Қазақстан таланттары 2020


Маратова Алина, Сакабанова Улпан, Султанова Аяулым, Ануарбекова Асем, Капезова Райгул, Базарбек Ділнұр, Әкін Бақжан, Қайратова Саида Қайратқызы, Сансызбаева Жанель Асылжановна, Бектемир Зағила Сырымбетқызы, Сағатбаева Бибігүл Төлегенқызы, Жәнібеков Дарын Құмарбекұлы

студенты Усть-Каменогорский высший медицинский колледж

Руководитель: Оспанова Аяужан Жанболатқызы

Тәуелсіздік ел тұғыры.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! – деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл түн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік қалары анық.

Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен діні

Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы.

Елімыз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ, кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігінің жарияланғанынан, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сиы емес, өзінің ежелгі жерінде қилв кезенді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» деп айтқанында үлкен мағына жатыр.

Өз басым мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отан сүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек.

Міне көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 29 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке келу – оңай жолмен берілген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Талай қазақ жастары елі, жері үшін өмірлерін қиып, улкен байлыққа қол жеткізді.

Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге улкен серпіліс, кери берді. Тарихи кери десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашты.

Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешілім табылды. Өте көп ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілуде, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғырып, табиғи байлығымызды өз халқымызға қайтара алдық.

Қазір мемлекетіміз болашаққа сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті индустриялдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен – дамып келе жатқан ел.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-саналық мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилеп тұсауын өмірмен уақытқа кестірген кезден бастап, осынау жиырма тоғыз жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет атталған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»- деп, тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық