РЕЦЕНЗИЯ №48 – 08.01.2021 ж.


Жақсы №1 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасары Каскаева Ляззат Байсеркеевнаның «Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі  жолдары»  атты арнайы курс бағдарламасына 

ПІКІР

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата – ана. Бала үшін үй ішінен, ата – анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда үлкендердің үлгісімен сіңеді. Ата – ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез – құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Десек те, бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, мұғалімдерде жауапты.

Аталған еңбекте, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талабына сай,  салауатты ұрпақ тәрбиелеу жолдарын ұсынады. Бала тәрбиелеуде сынып жетекшінің  міндетін, ата-ананың міндетін жекелей көрсетеді. Сынып жетекші оқушылардың ата-аналармен тығыз байланыс жасап, іс-шараларға қатысуын ұйымдастыратынын айта келе, тәжірибе жүзінде өткізілген мәдени іс-шаралардың нақты көрсеткен. Яғни, автор оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан, мектептен тыс әр түрлі тәрбие жұмыстарының маңыздылығын айтады. Ал, ата-аналар мектепте өтетін іс-шараларға өз үлестерін қоса отырып, бала тәрбиесіне назар аударса, мектеп, ата-ана, ұстаз бірлесіп жұмыс жасаудың тиімділігін көрсетеді.

Ата-аналармен жұмыс жасауда сынып жетекшілер өздеріне үлкен жауапкершілікті  жүктейтінін, десек те мектеп, ата-ана, ұстаз бірлесіп жұмыс жасаса нәтижесі жоғары болатынын дәлелдейді.

Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жететіні айқын. Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады. Жүйе – сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтитындығы анық. Сондықтан да, аталған авторлық бағдарламаны тәжірибеде қолдануға ұсынуға болады.

Ф.ғ.к., доцент                                               Л.Н. Дәуренбекова