«ТРИЗ технологиясында дидактикалық ойындар жиынтығы» әдістемелік құрал

Тлеубердинова Салтанат Койшыбековқызы

Шарбақты ауданы әкімі аппаратының «Балдәурен» бөбектер балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының педагог-модераторы

Мазмұны

  1. Әдістеменің мақсат, міндеттері
  2. Кіріспе……………………………………………………………………………………………………4
  3. Негізгі бөлім. ТРИЗ технологиясы  ………………………………………..              ..6
  4. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында қолданылатын ТРИЗ технологиясының әдісі, тәсілі, дидактикалық ойындар…………. 10               
  5. Оқыту мазмұнына сәйкес дидактикалық ойын түрлері..              .. . ….12
  6. Кіші топқа арналған ойындар..                   ……………..                       ………16
  7. Ортаңғы топқа арналған ойындар….                   ……………                     …19
  8. Ересектер тобына арналған ойындар……               …….                     ……..23
  9. Практика жүзіндегі дидактикалық ойындар коллажы  …………     .. ….27
  10.  Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………..  …………………………….33
  11.  Қорытынды…………………………………………….          …………………………………34

Аңдатпа

ТРИЗ технологиясында дидактикалық ойындар  жиынтығы

Ұсынылған әдістемелік материалдың мақсаты – кәсіби маманның дамуына ықпал ету. Аталған материал мектепке дейінгі педагогтың әдістемелік құзыреттілігі бойынша мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілін қалыптастыру, баланың ойлау қабілетін, қиялын дамытып, сөздік қорын байыту теориясы мен практикасына негізделген.

Әдістемелік жұмыста ТРИЗ технологиясының әдісін ұсына отырып, дидактикалық ойындар жинағын, материалын насихаттау арқылы болашақ тәрбиеші педагогтарды тың ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Мақсаты: Диалектикалық ойлауды қалыптастыру арқылы дарынды, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу.

Іске асыру шарты: Балаларға білім беру мекемесінде.

Қолданылуы: Дайындалған әдістеме жинағын мектепке дейінгі ұйымдарда шартты түрде тәрбиешілердің қолдануы.

Мамандардың өзара әрекеттесу жолы: Толыққанды жұмыс барысына тәрбиешілер, ата-аналар, арнайы мамандар өзара қатысады.

Өзара әрекеттесу жолы:

1. ТРИЗ технологиясы және дидактикалық ойындар жинағы.

2. “МДҰ тәрбие-білім беру үдерісінде ТРИЗ технологиясында дидактикалық  ойындарды қолдану” тақырыбына әдістемелік бірлестік, семинар өткізу, тәрбиешілерге кеңес беру.

3. Тәрбиешілердің қызметінде ТРИЗ технологиясы бағытымен дидактикалық ойындарды пайдалануды енгізу.

Мазмұнның қысқаша сипаттамасы: Мектепке дейінгі ұйымдарда  тәрбие-білім беру үдерісінде ТРИЗ технологиясының әдістерін, дидактикалық ойындарды қолдану және оның өзектілігі.

Аталған әдістемелік әзірлемені пайдаланудың нәтижелілігі:

ТРИЗ технологиясы әдістемесі бойынша  дидактикалық ойындарды қолдану баланы оқыту, ойлау мен сөйлеуді дамыту үдерісінде тиімді етуге мүмкіндік береді. Баланың өзі үшін ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші-педагог үшін де білім берудің жаңа мүмкіндігін ашады. Бұл тәрбиешіге балалармен дұрыс жұмыс істеуге, қиялын дамытуға, жалпы жан-жақты іздену үшін тигізер пайдасы зор.

Әдістемелік әзірлемені құру принципі:

  • Қолжетімділігі;
  • Танымдық үдерістерді ынталандыру;
  • Жүйелілік.

Күтілетін нәтиже:

Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жаңа технологияны, дидактикалық ойындарды қолдану құзыреттілігін арттыру. Білім беру кеңістігіне енгізу.

Кіріспе

Еуропалық тəрбие жүйесінің негізі ежелгі Греция философиясы бойынша қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді», – деген.

Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің бағыты – жаңа технологияларды қолданып, жан-жақты  шығармашылық ойлау қабілетін, сөз мәнерін дамытып, өз ойын іске асыра алатын  жеке тұлғаны қалыптастыру.

ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы – Генрих Альтшуллер. Технологияның басты идеясы – техникалық жүйелер белгілі бір заңмен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады.

Қазіргі таңда Г.С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін балабақшаларда жиі қолданылады. Технология балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлануға үйретеді. Сондай-ақ тәрбиеші үшін баланың қоршаған ортаның қайшылығы мен біртұтастығын ұғынуға қажет шығармашылық қасиетін тәрбиелеу үшін практикалық құрал болады.

Мектепке дейінгі ұйымда «Коммуникация» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту, оқу іс-әрекетінің маңызы зор.

Бұл саланың мақсаты:  Тілдің дағдылары мен біліктіліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру.

Міндеттері: Балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту.

Тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту.

Тілдесу дағдыларын (диологтік және монологтік) қалыптастыру.

Сөйлеу әдебінің нормаларына баулу.

Тілге, оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылықты арттыру.

Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу кезінде ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеруі қажет:

  • Таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы;
  • Ашықтылық қағидаты – балаға ашық  (шешімнің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен  жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық
  • тапсырмалар, дидактикалық ойынның  әртүрлі нұсқаларын жасауы керек;                                                                                                                   
  • Іс-әрекет қағидаты – кез келген дидактикалық ойындарды  практикалық іс әрекетке қосу қажет;
  • Кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операциясын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы тапсырма, дидактикалық ойынның  элементтері болады;
  • Мінсіздік қағидаты – дидактикалық ойын ойнау барысында, бала жан-жақты дамиды, бұл өз кезегінде баланың білімі мен қызығушылығын, мүмкіндігін барынша қолдануға мүмкіндік береді.
Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Скачать [2.44 MB]