Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасшылық


Амангелдива Айдана Бақытқызы

Жамбыл жоғары медициналық колледжі оқытушысы

Келісілді                                                                             Бекітемін

әдістемелік кабинетінің                                                    директордың оқу-тәрбие

меңгерушісі                                                                        ісі жөніндегі орынбасары

Иманбекова Ж.Б. _______                                                Қуанышбекова Л.Т. _________                                                                                                                 «      »  _____________ 2019 ж.                                          «       »  ____________2019 ж.                                           

Қаралды

№ 1 жалпы кәсіптік пәндер                                                        

ЦӘК отырысында     

ЦӘК меңгерушісі

Айдралиева А.Б. ______

«     » _____________2019 ж.

«Психология  негіздері  және  коммуникативтік  дағдылар» пәнінен

«Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасшылық»

тақырыбы бойынша өткізілетін ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Оқытушының аты-жөні: А.Б.Амангелдиева

Бөлімі: «Мейіргер  ісі».

Топ: 205

Өткізілетін орны: 207 ауд.

Өткізілетін күні: 29.05.2019 жыл.

Пән: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар».

Мерзімі:29.05.2019 ж.

Оқу бөлімі: «Мейіргер ісі», күндізгі бөлім.

Топ: ______________________________________________________________

Сабақ: № 5

Сабақтың тақырыбы: «Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасшылық».

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік мақсаты: қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары. Вербальдық қарым-қатынас: дауыс, интонация, артикуляция. Вербальды емес қарым-қатынас: визуалдық байланыс, дене қимылы, дене қалпы. Қарым – қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес тәсілдері көмегімен медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара түсіністікті орнату, белсенді және енжар тыңдаушы дағдыларын алу. Көшбасшылық түсінігі, көшбасшылар туралы жалпы түсінік беру.

Дамыту мақсаты:

  • студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
  • ой өрісін, есте сақтау және жүйелеу қабілеттерін дамыту;
  • алған білімдерін тәжірибеде қолдану;

Тәрбиелік мақсаты:

  • мейірімділікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке үйрету;
  • пәнге, болашақ мамандығына сүйіспеншілігін арттыру;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау;

Әдістемелік мақсаты:         

  • интерактивті оқыту  әдістерінің элементтерін қолдана отырып, сабақтың мазмұнын ашу;
  • студенттердің білім деңгейін арттыру;
  • «Бинго» ойыны, тест сұрақтары, «Суреттер сөйлейді», «Кім ойшыл!»әдістері арқылы студенттердің білімін бақылау.

Сабақтың типі:  құрастырылған.

Сабақтың түрі: дәріс.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

а) оқу- көрнекілік құралдар:

– тақырыпқа байланысты суреттер;

б) үлестірмелі материалдар:

-тіректі конспект;

– таратпа қағаздар;

– үлестірмелі материалдар;

ТОҚ:

  • компьютер;
  •  интерактивтік тақта;
  •  слайд:
  • бейнефильм;

Пәнаралық байланыс:

  • коммуникативті дағдылар: «Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы қарым-қатынас».

Пән ішілік байланыс:

  • «Мейірбикенің   коммуникативтік  құзыреттілігі».
  • Коммуникативтік  үрдіс,  дағдылар  туралы  түсінік. Мейірбикенің  кәсіби  жұмысындағы  коммуникативтік  дағдылардың  маңызы.

Өткізу уақыты: 90 минут

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Немов  Р.С. Психология. – М., Юрайт,2010

Островская  И.В. Психология. Учебник. – М., 2008. – 400с.

Қосымша әдебиеттер:

1. М.А.Асимов,  С.А.Нұрмағанбетова,  Ю.В.Игнатьев.  «Коммуникативтік дағдылар»,Алматы 2009 ж.

2. Л.Т. Кулимова «Коммуникация негіздері», Қарағанды-2012 жыл. 32-42 б.

Сабақтың хронологиялық кестесі

Сабақтың құрылымдық бөлімдері Уақыты
I. Ұйымдастыру кезеңі: студенттермен амандасу, түгелдеу; аудиторияның санитарлық – гигиеналық жағдайына,  студенттердің сырт көріністеріне, олардың сабаққа дайындығына  мән беру;студенттерді сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жоспарымен таныстыру; 2 минут
II. Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру. Тақырыбы: «Мейірбикенің   коммуникативтік  құзыреттілігі».   20 минут
I – кезең.«Бинго» ойыны.  Ауызша, жекеше сұрау. 10минут
II – кезең.Тест сұрақтары. Жазбаша сұрау.   10минут
ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі. 45-50 минут
  Тақырыбы:«Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасшылық». Жоспар: 2.1. Қарым-қатынас жасау туралы жалпы ұғым. 2.2. Вербальды, вербальды емес қарым-қатынас. 2.3. Көшбасшылық туралы жалпы ұғым. 2.4. Бейнефильм. 2.5. Тіректі конспектімен жұмыс.  
IV. Жаңа тақырыпты бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру. 3.1. «Суреттер сөйлейді» ойыны. 3.2.«Өз орнын тап» ойыны. 10 минут
V. Сабақтың қорытындысы. 4.1. Тақырып бойынша шолу жасау. 3 минут
VI. Рефлексия. 5.1. Кері байланыс парағына студенттердің сабақтан алған әсерлерімен бөлісу. 2 минут
VII. Бағалау. 6.1. Студенттердің  алған бағасымен таныстыру. Белсенді студенттерді атап шығу. 2 минут
VIII. Үй тапсырмасы. Тақырыбы:«Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасшылық». Островская  И.В. Психология. Учебник. – М., 2008. 251 – 255 б.б 1 минут

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут.

1. студенттермен амандасу, түгелдеу;

2. аудиторияның санитарлық – гигиеналық жағдайына,  студенттердің сырт көріністеріне, олардың сабаққа дайындығына  мән беру;

3. студенттерді сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жоспарымен таныстыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 20 минут.

Тақырыбы: «Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі».

1.Сұрау әдісі: «Бинго ойыны» – 10 минут.

Ойын сұрақтары

1. Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не?

2.Коммуникативтік қабілеттілік дегеніміз не?

3. Медициналық қызметкердің негізгі коммуникативтік шеберлігі түрлеріне тоқталыңыз?

4. Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігі дегеніміз не?

5. Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары қандай ережелерден тұрады?

6. Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттама дегеніміз не?

7. Аффилиация дегеніміз не?

8. Эмоционалды тұрақтылық дегеніміз не?

9. Эмпатия дегеніміз не?

10. Сензитивтілік рефлексия дегеніміз не?

Жауаптары:

1. Тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі.

2. Медициналық қызметкер мен науқастың сұхбаттасуы.

3. Шеберлігі түрлері мыналар жатады:

  •  тұлға аралық коммуникацияға шеберлік;
  •  бір-бірін қабылдауға және түсінуге шеберлік;
  •  тұлға аралық әсер ету шеберлігі;
  • науқастың психологиялық қорғанысын және жасырын себептерін анықтай алу     шеберлігі;
  • науқастың эмоционалды жағдайын түсіне алу шеберлігі;

4. Науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру.

5.  Негізгі қағидалары:

  • тиесілі хабарламаны науқасқа, медициналық қызметкерлерге, әріптестеріне жеткізуде немесе қабылдап алуда нақты, әрі анық сөйлеу.
  • қарым-қатынастағы қиындықтарды анықтап, нәтижеге тез қол жеткізгенше жұмыс жасау.
  • дене қозғалысы мен тілінің сөздік емес белгілерін қабылдау мен түсіну.
  • коммуникацияның ауызша, жазбаша және электрондытәсілдерінқолдану.
  • алынған ақпаратты қай кезде басқаға жеткізу керектігін білу (кәсіби маманға).
  • қарым-қатынас дағдыларын меңгеруді игеруді дамытудың қажеттілігін сезіну.

6.Қарым-қатынасты дамытуы, науқастардың туыстарымен, басқа да адамдармен әрекеттесуі.

7. Аффилиация (лат.affiliate – қосу, қосылу) – адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы.

8. Көңіл-күйдің тұрақтылығы.

9. Өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну.

10. Қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті.

2. Тест. 2- нұсқадан, 10 сұрақтан беріледі. 10 минут.

І – нұсқа.

1. Коммуникация дегеніміз не?

А)кері байланыс

В) ақпарат құралы

С) тасымалдаушы құрал

D) вербальді емес қарым – қатынас

Е) өзара түсінісушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу процесі

2. «Коммуникация» термині латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

А)байланыс

В) барлығымен бөлісу

С) кері байланыс

D) ақпарат

Е) жаңалық

3. Коммуникация жетістігін білу үшін қажет:

А)зейін

В) қабілет

С) ақпарат

D) сана

Е) құзырет

4. Субординация дегеніміз не?

А)қызметіне қарай бір-біріне бағыну

В) шешім қабылдау

С) билік

D) ұйымшылдық

Е) сәйкестендіру

5. Эмпатия дегеніміз не?

А)бірге қайғыру

В) ашулану

С) түйсік

D) сана

Е) қарым-қатынас

6. Деонтология дегеніміз не?

А)тілек

В) парыз

С) арман

D) жанжал

Е) мақсат

7. Ақпарат алмасудың негізгі құралы:

А)қимыл

В) оқу

С) сана

D) жест

Е) сөз

8. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттер көрінісі

А)ашкөздік мінез-құлық

В) мінездің ауытқуы

С) агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық

D) криминалды мінез-құлық

Е) ауытқу

9. Майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайда күнемдікке байланысты жат мінез-құлық бұл –

А)ашкөздік мінез-құлық

В) ауытқу

С) мінездің ауытқуы

D) криминалды мінез-құлық

Е) агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық

10. Заң бұзушылық болып табылатын мінез-құлықты атаңыз

А)ашкөздік мінез-құлық

В) агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық

С) мінездің ауытқуы

D) криминалды мінез-құлық

Е) апатия

Жауаптары:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Е В С А А В Е С А Д

ІІ – нұсқа.

1.Аффилиациядегеніміз не?

А) науқаспенжанасуғаықпалдануы

В) науқасты тексеру

С) науқаспен амандасу

D) дұрыс қарым-қатынас

Е) дұрыс тамақтану

2. Эмоционалды тұрақтылықдегеніміз не?

А) көңіл-күйдің тұрақтылығы

В) көңіл-күйдің ауысуы

С) мазасыздану

D) үрей

Е) депрессия

3. Сенситивтілік (сезімталдық)дегеніміз не?

А)көңіл-күйдің бұзылыстары

В) қоршаған ортамен байланыс

С) қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті

D) мазасыздық деңгей

Е) қабылдау процесінің бұзылуы

4. Рефлексия бұл –

А) қатынасушы медициналық қызметкерде«науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы

В) науқастың медицина қызметкерімен қарым-қатынас жасауы

С) науқастың шағымы

D) науқастың дәрігерден қорқуы

Е) науқастың диагнозы

5. Медициналық қызметкердің кәсіптік беделі –

А)науқастың шағымы

В) «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы

С) науқастың медицина қызметкерімен қарым-қатынас жасауы

D) медициналық қызметкердің бейімділігін құрастыратын компонент

Е) науқастың дәрігерден қорқуы

6. Медицина қызметкерінің психикалық процестері бұзылған науқастармен қарым-қатынастағы ұстану ережесі:

А)аталғандардың барлығы дұрыс

В) автономия

С) науқасқа зиян келтірмеу

D) этикалық норма

Е) дәрігер құпиясы

7. Коммуникация жетістігін білу үшін қажет:

А)зейін

В) қабілет

С) ақпарат

D) сана

Е) құзырет

8. Субординация дегеніміз не?

А)қызметіне қарай бір-біріне бағыну

В) шешім қабылдау

С) билік

D) ұйымшылдық

Е) сәйкестендіру

9. Ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болатын бағыт-бағдар түрі:

А) ұмтылыс

В) құмарлық

С) таным

D) қайғы

Е) еріншектік

10. Адам өмірін құрайды және мәнді етеді:

А) еңбек

В) дағды

С) әрекет

D) құмарлық

Е) жалқаулық

Жауаптары:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А А С А Д А С А А А

III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі. 45 – 50 минут.

Тақырыбы: «Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері. Көшбасшылық».

Жоспары:

1.Қарым-қатынас жасау туралы жалпы ұғым.

2. Вербальды, вербальды емес қарым-қатынас.

3. Көшбасшылық туралы жалпы ұғым.

Қарым-қатынас жасау қағидалары.

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-əрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тəжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының жəне қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тəжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы жəне өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым- қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға əрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дəрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхпаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау жəне тəжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мəдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап,сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидалары:

1. Ыңғайы келсе адамдарды əрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш- қуат береді.

2. Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз.

3. Адам жайлы тек жақсы нəрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс.

4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады.

5. Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде əлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бəрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады.

6. Адамдарды сынап, мінемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін сынаңыз, жеке басын емес.

7. Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз. Бұлай тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің жаныңызда өзінің маңыздылығын сезінсін.

8. Əрдайым өз қателіктеріңіз бен кінəларыңызды байқап жүріңіз жəне кешірім сұраңыз.

9. Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз.

10. Ашулану – бұл адамның көмек пен қолдауға зəру екендігін білдіреді. Сондықтан адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырсыңыз.

11. Тыңдап үйреніңіз жəне аз сөйлеңіз.

12. Кейде жақсы ойды, идеяны əңгімелесушіңіз айтқандай, басымдық беріңіз. Кімнің бірінші айтқаны маңызды емес қой, маңыздысы – жақсы нəтиже шығару.

 13. Егер əңгімелесушіңіздің ойы қате болса, онда оның сөзін бөліп, тоқтатамын деп ойламаңыз. Өз ойын айтып бітпейінше, ол бəрібір райынан қайтпайды.

 14. Кез келген ұрысты тоқтату үшін, бəлкім, менікі дұрыс емес дей салыңыз. Сонда жанжалдың неден шыққаны да, ұрыс та тыйылады.

15. Адамдарға еш себепсіз жиі сыйлық жасап тұрыңыз. Бұл сіздің еш мейрамға қарамай, адамды əрдайым қуантқыңыз келетінін көрсетеді.

16. Егер сіздің бірдеңеге ашуыңыз келіп тұрса, сабырлық танытыңыз, үндемеңіз, эмоцияңызды іште сақтаңыз. Бəрін шорт кесуден аулақ болыңыз. Жай ғана адамға ойындағысын айтуға, ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, ал сосын өзіңізге жағатын сөздеріне мəн беріңіз. Əңгіме біткен соң, оның сөздерін тағы саралап көремін деңіз.

17. Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз.

 18. Жымиып жүріңіз.

 19. Адамды толық атымен атаңыз. Осылайша оның жеке басына сыйластығыңызды білдіресіз.

20. Əңгімені аяқтағанда, əңгімелесуші жақсы көңіл-күйде қалғанын қадағалаңыз.

21. Кешірімді болыңыз.

Вербалды, вербальды емес қарым-қатынас.

Қарым-қатынас кезінде ауызша және жазбаша қолданыстармен бірге паратілдік құралдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Сөйленістің вербалды тәсілдерімен бірге жүретін кинесикалық, проксемикалық,просодикалық амалдар мен қимылдар лингвистикада бейвербалды қатынастың құрамында болатынын түсіндіреді. Паратілдік құралдар да дыбыстық сөздер сияқты өте тиімді және ыңғайлы болып есептелінеді. Шынында да, адамдар бірін-бірі белгілі бір дыбыстар арқылы ғана емес, қимылдар арқылы да түсінісе алады.

Қарым-қатынастағы қимылдар көрінісі өз тұрғысынан ұлттық ерекшеліктермен қатар бейвербалды амалдардың универсалды қасиеттерді білдіретіндері де аз емес. Кейбір қимылдардың қарым-қатынас кезінде жасалуы жағынан бірдей болғанымен, мағыналық тұрғысынан айырмашылығы да болады. Бейвербалды амалдардың универсалдық, ұлттық, мағыналық тұстары және ерекшеліктері мен ұқсастықтары қазіргі тіл білімінде тиісті дәрежеде зерттеліп, жан-жақты қарастырылмауда. Осы мәселе тұрғысында қарастырылған мәселелер ғалымдардың біразын осы теориялық және тәжірибелік жағынан түрлі аспектіде қызықтырады.

ХХ ғасырдың ортасында жаңа ғылым салалары өмірге келіп,  кең қанат жая бастады. Солардың бірі ХХ ғасырдың аяқ кезінде қарым-қатынастағы бейвербалды амалдарды үйрететін және оны зерттейтін – паралингвистика ғылымы. Шет елге сапарға барғанда, шет тілін үйрену тәжірибесінде де қарым-қатынаста да бейвербалды амалдар үлкен маңызға ие.

Паратілдік амалдар вербалды ақпараттардың мазмұнын толықтырып қана қоймайды, сонымен бірге сөйлеушінің әлеуметтік жастық ерекшеліктері, мінез қасиеттері туралы хабар береді. Сөйлеудің вербалды жағына байланысты паратілдік амалдар үш түрлі қызмет атқара алады. Қосымша ақпарат жеткізеді. Мысалы, жағымды  вербалды мәтін қайшылықты қатынастағы жағымсыз семантикалы қимылдың фонациялық сипатынан көрініс табады.

Түсіп қалған вербалды құрамдас бөліктің орнына жұмсалады, мысалы, Бізбен бірге барғың келе ме? сұрағына келіспеушілік қимылы көрсетіледі. Вербалды амалдар сол мағынаны нақтылай түсу үшін де қолданылады, мысалы, Маған ана жасыл доп керек тіркесі сілтеу қимылы арқылы жүзеге асады.  Паратілдік амалдарға барлық тіл маңындағы амалдар, ал бірінш кезекте қимыл мен бет қимылы жатады. Паралингвистиканың бір саласы болып табылатын кинесика адамдардың қарым-қатынасындағы бет қимылдарын қарастырады.

Кинесика (грекше kinesis – қозғалыс)– сөйлеу аппаратының қимылдарынан басқа адам өзара қатынас жасау үшін қолданылатын барлық ым-қимылдарды  (кинемалар) зерттейтін ғылым.

Қарым-қатынастағы ұлттық-мәдени ерекшелікті және универсалдылықты білдіретін бейвербалды амалдар туа біткен қатынас құралдары емес, олар қатынас жасау барысындағы қабілет арқылы пайда болған. Керісінше көңіл-күйді білдіретін кинесикалық және просодикалық (дауыс ырғағы, екпіні), құралдар туа біткен қасиетке ие.

Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген кинемалардың универсалдылық қасиеттері де бар. Түрлі халықтар тілінде қолданылатын кинемалар бірдей мағынаға ие болса, ал кейбір тілдерде мүлдем басқа мағына береді. Осыған орай тілде ұлттық және универсалдылықты білдіретін кинесикалық, проксемикалық амалдар да кездеседі.

Бейвербалды амалдардың ішінде адамның эмоциясынан хабар беретін ым-ишараттарды да кездестіруге болады. Эмоцияларды жасыру мүмкін емес. Адамға табиғи жолмен берілген қасиет болғандықтан,  эмоцияллар өз ішінде жағымды және жағымсыз эмоциялық белгілерге қарай жіктеледі. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз ым-ишараттар өз семантикасынан қарама-қайшы мәнде де жұмсалады. Олар қолданыс жағдаятына орай бірде жағымды, бірде жағымсыз түрде қабылданады. Адамның әр түрлі көңіл-күйінен хабар беретін аталған эмоциялар қарым-қатынас барысында айқын көрініс тауып отырады.

Кәсіптік саладағы бейвербалды амалдар көптеген елдерде бірдей мағынада қолданылады. Олар универсалды кинемалар болып табылады. Кәсіптік саладағы бейвервалды амалдардың универсалдылығын білдіретін кинемалар көбінесе спорт саласында қолданылады. Спорт саласындағы қимылдардың көптеген елдерде бірдей мағынада жұмсалуы олардың халықаралық мәртебесімен тікелей байланысты.

Ым тілдерінің туыстық байланысы дыбысты тілдер туыстығымен сәйкес келе бермейді. Мысалы, ағылшын тілді АҚШ саңырауларының ым тілі Англия саңырауларының ым тіліне ұқсас емес керісінше, Канада мен Франция саңырауларының ым тіліне жақын. Дыбысты тіл мен ым тілінің басты айырмашылығы  ойдың айтылып, жеткізілу тәсілінде. Ым тілінің ең шағын билатеральды единицасы, херемнен (грек. hejr, herjos  – қол) құралады [2, 465].

Ым тілі қазіргі кездегі ғалымдардың зерттеуі негізінде – тілдік емес белгілер деп жазбаша беріліп, айтылып та жүр. Адамның психикалық жай-күйін білдіретін тіліміздегі амалдардың бірі  – тілдік емес белгілер, яғни мұны кейде бейвербалды амалдар деп те атайды. Адамдар тек сөйлесу ғана емес бейвербалды амалдарды қолдану арқылы бір-бірімен түсінісе алады. Зерттеуші Б.Момынова мен С.Бейсембаевалар тілдік емес амалдар туралы былай дейді: «Дене тілі, ым мен ишарат – тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра, салғастыра, кешенді зерттеуге қол жеткізуге болатын, қазақ тіл біліміндегі теориялық тұғыры әлі толық.  анықтала қоймаған жаңа сала [3,7]. 

Кейбір ым мен ишараттың тұтас сөйлем немесе сөз, фраза, орнына жұмсала беретінін ескерсек, қазақ тілінің лексикасы, синтаксис және фразеология, семантика салаларын зерттеуде әлі толық пайдаланылмаған бірақ пайдалануға тиісті материал екені айқындалады.

Мимика үш түрін атап көрсетеді. Олар:

Біріншісі: бет терісінің қозғалысы;

Екіншісі: пантомимика, яғни барлық дене қозғалысы;

Үшіншісі: бокалды мимика, бұған дауыс ырғағы, интонация тағы басқа жатады.

Қазақ топырағында бұл терминге ең алғаш көңіл аударғандардың бірі Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаев болды. Ж.Аймауытов беттің  ымын – мимика, ал ымдасуды  – пантомимо деп атап, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ол  көз, қас, қабақ, мұрын, ауыз, бас, бас пен кеуде аяқ қимылдарының негізінде тілдік емес амалдардың берілуін өзіндік мысалдармен нақтылап дәлелдейді. Соның ішіндегі психикалық жай-күйлерді атап өтсек. Мысалы:

1. Беттің ымы (мимика):

а) қас-қабақ: қастың салбырауы, қабақты түю, маңдайдың тік сызықтармен қатпарлануы – бұл көңілсіздіктің, жабығудың, қала берсе ашудың белгісі.

Мысалы: Мына, Ахметтің Боранбайының қасы түйіліп, қабағынан қар жауып тұр екен.

ә) кірпік: кірпіктің қимылы көз не үлкейіп, не кішірейгенде болады. Жоғарғы кірпігін төмен түсіру – қорыққанның, қысылғанның, ұялғанның белгісі.

Мысалы: Үйдегі отырғандардың әңгіме ауаны өзіне ауғанын сезген Гауһар көзі жыпылықтап, кірпігін жоғарғы-төмен түсіріп бір қызарды, бір бозарды.

б) көзді мүлдем қысу – күлкісіз әсердің (мәселен, жылаудың) белгісі.  Көз ойнақшығанда (жіті, тез қарас найзағай сықылды) адамды ашу ыза кернейді.

Мысалы: Бесіктегі баланың ашуға мінгені соншалық, екі көзін тас қылып жұмып алып ойбайлап жылауда.

в) мұрын: демді қатты алу, мұрынның түбін жиыру – ашу, ыза құбылысы. 

Мысалы: Келіншектің көңілденгеніне ашуы шыққан Сарғасқа бетінің әжімдерін жиыра демін қатты алып, танауы делдиіп кетті.

г) ауыз: екі езу төмен салбырап, жоғарғы еріннің көтерілуі, жағымсыз шіміркеністің, жылаудың құбылысы; Төменгі ерінді салпитып бұртию – үрейленудің белгісі.

Мысалы: Үйлердің арасындағы ағаштар қарауытып, анталаған адамдар сияқты Жұманы үрейлендіре түсті.

2. Ымдасу (пантомимо):

а) иық: иығын төмен түсіру – қысылғандықтың белгісі.

Мысалы: Мәселенің мәнісінің бұлай болып кететінін ойламаған Жұма лажсындан екі иығын төмен түсіріп тұр.

ә) қол: қол бастың таянышы болса – мұңайғанның белгісі. Қолдар бастың, беттің түрлі бөлімдеріне, бетке не ауызға тірелсе бұл ұялғанның белгісі. Босаң, қатты жұмылған әр түрлі жұмырық(жұдырық), түю – ашудың белгісі.

Мысалы: Өзінің осы жолы қатты қателескенін сезген Оралбай екі қолымен басын сығымдап ұстап, жерге отыра кетті.

      Ым-ишара, әдет-ғұрып ежелгі ата-бабаларымыздың салт, әдеп, үлгі, таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, салт-дәстүрде көрініс тапқан халықтың бай қазыналары болып саналады.

Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», – деп кеңес береді [1].

Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала – паралингвистика (гр. «para» – жанында, қасында деген мағынаны білдіреді). Яғни ол хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса, сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілсіз) амалдармен берілуін және сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес, тәсілдердің жиынтығын зерттейді. Бұл терминді алғаш ұсынған американ ғалымы А.Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу аясын белгілеген зерттеуші Дж.Трейгер [2].

Паралингвистка сөйленіс кезіндегі, оның ішінде ауызша қатынас кезінде қатарласа жүретін дыбыстық кодтармен шұғылданады. Бұл дыбыстық кодтар – информацияның белгілі бір мән-мағынамен баюын, бағалауыштық және мағыналық түрлі реңктердің болуын, сонымен бірге олардың тілдік қатынас кезінде өмір сүруін қамтамасыз ететін мағыналық, дыбыстық кодтар [3].

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.

Қандайда бір ақпараттарды арнайы белгілер жүйесі арқылы бере аламыз. Коммуникативтік процесте қолданылатын бірнеше белгілер жүйесі бар, соған сәйкес қылып қарым-қатынас үдерісінің топтастырылуын жасауға болады. Егер коммуникацияны бөліп қарастырсақ, олардың белгілік жүйелердің әртүрлісін колдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлуге болады.

Соның ішінде Бейвербалды  қарым-қатынас – бұл сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.

Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді [4]. Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде зерттеген.  Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған..

Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.

А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа қадамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю – қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу – сәлем беру.

Б) Дене қалпы. Адамның денесі 1000 түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін. Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті  танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.

В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.

Г) Мимика. Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы. Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш, қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту – біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.

Ғ) Визуалды контакт – қарым-қатынастың негізгі элементі. Трансмиссорға карап тұру тек қызығушылыктың белгісі емес, сонымен қатар рецепиентке акпаратқа назар аударуға көмектеседі. Мәселен, 1) Көзін қадау (оқты көзін қадау)- жиіркенуді, жек көруді аңғарту; 2) Көзімен адырая (бажырая) қарау – шектен шыққан ашуды білдіру; 3) Ала көзімен қарау – көңілі толмау, жек көру; 4) Көзін төңкере қарау – сұхбаттасына қылымсу, еркелеу; 5) Көзін қысу – ниеттестікті білдіру;

 Просодикаға тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту – мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағы – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.

Такесика – коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу – біреумен кездесуге қатты қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру – амандасу; 4) Бетінен сүю – еркелету, жақсы көруді білдіру. 5) Бауырына басу (алу) – амандасудың белгісі немесе жақсы көру, еркелету.

Проксемика – адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. 

Мәселен, 1) Бұрыла қарау – қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру; 2) Шалқайып отыру – бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің таусылғанын білдіру.

Паралингвистика (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сонымен, паралингвистика – ”тіл – тілдік қатынастың вербалды емес белгілерін” зерттейді.

Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар.


Олар:

1)  кинетикалық, яғни, қимыл, поза, бет қимылы;

2) фонациялық, яғни дыбыстық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен, диалектілік айтылу ерекшеліктері);

3) графикалық (әріптерді жазу – почерк, символдар және т.б.). Сөйлемдегі сөзге қатысты паралингвистика құралдары үш түрлі қызмет атқарады: қосымша хабар жеткізеді, сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге қолданылады. Паралингвистика термині 1940ж. бастап қолданылады (А. Хилл енгізген). Қарым-қатынастың бейвербалды құралдары өте көп қолданылады. 
Ернін тістелеу – бұл да ұялуды білдіретін кинесикалық амалдың бір түрі. Бұл ым-ишаратты көбіне әйелдер қарым-қатынасында кездестіруге болады. Әйелдер күнделікті тұрмыста ұятты сөз естігенде, біреудің алдында өзін кінәлі сезініп ұялғанда ернін тістелейді. Тілі күрмелу просодикалық амалы ұялу эмоциясына мысал бола алады. Ұялу кезінде дауыс жай және жұмсағырақ шығады. Аталған бейвербалды амалдарға сипаттама бере келе, нақты мысалдар арқылы да дәлелдеп өтелік. Мысалы, Мәрия кідіріп тұра қалды.
– Бірдеме айтайын дедің бе?
– Айтайын деп едім.
– Айта ғой. Раушан айта алмай күрмеліп, төмен қарады. 
Бетін шымшу – ұялу. Масқара, ұят-ай!, бетім-ай! деген вербалды амалдардың ым түрінде берілуі. Көптен не шықпайды, өзара күбірлесіп, кейбіреулері бетін шымшып, өзімен-өзі болып отырғандары да бар.
Адам қимылсыз, эмоциясыз сөйлей алмайды, яғни қарым-қатынасқа түсе алмайды. Әйтеуір, әңгімені қоштауда немесе таңғалу, қуану, ұялу т.б. қатысты бір ым-ишараның түрін қолданатындығы белгілі. Ым-ишарасыз сөздің мағынасы мен мәні жоқ болып тұратындай көрінеді. Себебі бейвербалды амалдар қарым-қатынастағы сөйленіске қосымша мағына үстеп, айтар ойдың маңыздылығы мен нақтылығын арттырып тұрады.

Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.  Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз.

Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы.

            Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу,  дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

1. Дауыс — адамның жəне өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін əрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады. Музыкада – дауыс төмен (жуан), жоғары (жіңішке) жəне “қойылған”, “қалыпқа түскен” (арнайы маманданған кəсіпқой əншінің дауысы, сахна сөзі), сондай-ақ “қалыпқа түспеген” (арнаулы білім алмаған əуесқой əншінің дауысы, тұрмыстағы əдеткі сөйлеу, тілдесу) болып бөлінеді.

2. Интонация — маңызды тіл құралы. Түрлі интонациямен айтылған əр сөйлем əр түрлі мағына береді. Интонация айтылған пікірлердің мағыналық жəне эмоциялық айырмашылықтарын береді; сөйлеушілердің көңілкүйін, олардың əңгіменің тақырыбына, бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді. Интонация арқылы негізгі қатынастық мағыналар: байлам, сұрақ, таңдану, ынталану білдіріледі. Интонация ауызша сөзді жазба сөзден ерекшелендіреді, оны байытып, əсерлендіріп, оған қайталанбас дербес сипат береді.

3.Артикуляция (лат. artіculo — бөлу), музыкада — 1). музыкалық аспапта немесе дауыспен орындағанда үн шығару əдісі. Артикуляцияның 3 түрі бар: үнді байланыстыра (legato), бөле (nоn legato), қысқарта (staccato) шығару. Артикуляция сөз арқылы (legato, pіzzіcato, tenuto, portato) немесе өзіне тəн жазба таңбалармен белгіленеді: лига, нүкте, сызықша, т.б. 2). Əн айту кезінде дауысты жəне дауыссыз дыбыстарды айқындап айту.

          Вербальды емес қарым-қатынас Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Вербальдық емес қарым-қатынас тəсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара əрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың интонациясы, тембрі жəне жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тəсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс жəне дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда əлдеқайда көп. Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) əсерлері болып табылады.

           Визуалдық байланыс қарапайым және қаруланған  көзбен көру, бақылау. Вербальдық емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А. Пиц, Дж. Ниренберг жəне Г. Калеро қимыл- қозғалыстардың толық классификациясын береді.

1. «Ашық қимыл-қозғалыстар» жəне «сенім, ықылас қимыл-қозғалыстары» алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қандай да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен ерекшеленеді, қолды кеудеге қою мен серіктесіне қолды тигізумен ерекшеленеді. Мұндай қимыл-қозғалыстар серіктестің психологиялық ашықтығы мен адалдығын дəлелдеп, оның тең құқылы өзара əрекеттесуге дайын екендігін көрсетеді.

2. «Жабық қимыл-қозғалыстар» немесе «адал емес қимыл-қозғалыстар» жоғарыда суреттелген. Олар қарым- қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар екендігін көрсетедеі, серіктестің қарама-қайшы психологиялық міндеттерді шешкелі тұрғандығын көрсетеді.

3. «Бағаладу қимыл-қозғалыстары» (иекті қасу, сұқ саусақты беттің бойымен созу, тұрып ары-бері жүру жəне т.б.) серіктестің сенімсіздік білдіріп тұрғандығын көрсетеді.

4. «Сенімділік қимыл-қозғалыстары» (орындықта отырып ары-бері теңселу, саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу) серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы, жайлы сезініп тұрғанын жəне өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын көрсетеді.

5. «өзіне сенімсіздік жəне шыдамсыздық (неврозность) қимыл-қозғалыстары» (қол саусақтарын алйқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен үстелдің бетін ұру жəне т.б.).

6. «Күту қимыл-қозғалыстары» алақандарды үйкелеу, ылғал алақандарды матаға сүрту, т.б.

7. «Мойындамау (отрицание) қимыл-қозғалыстары» (денені артқа еңкейту, қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу жəне т.б.) серіктестің сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді жəне фактілер мен дəлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді.

Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара түсіністік.

Қарым-қатынас барысында медициналық кезметкерлер сөз арқылы араласумен қатар, қосымша келесі вербальды емес әдістерді де қолданады:

Қатысушының мимикасын зерттеу;

Дене қалпын зертеу;

Қас-қабағын, көзқарасын зерттеу;

Қол қимылдарын зерттеу;

Дауыс ерекшеліктерін анықтау.

Сырқаттанып, ем іздеп келген адам ерекше сезімтал болуына байланысты, медициналық мекемеде оған ерекше жағдай жасалып, оның бәрі жәрдем беруге, науқастың қасіретін жеңілдетуге арналғанына, бағытталғанына науқастың көзі жетуі керек. Яғни, емделу тіркелуден және қабылдау бөлімшесінен басталады. Науқаспен алғашқысында жанасатын мейірбике және кіші мейірбике өздерінің сезімталдығын, қайырылымдығын, іскерлігін және жәрдем беруге даярлығын көрсетіп, дәрігердің қабылдауының алдында, науқасқа жайлы жағдай жасай білгендігі маңызды. Медициналық қызметкер тарапынан қайырымдылық жасауға даярлық жағдай тудырылса, науқастың алғашқы келгенінде байқалған ұяңдығы, қорқыныш сезімі, психологиялық барьерлер жойылып, медициналық қызметкерге сенімділігі арта түседі. Медициналық қызметкердің көңіл-күйі ашық екенін, науқастың қасіретін тыңдауға, жәрдемдесуге даярлығын сезіп, түсінген ауру оған сенімділік білдіріп, дұрыс қатынасады. Осы себептен, медициналық қызметкер өзінің  жеке басының уайым-ойларын ұмытып, барлық ынта-назарын ауруға толық көшірсе, науқастың армандаған үміті мен сенімі арта түсіп, қарым-қатынасы ойдағыдай өтеді.

            Керісінше медициналық қызметкер асығыс екенін сездірсе, сағатқа қарай отырып, бірден ауру құжаттарын оқуға кірісе, назарын басқа іске аударса, орындықта шалқая отырса, науқас оған сенімсіздік білдіріп, абыржиды, ашық ойдағыдай ара қатынас мүмкіншілігі толық жойылады. Яғни, медициналық қызметкер өз әрекеттерін, көңіл-күйін, әсіресе сөзін үнемі бақылай отырып, ынта назарын толық науқасқа аударуы керек. Сонымен, медициналық қызметкер білімділігі, білгерлігі және біліктілігімен қатар, ол әрі актер, әрі психолог та болып, басқа адамның жағдайын, ішкі ойын, көңіл-күйін жақсы түсініп қарым-қатынас құра алады.

            Визуальды қатынасу («көз жанасуы») көзқарас арқылы контакт, вербальды коммуникацияның әсерін күшейте түседі. Көзбен жанасу – вербальды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Өзара көзқарасы адамнан туындаған ситуацияға араласу құштарлығын, немесе керісінше, қарсылығын айқындайды. Мысалы, шашыраңқы қарау немеесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді. Ұяң және үрейленген, қорыққан адамдарда визуалдық  жанасу ешбір мәліметті бермеуі де мүмкін.

            Ол адамның ұлттық, мәдени ерекшеліктеріне де байланысты болады. Мысалы, Амаерика және Еуропа елдерінде тікелей қарау адамның шыншылдығын, сенімділігін сездіреді. Ал, Азия елдерінде, әсіресе Жапон және Кореяда, тік қарау адамның басым болғысы келетінін, агрессивті екенін көрсетеді. Сондықтан қатынасу үстінде адамға тік қарау мезгілі 3 секундтан аспауы керек, себебі, бұл уақыт партнерді қоздырмай, тиімді психологиялық жанасу құруға жеткілікті. Егер тік қарау мерзімі 3 секундтан ұзақ болса, пациентте дискомфорт және мазасыздық жағдайы туады, ал 10 секундтан артық уақыт-конфронтация және агрессияға әкелуі мүмкін.

Дене қимылдары, дене қалпы қарым-қатынас үстінде науұастан қосымша ақпарат жинастыруға мүмкіншілік береді. Мысалы, науқастың жүріс мәнері оның физикалық жағдайын, көңіл-күйін сипаттайды. Қол сермеуі (жест) және дене қалпы (поза) пациенттің мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді. Науқасты бақылау үстінде оның эмоциялық құбылыстары айқындалады. Толқу үстінде науқас үнемі басының, бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап, сипалап тұрады. Науқастың қолын төсіне айқастыруы, қолын арқасында ұстауы, қолымен тосқауыл жасау сиякты жестілері оның қорғаныш реакцияларын білдіреді. Ал қолдарын беліне таянуы, алақанын төмен қарап ұстауы, саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттері науқастың қарсылығын білдіреді. Егер науқас медициналық қызметкерді мұқият тыңдаса, мынандай дене қалпы байқалады: қолдары иегінде, басы сәл еңкейген, қолдарының саусақтары төмен бағытталған. Науқастың күдігін білдіретін ымдарына жататындары: айналасына жалтақтай қарай беруі, медициналық қызметкерге тек көз қырын ғана салып отыруы, аузын алақанмен жаба беруі т.б. Егер науқас ешқандай ақпаратты қабылдағысы келмесе, қағаздарын жинастыра бастайды, сағатына және есікке жиі-жиі қарай береді, көзқарасы жандана түседі.

            Ауру адамның қол сермеуі ақпарат тасымалдауда жиі қолданылады. Медициналық қызметкермен келісімін, ситуацияны бекітуін немесе керісінше, қарсылығын науқастың бас қимылы білдіреді. Қол қимылдары арқылы медициналық қызметкер науқасты отыруға немесе тұруға шақырады, ал қол бұлғауға оны қуаттануын білдіреді.

            Қарым-қатынас құрған кезде дене қалпы және қол қимылдары өте маңызды. Мысалы, медициналық кызметкер орындық шетіне ғана отырып, науқаспен әңгіме құрған жағдайда, ол оның асығыс екенін, сұхбаттасу қысқа болатынын болжайды. Қарым-қатынас кезінде медициналық қызметкердіңде отырыс-тұрысына, дауысы мен қас қабағына науқас қатты назар аударып, көп мән береді. Сонымен қатар, медициналық қызметкер науқастың қас-қабағын, көзқарасы, мимикасын, дене және қол қимылдарын, жатыс-тұрысын, жүрісін қадағалап бақылайды.

            Науқастың бет әлпеті, мимикасы қарым-қатынас кезінде маңызды орын алады. Ол науқастың нағыз ойын, сезімдерін және эмоцияларын айқындайды. Бет әлпеті науқастың психологиялық құбылыстарын сипаттайды: назалауын, қорқуын, қайғыруын т.б. Мысалы, еріннің бұрыштары төмен түсіп тұрса, науқастың қайғыру үстінде екенін, шаршап, қалжырауын көрсетеді. Ал ерін бұрыштары жоғары қарай бағытталса – медициналық қызметкерге тәуелділігін, оның мақұлдауын, демеуін күтіп тұрғанын, сенімсіздік ойын бейнелейді. Ауыз сызығы тік болса-науқастың жағдайы жақсарған деп болжауға болады.

            Науқастың мұрын мен ерін қатпары қайғыру эмоцияларын көрсетеді. Маңдайдың горизонтальді сызықтары, қабағының көтерілуі, көзі үлкейіп, аузын ашуы, оның таң қалғанын көрсетеді. Маңдайда вертикальді сызықтардың болуы және қабағы түсуі, көзі қысылуы, аузын қысуын-науқастың назалануын бейнелейді.

            Науқастың қас-қабағын, бет қимылдарын байқап, түсіну арқылы медициналық қызметкер оның ішінде жасырын жатқан пиғылын, көңіл-күйін, терең ойын біле алады. Осы себептен коммуникативтік білгерлігі арқылы медициналық кызметкер ем шараларының нәтижесін, олардың науқасқа тиімділігін бірталай өсіріп, жоғары дәрежеге жеткізеді.

Сұхбаттасу барысында медицина қызметкерінің де жесттері көптеген ақпаратты білдіре алады, олар медициналық қызметкердің науқасқа деген қатынасын айқындайды. Оған күлімсіреу, басты изеу, жылы көзбен қарау, арнайы мақсатпен қолмен қимыл жасау жатады. Мысалы, кейбір жесттер сөйлеу барысындағы сөздер мен сөз тіркесінің орнына қолданылуы мүмкін. Ал, дене қимылы және бұлшықеттері қозғалыстары арнайы эмоцияны, көңіл-күйді білдіруге болады. Жалпы, ерекше мағынаға ие болатын белгілер жүйесі коммуникативтік үрдісте маңызды орын алады.

«Жабық» позалар науқастың қатынасуға қарсылық жасағанын сездіреді. Оларға жататындары: кеудесіне қолдарын айқастыра тұруы – «Напалеон позасы», аяғын айқастыра отыруы, қол ұшын қалтаға салуы немесе қолдарын арқасына жасыруы, басын және денесін басқа жаққа бұрып ұстауы, жерге немесе дәрігерден тыс қарауы.

«Ашық» позалар науқастың араи қатынасқа және әрекетке даярлығын көрсетеді. Оларға жататындары: басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған, бетке тік қарауы.

            Медициналық қызметкер науқаспен қатынас құрғанда, әсіресе бастапқы сатыларында, ашық позаларды пайдаланады.

Паралингвистикалық  компоненттер. Вербальды, яғни сөз арқылы қарым-қатынас құруда паралингвистикалық құбылыстар (вербальды емес) да кеңінен қолданылады. Мысалы, түрлі дыбыстар – жөтелу, ыңырсу, есінеу, терең демалу және т.б. сөйлесу тәсіліне жатпаса да, мағыналы болады, науқастың жағдайын, көңіл-күйін, мәліметке көзқарасын білдіреді. Бұлардың арқасында келесі белгілер маңызды рөль атқарады:

дауыстың қаттылығы;

дауыстың қарқындылығы;

дауыстың ырғағы;

кідірістер

Медициналық қызметкердің даусының қаттылығы мен ырғағы жанасудың түсініспеушілік (конфликтті) түрде өтіп жатқанын мәлімдейді және науқастан агрессивті жауапты тудырады. Қатты сөйлеу үстінде, дауыстың қаттылы тіпті өсе түссе, науқасты кері, үрейлі реакцияға шақыруы мүмкін.

            Науқас үрейленгенде немесе қапаланғанда, өзіндік қиыншылықтарын айтқанда, медициналық қызметкердің назарын аударғысы келсе, сөйлеу тез, қарқынды болады. Клиникалық жағдайда қарқынды сөйлеу көбінесе үрейлнудің, қозудың белгісі.

Көшбасшылық туралы жалпы ұғым.

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу

қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына

мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының

қолданатын құралы.

Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа

адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені

жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың

қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға

бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен

әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады 

Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. 

Басшы –бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұладамның лауазымы. Жақсы басшы   қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдапотырады. Ал, Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көру қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды           
Көшбасшылық теориялары.

Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке

қарастыруға болады:

● Тұлғалық;

● Қылықтық;

● Жағдайлық.

Тұлғалық теория – оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.

Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.

Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.

Көшбасшының тағы бір ерекшеліктерінің бірі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталса да, ең бастысы үдеріс әр уақытта бірдей жүреді. Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді шешіп, соған сәйкес шешімдер шығару керек. Болашаққа мақсаттарды құру мен оларды орындауға бағытталған адамның ұмтылысы оның бойында керекті қасиеттерді сіңіртеді, белгілі бір әрекеттерге ынталандырады. Сондай-ақ ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде көшбасшы сабырлы және дипломатты болуы керек. Ол қасиеттер өзіне деген сенімділікпен және жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс. Екінші жағынан, ол қайсарлығымен де танылу керек, басқа жағдайда жоғарыда айтылған қасиеттер әлсіздіктің белгісі болып қалмақ.
Көшбасшылықтың фундаменталды қағидаларының бірі ұйым ішінде басқалардан өзіне деген жақсы қарым-қатынас пен жақсы жұмыс орнын күтуі болып табылады. Егер бұл күтулер жиі орындалып тұрса, онда оның нәтижелері де жақсы болады. Ол күтулердің орын алмауы мен әр кездегі сенімсіздік нәтижесінде адам бойында жағымсыз сезімдер туады. Көшбасшының тағы бір оң қасиеті – оның қайсарлығы болып табылады.
Көшбасшының іс жүргізу бағыттары.

Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:

● Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;

● Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;

● Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;

Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек, онда оның басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа жету болып табылады.


Көшбасшының орындайтын функциялары.

Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады:

● Бағыттаушы;

● Ұйымдастырушы;

● Ынталандырушы.

Бағыттаушы рөлдің негізін қарастыратын болсақ, көшбасшы іскерлік тапсырмаларды қойған және қабылдаған кезде, анықтағанда, жұмыстың ой мен стиліне аса мән беруі қажет. Көшбасшы қойылған мақсатқа жету үшін топты біріктіріп, топтық жұмысты жақсы бақылай алу керек. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас кезінде қорғауы қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті атқарғысы келсе, бұл үш рөлді бір-біріне ажыратып қолдана алмайды.

IV. Бейнефильм.

V.Өзіндік жұмыс: 10 минут.

  • тіректі конспекті жазу; (студенттерге арналған конспект).

Тақырыбы:Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері.

Қарым-қатынас жасау тәсілдері
Вербальды
Вербальды емес
Кинесика (грекше kinesis – қозғалыс)– ым-қимылдарды  (кинемалар) зерттейтін ғылым.      
Паралингвистика грек. para – қасындағы, маңындағы  
Кинетикақимыл, поза, бет қимылы;
Фонациядыбыстық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс);  
Графикалық (әріптерді жазу – почерк, символдар және т.б.).
Проксемика – ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады.    
Просодикаға – тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз.  
Лингвистика– тіл білімі  
Такесика дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады.  
Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы.  

VІ. Жаңа тақырыпты бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: 10 минут.

  1. «Суреттер сөйлейді» ойыны. Әр түрлі суреттер көрсетіледі, қай қарым-қатынас түріне жататынын анықтау.
  2. Кинесика:

  •  Просодика:

  • Такесика:
  • Проксемика:

  • «Өз орнын тап» ойыны.
Анықтамаларды сәйкестігіне қарай орналастырыңыз:  
«Ашық» позалар «Жабық» позалар
бетке тік қарауы. «Наполеон позасы».
басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған. қол ұшын қалтасына салу.
  аяғын айқастыра отыру.
  қолдарын арқасына жасыру.
  • Біліміңді тексер.

Ниренберг пен Калероның арнайы саусақтардың қимылын зерттеу туралы жүргізген зерттеулеріне сәйкес, бұл  сабырлы, шыдамды,

ешкіммен сырды бөліспейді және уайымын сырт көзге көрсеткісі келмейді

Бұл жестке тоқталар болсақ, ойлану яғни тығырықтан шығар жол издеу, әр түрлі ситуциядан қалай шығуға болатынын ойластыру. Бұндай адамдар көп қателікке жол бермейтін жандар деуге болады.

Бұл жестті байқаған болсаңыз: ол өзіне тым сенімді, қай сөзін болсын ойланып барып сөйлейтін адам, эмоциясы тұрақсыз, ортада өзін еркін ұстайды, жұрт назарында болғанды ұнатады.


Құлағын ұстайтынын байқасаңыз, бұл бала жиі жалған сөйлейді, яғни өз өзіне сенімсіз. Әлсіз, ортада өзін жайсыз ұстайды, достары аз және уайымшыл жандар.

Бұл жестке көңіл бөлетін болсақ, көп ойланатын, өз-өзіне сенімді жандар. Әр ісіне жете көңіл бөледі, өзіне жиі есеп береді. Бұндай кісілер өзге жандардың көңіліне қарап сөйлейді.

Психологияда бұл “жабық жест” болып табылады. Яғни қарым-қатынасқа түскісі келмейтіннің белгісі. Мінезі тұйық, байсалды, өз ойын анық жеткізе біледі.

VIІ. Сабақтың қорытындысы:

Тақырып бойынша шолу жасау.

VIІI. Рефлексия: 2 минут

Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

IХ. Бағалау: 2 минут

Студенттердің  алған бағасымен таныстыру. Белсенді студенттерді атап шығу.

Х.Үй тапсырмасы: 1 минут

Тақырыбы:«Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері». Островская  И.В. Психология. Учебник. – М., 2008.251-255б.

Оқытушының  аты-жөні: Амангелдиева А.Б.

Оқытушының  қолы:  __________________