«Әдеп сақтау – адамгершілік әлемі» әдістемелік құрал


О.К. Кулимбетова, О.Б. Қымызкенова

№7 «Ботақан» бөбектер бақшасының тәрбиешілері

«Әдеп сақтау – адамгершілік әлемі» жұмысы бөлімінің Жұмыс бағдарламасы (мектепалды даярлық топтарына арналған)

ТҮСІНІКТЕМЕ

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғанықтан инабаттылық, мейрімділік, ана – сүтімен, ана –тілімен  орныға бастайтыны аян. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата – бабаларымыз бала тәрбиесіне ата – ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы : үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаулышыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт – дәстүр халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ ата – мұра өнегісінен күш алып қуаттанады.

Халықтық педагогика ата – баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан жақты жетілген, саналы, ізгілікті мейірімді етіп тәрбиелеу де педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы бойынша мектепке дейіңгі мекеме балаларын адамгершілікке тәрбиелеуге зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдарымыз А. Меңжанова, Қ. Сейсембаевтарды атауға болады.

Барлық дәстүр, әдет – ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Осыған орай баланы мектепке дейіңгі мекемелерге, отбасында тәрбие беруде қазақтың ұлттық – тұрмыстық салт – дәстүрлерінің үлкен рухани күш екендігі ойымызда сақтауымыз керек.

Балабақша –тәрбие бесігінің бірі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт – дәстүрілері мен әдет – ғұрыптарын адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап ұйымдастыруға болатынына тоқталамыз. Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата – баба дәстүрі мен халықтық педагогикасын басшылыққа алып тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып жүргізуіміз қажет .

Мақсаты: «Жас ұрпақты өз халқының ата – бабасының әдеп – ғұрыптарын, салт – дәстүлерін бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата – бабаларымыздың аяулы әдеп – ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін, тәрбиелік дәрісін жас ұрпақ бойында қалыптастыру, ана тілін ардақтап, асыл сөздерді бағалай білуге үйрету.
  2. Қазақ халқының қонақжай, меймандостық дарқандығы ғана емес, жаны жайсаң адами рухының биіктігін көрсете білуге бауылу.
  3. Балаларға білім бере отырып, тәрбиелік дәрісін жас бүлдіршіндер бойында қалыптастыру, инабаттылыққа, Отансүйгіштікке, жақсы мінез – құлыққа, халықымыздың тамаша салт – дәстүрлері, әдеп – ғұрыпында тәрбиелеу.

Оқыту мен тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері:

–  дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар;

–  ойын;

–  әрекеттік талдау әдістемесі;

–  инсценировка;

–  драматизациялау;

–  әңгімелеу;

–  тәрбиешінің оқып беруі;

–  балалардың айтып беруі;

–  әңгімелесу;

–  халық ауыз әдебиетінің шығармашылығын жаттау, сахналау.

Әдіс-тәсілдер кешенді түрде қолданылады,тәрбиешілердің қолдануына оңтайлы, балаларға білім беруде кезектестіріліп, бір-бірін толықтырып, балалардың білімін, іскерлігін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыта отырып жас ұрпақты ата-бабаларымыздың дәстүрлерін жалғастыра отыруына тәрбиелейді.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2020/12/әдістемелік-құрал.pdf” download=”all” viewer=”google”]

РЕЦЕНЗИЯ №25 – 22.09.2020 ж.