РЕЦЕНЗИЯ №31 от 22.09.2020 ж.


Шарбақты ауданы әкімі аппаратының «Балдәурен» бөбектер балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының педагог-модераторы Тлеубердинова Салтанат Койшыбековқызының «ТРИЗ технологиясы негізінде құрылған дидактикалық ойындар жиынтығы» атты әдістемелік құралына
ПІКІР


Балабақшада баланы дамытатын, тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.
Ойын – эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – ТРИЗ технологиясы негізінде құрылған дидактикалық ойындар жиынтығы. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану – сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді.
Ұсынылып отырған ғылыми жоба тәрбиеші педагогтарға арналған. Мақсаты: мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту әдістері, ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын байыту, бала қиялын ұштау тәсілдеріне негізделген.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде баланың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту үшін түрлі технологиялар қолданылуда. Мәселен, Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда қолданысқа енгізілуде. Бұл технологияны қолдана отырып, белгілі бір мақсатқа құрылған тақырыпты қызықты және тартымды түрде жеткізуге, ойды жүйелендіруге көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда баланың шығармашылығын арттырады.
Автор аталған әдістемелік құралында мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста ТРИЗ технологиясы әдісі, тәсілдері, дидактикалық ойындардың қолданылу негіздерін көрсетіп, өз тәжірбиесіменде бөліседі. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор екенін айта отырып, ТРИЗ элементтерінің қағадаттарын ұсынады. Мәселен: таңдау еркіндігі қағидаты, ашықтылық қағидаты, іс-әрекет қағидаты, кері байланыс қағидаты, мінсіздік қағидаты т.б. Бұл қағидаттардың маңыздылылығын түсіндіре отырып, барынша қолдануға кеңес береді.
Аталған жобаның маңыздылығын ескере отырып, балабақшадағы тәрбиеші-педагогтарға әдістемелік құрал ретінде кеңінен қолдану үшін ұсынуға болады.

Ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова