Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары

Каскаева Ляззат Байсеркеевна
Жақсы №1 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасары

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.

Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру деп ойлаймын.

Ата-ананың, басқа отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқаруы, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен тәрбие мектебі және тәрбиелік мәселе. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Мен сіздерге ұсынғалы отырған жұмысымды   шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың біріге жұмыс жасауы бірінші орынға қойдық. 

 Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талабына сай,  салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Алға қойған міндеттері:

І. Сынып жетекшінің  міндеті;

ІІ. Ата-ананың  міндеті;

Атқарылатын жұмыстар:

1. Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлесіп жасалатын жұмыс;

2. Жаңартылған білім мазмұнына сай ата-аналар жиналысын жүйелі ұйымдастыру;

3. Ата-аналар жиналысын өткізу;

4. «Отбасы – аялы алақан мекені» отбасы клубының жұмысын  ұйымдастыру.

ІІІ.  Күтілетін нәтиже

 І. Сынып жетекшінің міндеті:

1.Сыныптағы оқушылардың мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп біледі;

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімі бер екендігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, сапалы ұжымға айналдырып, жұмыс жасайды;

3.  Оқушылардың ата-аналармен тығыз байланыс жасап, іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

4. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан, мектептен тыс әр түрлі тәрбие жұмыстарына қатыстырады.

ІІ. Ата-аналардың міндеттері:

1.Ата-аналар балаларының денсаулығына қамқорлық жасайды;

2. Ата-аналар балаларының білім алуына жағдай жасайды;

3. Ата-аналар мектепте өтетін іс-шараларға өз үлестерін қосуға;

3. Ата-аналар жиналысына белсенді қатысады.

Атқарылатын жұмыстар:

 В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.  Тәрбиенің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ – бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата – ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мектеп ішінде өткен іс-шараларға ата-аналарды белсенді қатыстыру басты мақсат болып саналады. Мектебімізде ата-аналар  балаларының  күнделікті сабақтарына уақтылы баруын, оқу үлгерімін бақылап, сынып жетекшісімен тығыз байланыста жұмыс жасап, ынтымақтастыққа қол жеткізуде. Ата-аналармен жұмыс жасауда  сынып жетекшілер өздеріне үлкен жауапкершілікті  жүктеп отырғанын айта кеткен жөн. Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлесіп жасалатын жұмыстың нәтижесі жоғары болады.

Жаңартылған білім мазмұнына сай ата-аналар жиналысын жүйелі ұйымдастыру қазіргі кездің басты талабы.

Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Скачать [2.37 MB]