріп, «Бөденелерді» ұстауға тырысады. Егер ұстай қалса, сол  баланың атын айту керек. Дұрыс тапса, екеуі  орындарын ауыстырады.

3.Ережесі. – Ойын шеңберінен шыққан бала ұсталған болып есептеледі.

– «Түлкіге» қолдарын тигізуге болмайды.

4.Методикалық нұсқау.Балалар ойын кезінде «Түлкінің» шенберден шықпауын қадағалап, көмектесіп отырулары керек. Ойын соңында қолға түспеген және ұстағыш бала атап өтіледі.

5.Ойынның педагогикалық маңызы. Айналаны тез бағдарлауға, бұлтарып жүгіруге жаттығады. Ептілікке, батылдыққа, өзара көмекке үйренеді.

                                                          “Жапалақ”

1.Дайындық. Ойыншылардың арасынан 1-2 «жапалақтар» сайлаймыз. Қалғандары «Көбелек» болып «ұшып» жүреді.

2.Ойын мазмұны. Жүгіріп жүрген балалар мынадай өлен аитады.

Қанат қағып ұшқанда,

Қиын оны ұстауға.

Бірақ оның өмірі,

Ұқсамайды құстарға.

Көктеи қандай керемет,

Көз тартады танертен.

Неше түрлі гүл өнсе,

Сонша түрлі көбелек.

Мұғалім кенет «түн болады» деп белгі береді. Сол сәт «Жапалақтар» «ұшып» келіп, қозғалмай бір қалыпта тұрған балаларды аралап өтеді де, қозғалып қалғандарын өздерімен бірге  ілестіріп, алып кетеді.

Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.

3. Ережесі. –«Жапалақтар» 15 секуньан артық ұшпауы керек.

– Бала тұрсын біреу әдейлеп бұзса, ол ұсталады.

4.Методикалық нұсқау. Балалардың қимыл қозғалыстарына шек қоюға болмайды. «Жапалақтардың» өзара әнгімелесіп жүргендері дұрыс. Ол ойынды қызықты етеді.

5.Ойынның педагогикалық маңызы. Тепе- тендікті ұстап тұруға  үйренеді. Ұстамды, батыл болуға тәрбиеленеді. Жәндіктер жайлы ұғымдары кеңейеді.

                                   “Ақ терек пен көк терек”

1.Дайындық.Балалар  екі топқа бөлінеді. Бір- бірлерінен 10-15 м жерде қол ұстасып, қарама- қарсы тұрады. Әр топтың ойын бастаушысы болады.

2. Ойын мазмұны.

    Бірінші топтың ойын бастаушысы:

Ақ терек пен көк терек

Шауып алдым бәйтерек

Бізден сізге кім керек?-

 деп екінші жақтан сұрайды. Оған қарсыластары былай депжауап береді:

Ақ терек пен көк терек

Шауып алдым бәйтерек

Сонау тұрған Рустамның өзі керек!

Есімі аталған  бала қарсы топқа қарай жүгіріп барып, ұстасып тұрған  қолдардын бірін бөліп өтуі тиіс. Егер бала тізбекті үзе алмаса , өзі сол топқа қосылады. Үзсе, бір баланы өз командасына  ала кетеді.

3. Ережесі.-қолдары ажыраған екі баланы алуға болады.

– Қолмен соғып өтуге болмайды.

4. Методикалық нұсқау. Өленді бәрі бірдей айтқанды жөн. Жүгіргенде бар күшін салуын қадағалау керек.

5. Ойынның педагогикалық маңызы. Балаларды дұрыс қимылдауға жаттықтырады.

                              Секіріп ойнайтын ойындар.

                                “Мысық пен торғайлар”

1.Дайындық.Ойыншылар арасынан екі-уш «Мысық» тандап алынады. Қалған балалар диаметрі 6-8 м шеңбер ішінде ойнап жүреді.

2.Ойын мазмұны.Мұғалімнің белгісі бойынша  ортадағы балалар  шеңбердің  сыртына «торғай» болып «ұшып» шығып , ортасында «Мысықтар» ғана қалады.Екінші белгі берілгенде «Торғайлар» шеңбер сызығынан екі аяқпен әрі- бері сікіре бастайды. Ортадағы «Мысықтар» оларды қуып жүріп, қолдарын тигізуге тырысады. Қол тиген балалар ойыннан шығып оырады.

3.Ережесі.-қол мен итермей, саусақтарын жәй тигізеді.

– Секірмей тұрған бала ұсталған болып саналады.

4.Методикалық нұсқаулар. Ойын екі-үш минут жүргеннен кейн ұсталмаған балалар арасынан келесі «Мысық» болатындарды таңдайды.

5 Ойынның педагогикалық маңызы.Екі аяқпен секіруді жетілдіреді. Төзімділікке,жылдамдылыққа жаттықтырады.

                                          “Жырадағы қасқыр”

1.Дайындық.Алаңның ортасынан ені1-1,5 м екі сызық жүргіземіз. Бұл жыраның ортасында 2-3 «Қасқыр» жүреді. Қалған балалар- «Қояндар»

2.Ойын мазмұны.»Ойын басталады» деген белгіден кейін «Үйлерінен» шыққан «Қояндар» жырадан қарғып,орманға, жайлуға өтеді. «Қасқырлар» оларды ұстап алулары керек. Ұсталған балалар  ойыннан шығып отырады. Ойын осылайша қайталанып, екі «қоян» қалғанша ойланады да, келесі жолы орындарын алмастырады.

3.Ережесі. –«Қасқырдың» қолы тигені ұсталған болып есептеледі.

-Жырадан секірмеген, сызықты басқан бала ойынан шығады.

4.Методикалық нұсқау. «Қояндардың» үйі жырадан 5 м жерден сызылады. «Жыраның» бір шеті  жіңішке әрі бойы кіші  балалар секіре алатындай болуы тиіс.

5.Ойынның педагогикалық маңызы. Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіруге, батыл болуға үйренеді.

                                                          “Қол добы”

1.Дайындық. Қыз балалар мен ұл балалар төрт командаға  бөлінеді. Диаметрі 10-12 м шеңбер сызылады.

1 Ойын мазмұны. Келсім бойынша бір команда командирі допты аспандатып жоғары лақтырады.егер оны өз командасынан біреуі қағып алса, бір ұпай қосылады. Ал қарсыластарынана біреуі алса, онда допты солар лақтырады. Сөйтіп, ойын жалғаса береді.

3. Ережесі. – Қай команда 6 ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

– Доппен тұрған балаға  қарсыластары тиссе айнала допты лақтырылады.

4 методикалық нұсқау. Допты қолда ұстауға болмайды және ол тек жоғары қарай лақтырады. Ойынға барлық балалардың қатысуын мұқият қадағалау қажет. Жерге түскен доп, талас доп болып  табылады. Оны мұғалім не копитанның біреі қарсылас командалардың екі ойыншысының арасында тұрып, жоғары лақтырылады.

5. Ойынның методикалық маңызы. Коллектившілдікке үйренеді. Өзімшлдіктен аулақ болуға ұмтылады. Ұстамдылыққ, шұғыл шешім қабылдауға үйренеді.

                                   Доппен ойнайтын  ойындар.

                                                “Домалатып түсір

    Мақсаты:  Айналаны бағдарлай білуге, мергендікке, қырағылыққа үйрету.

  Ойын мазмұны.балалар 4 командаға бөлініп, сап түзеп тұрады. Олардан 4-6 м қашықтыққа 4 қақпаша қойылады. Мұғалімнің белгісі бойынша, әр командаға  бірінші тұрған бала қолындағы допты өз тұсындағы қақпаша арқылы домалатып өткізеді. Қимылды түгел жасап  болған соң командалардың жинаған  ұпайлары есептеліп, жеңіске жетен команда атап өтіледі.

 Методикалық нұсқаулар. Қабырғаға 2-3 м жерде тұрып, оң, сол қолдарымен допты лақтырып, қағып  алуға  жаттығады.

                                              “Доп ойын бастаушыға

Мақсаты: Екі қолмен допты лақтырып, қағып алуға уйрету.

Ойын мазмұны. Бес- бес баладан  шеңбер құрып тұрады. Оталарында ойын  бастаушы болады. Мұғалімнің  белгісімен  ойын бастаушылар  допты  балаларға  қарай тез лақтырып, қайта қағып алады. Бұрын біткен команда жеңіске жетеді. Екінші рет басқа ойын жүргізуші сайланады.

Методикалық нұсқау: Ойының соңында екі балаға  бір- бір доптан  беріледі. Олар бір бірлерінен екі метр қашықтықта  тұрып допты кеудеден  ілгері  лақтырып ойнайды.

                                                       Дәл түсір

Мақсаты:Допты екі қолмен жоғары лақтыруды жетілдіру.

Ойын мазмұны. Балалар 4 командаға  бөлінеді . Олардың 6-8 м жердегі үй қабырғасынан екі метрлік биктіктедиаметрі 50 см төрт шеңбер сызылады.Белгі берілгеннен кйін бірінші тұрған балалар , оң қолдарымен допрарын жерге соғып, секіртіп жүгіре жөнеледі. Нысанаға 2 м қалғанда  арнаулы  сызықтың үстінде тұрып, екі қолмаен допты  кеуде тұсынан  нысанаға қарай лақтырады. Дәл түсірсе, өз командасына бір ұпай әкеледі.

  Ойын соңында жүлделі екі команда  өзара күш  сынасады . Ал қаған команда  балалары өз беттерімен жаттығу жасап үйренеді.

Методикалық нұсқаулар.Бакедбол кәрзенкесіне допты дәлдеп лақтыруға  жаттығады.

 Допты жерге соға секіртіп жүргізу түрлеріне  үйренеді.

1. бір бірден тұрып, допты 2 қолмен  кезекпен- кезек соғып жүруді қайталайды.

2.Допты оң қолмен , екінші жолы сол қолмен соға жүру, жүгіру.

3. Заттардың арасымен бұлтарып жүру, жүгіру.

4. Шеңбер бойымен допты соға жүру.

5.Допты соғып ойнап келе жатып, тоқтап ,екінші балаға лақтыру.

                                             Ұлттық ойындар.

                                          II-сәбилер тобы.


                                             “Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.


                                         “Қуыр-қуыр қуырмаш”
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5 с аусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр ,қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар

– деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

                                               Естияр тобы.

                                                     “Арқан тарту”

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

“Түйілген орамал”

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» – деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

“Сақина жасыру”

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

                                                       “Жасырынбақ”

Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.

Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.

                                            “Сиқырлы таяқ”

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.

                                                  Ересектер тобы.


                                               “Ақсерек-көксерек”

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.


                                                   “Соқыр теке”

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

                                                  “Хан талапай”

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

                                                 “Аударыспақ”

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.


                                                    “Теңге ілу”

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді.

                                                    “Ақсүйек”

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.