«Түбінде адам болатын бала»


Нурмагамбетова Гулжиян Бердешовна

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, «Шағалалы Орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ:  «Менің атым Қожа» хикаяты «Түбінде адам болатын бала»
Күні: 18.02.20 Пән мұғалімі: Нурмагамбетова Г.Б.
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Пәні: Қазақ әдебиеті
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:   5.Т.Ж.3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. 5.А.И.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
Жетістік критерийлері:             Барлық оқушылар: эпизодтық көріністе кейіпкер рөлін сомдай алады;сызба көмегімен кейіпкер образын сипаттай алады;кейіпкерлерді салыстыра алады. Оқушылардың көпшілігі : кейіпкердің образын, оның портретін,іс-әрекетін,мінезін көрсететін мысалдар арқылы аша алады;салыстыруда автор қолданған суреттеулерді пайдалана алады.  Кейбір оқушылар :Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды.Талдау негізінде кейіпкерді анықтап,образын сипаттайды.Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады.
Құндылыққа баулу Балаларды шыншылдыққа,әдептілікке,отансүйгіштікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер:  Берілген тапсырмаларды мұқият орындайды.
Қажетті құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар,  маркерлер, парақтар,  суреттер
Оқыту әдістері:  «Құнды пікір» әдісі,  «Ой қозғау» әдісі , «Венн диаграммасы» «» әдісі
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар
  Сабақтың барысы:
Уақыт Блум Мұғалімнің әрекеті: Оқушының әрекеті:
Қызығушылықты ояту
7 минут Білу Мұғалім оқушылармен бірге көрініске қатыса алады, оқушаларды бақылайды. Повестен өздеріне ұнаған бір эпизодты алып, көрініс қояды.
    Психологиялық дайындық «Майшам жаттығуы» 1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда «Менің сүйікті кейіпкерім» ойсергегін  жүргізу. Ұнатқан кейіпкерлер арқылы топқа бөлу.   2-әрекет.Ұжымдық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар беріледі. – Балалар Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын еске түсірейік. – Жазушы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? – Қандай шығармаларын білесіңдер?   Оқушылар жылы лебіздерін білдіреді.   Оқушылар өздері ұнатқан бір кейіпкердің суретін таңдайды.Таңдаған кейіпкерлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді. (Қожа, Жантас)   Сұрақтарға жауап береді          
    Үй тапсырмасы «Менің атым…»деген тақырыпта ой- қозғау болатын. «Құнды пікір» әдісі арқылы тексеріледі. Мұғалімнің бастауымен бір оқушы үй тапсырмасын айтады, келесі оқушы оның жазған жұмысына құнды пікір айта отырып, өз жұмысын оқиды. Осылай 5-6 оқушыдан сұралады. Балалар: Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма? Осы тарауда қандай ұлттық салт- дәстүр туралы айтылған? (Балаға ат қою дәстүрі) Бірақ амал нешік, сен, қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке- шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Қандай дәстүр сақталған? (Шілдехана )Қазір бұл дәстүрлер сақталған ба? Мұғалім:Дұрыс балалар! Өмірге келген кішкентай сәбиге азан шақырып, ат қою дәстүрі әлі де жағаса бермек. Оқушылар үй тапсырмасын рет – ретімен айтып, орындайды.                   Ұлттық салт-дәстүр (Балаға ат қою, шілдехана)
Мағынаны тану
8 минут                                                                                                                             10 минут Түсіну                                                                                                                      


  Талдау:  
Енді, оқушылар! «Бұл кім?», «Бұл қай сәт?» деген сұрақтар арқылы хикаятқа шолу жасап шығамыз. 1 –топ «Бұл кім?» Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожа)Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. (Жантас) 2- топ «Бұл қай сәт?» Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед.кеңес болып жатқан сәт)Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкедегі бақаның шыға келу сәті)«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт). – Жарайды, оқушылар! Енді бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Сабағымыздың тақырыбы – «Түбінде адам болатын бала». Оқу мақсаты:.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. Оқушылар айтылымның 3-тапсырмасында берілген тұжырымдар туралы көзқарастарын тыңдайды, бағалайды. Пікірталас  Мұғалім: «Қожа қандай бала?» – деген сұраққа жауап іздейміз. І топ – жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді. ІІ топ – даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.         І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа (Қожа – жақсы, алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді) ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді (Қожа – тентек, өтірікші, шыдамсыз, бұзық, тиянақсыз). Енді балалар, хикаяттың басты кейіпкері Қожа туралы қандай пікір қалыптасты соны білу үшін Жантаспен салыстыра отырып, Венн диаграммасы арқылы мінездеме беріп көрейік. Венн диаграммасы: Қожа Ортақ Жантас Адал, адамгершілігі жоғарықайырымды, кішіпейіл, уәдеге берік, ақындық бар. Сыныптас, үлгерімдері жақсы, екеуі де Жанарды жақсы көреді. Екі жүзді, мақтаншақ, қызғаншақ, көрсеқызар, қу, өтірікші ҚБ. Оқушылардың жауаптары топ ішінде «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Шығармашылық кезең» (оқушылар өздері дайындап келген үзінді көріністер қояды) «Анасы мен Қожа» Қожа: Мама Мама, сен жылап жатырмысың? Мамасы: Иә, жылап жатырмын. Қайтейін жыламай. Қу жалғыз, сенен-ақ өлетін болдым ғой. Осы сен не боп барасың  күннен-күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұялмайсың ба, бір мезгіл елден-жұрттан. Қу, жалғыз-ау, айтшы не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой, мына сорлы анаңды. Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Неге тыныш жүрмейсің? Осы саған не жетпейді? Қожа: Маматай, қойшы. Ендігәрі… Мамасы: Жолама! Мамам деуші болма мені. Құдайдың сендей бала беріп, азапқа сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой. Қожа: Қойшы, маматай! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! (мамасының тізесін құшақтап жылайды) «Әжесі мен Қожа» Қожа: Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе: тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек? (күн тәртібін протоколға жазып, айнаға қарайды) Ал, сөйле, батырым?! (Айнадан өзін келеке етеді, аузын қисайтып, ернін шығарып күледі. Содан соң қабағын түйіп, Ахметовке еліктеп үстелді тарс еткізіп қойып қалады) Түрегел! -Отыр! Әжесі:                                                                              Неге шақырдың,  Қожатай? (әжесі кіріп келеді) Қожа: Сіз емес… Жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз. Әжесі: Кеңесі несі? Қожа: Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиналыс, жиналыс өтіп жатыр. Әжесі: Әкем-ау мынау не айтады? Жиналысы несі? Үстелді айнаның алдына неге қойдың? Қожа: Түу, жарықтық-ай! Өзіңізге тиісті емес нәрседе не шаруаңыз бар? Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Сізге қатысуға болмайды. Әжесі: Қожатай, шыбыным… Сен бисмилла деші. Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошынып жүрсің ғой деймін. Қожа:Бисимилла! Бисмилла!  Болды ма? Жоқ тағы айтайын ба? Әжесі: Шыбыным, жалғыздан-жалғыз отырып та жиналыс өткізе ме екен? Түн болса, сарылып көп оқисың. Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін. Қожа: Айналайын әжетай, барыңызшы.  Бөгет жасамаңызшы!    Оқушылар тапсырма бойынша хикаятқа шолу жасап, топтағы оқушылармен ақпарат алмасады. Бағалау критерийі Дескрипторлар Сұрақтар арқылы хикаятқа шолу жасайды. 1.Мәтіннен қажетті ақпараттарды жинақтайды.
2.Өз көзқарасын айтады                                                                       Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмадағы тұжырымдарын талқылап, өз көзқарасын айтады.                                                                                           Бағалау критерийі Дескрипторлар Өздеріне тиісті кейіпкерлердіңбойынан салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді анықтайды. 1.Кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге  дәлел табады 2.Дәлелдер бойынша салыстыра және қарама- қарсы суреттеулер екенін анықтайды.                                                                                                                                                                                     ҚБ «.Қошемет» арқылы бағалау.
Ой толғаныс
5 минут                                                                                           3 минут                                     2 минут Жинақтау                                                                                             Бекіту                                     Үйге тапсырма  Мұғалім: Рахмет, балалар! Қане, балалар, айтыңдаршы Қожа хикаяттың басында қандай бала болып көрінді?Сотқар, ұрыншақ, бұзық бала болып көрінді. Иттерді көрсе ұрынғысы келіп тұратын. Қателіктері көп болды. Соңынан түзелді. Мұғалім: Иә, балалар, ол біраз тентектік көрсетті. Анасын да, мұғалімдерді де ренжітті. Бірақ соңынан Қожаның қатты өзгергенін көрдік, өз кемшіліктерін жойып, түбегейлі өзгерді, солай ма? Оған, яғни өзгеруіне қандай дәлел бар?Оның қаулы қабылдауы. Ол өзіне жиналыс жасап, қаулы қабылдады. Мұғалім: Қандай қаулы? Мазмұны қандай?Тәртіпті болу, дос болсын, қас болсын, бейбіт өмір сүру. Үлкенді аға, кішіні іні деп сыйлау.Тәртіпсіздік жасағаны үшін өзін-өзі жазалау. Сұлтанмен қарым қатынасты үзу.Үздік оқушылар қатарына ену.Ұйықтар алдында өзіне-өзі есеп беру. Мұғалім: Ойланайықшы, Қожаның осындай қаулы қабылдауына не себеп болды? Анасын аяуы (оқушылар жауабын айтады) «Сұрақты ұстап ал» әдісі Қожаның азан шақырып қойған есімін ата?Майқанова мен Қожаның арасындағы алғаш түсініспеушілік қандай оқиғадан кейін басталды?Сәбира Майқанова қандай пәннің мұғалімі?Орыс тілінен сабақ беретін мұғалімді ата?Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушының аты?Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?Қожа кімнің тәрбиесінде болды?Майқанованың сөмкесіне бақа салған кім?   «Мен сенің түбінде адам болатыныңа сенгенмін,Қожа!» тақырыбына эссе жазып келу. Оқушылар алған ақпараттарды пайдаланады.Кейіпкерлер туралы салыстырмалы және қарама-қарсы суреттеулерін мысал ретінде пайдаланып өз сипаттамаларын дәлелдейді.                                                                                             ҚБ. «От шашу » арқылы бағалау  
5 минут Бағалау Рефлексия: “Менің түйгенім” сауалнамасы Сабақтан үйренгенім………. Сабақтан алған әсерім…… Сабақтан түйгенім…..   «Жетістік баспалдағы»