Қазақ тілі пәнінен дарынды балалармен жұмыс. Арнайы курс бағдарламасы. 5-8 сыныптарға арналған

Дюсембекова Айман Карабаевна
Жақсы №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

ҰБТ-ға дайындық курсы. Арнайы курс бағдарламасы.

11-сыныпқа арналған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі. Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды Қазақ тілінен дайындап келемін. Қазақ тілі пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі,қазақ тілі білімнің тіл салалары: Фонетика, лексика, морфология, синтаксис тарауы бойынша сұрақтар, талдаулар бірнеше алуан сұрақ түрлері кездеседі. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қателер жібереді. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тесті сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп-тамырына назар аудармайды. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен , күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді.  10-11 класс оқушыларына алдымен ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Берілген алгорифм бойынша мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін.

Өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау;

Әр оқушыда жеке дәптер болу керек;

Апта сайын консультация жүргізу;

Оқушылар үшін қиын тақырыптарды қайтадан өту;

Тестілеуден кейін жіберілген қателермен жұмыс жүргізу;

Сынып жетекшімен бірігіп жұмыс жүргізу,әр оқушының консультацияға келуін бақылау;

Апта сайын мектепаралық тестілеу жүргізу;

Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отыру.

 Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ  кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы.

Қосымша сабақтың мақсаты – оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету.

Қосымша сабақтың міндеттері – оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже – ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша  сұрақ-жауап  әдісін пайдаланамын. Ол үшін 5-9 кластардың оқулықтары бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындап алдым.Фонетика, морфологиялық және синтаксистік талдаулар бойынша көп практикалық жұмыстарды жүргіземін.Оқушы үнемі тақтаға шығып талдап отырса, ойында мәңгілік қалады. Дайындалған сұрақтарды оқушылардың қолына компьютермен көбейтіп беріп қойдым. Бұл сұрақтарға оқушы үйде өз бетімен дайындалады. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақты оқып, оқушылар дәптерге дұрыс жауабын жазып отырсада болады немесе ауызша жауап береді. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері  және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады.

ҰБТ-ға дайындық курсы.  Арнайы курс бағдарламасы.

11-сыныпқа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары.

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Сөз бен мағына. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы 1  
2 Көп мағыналы сөздер 1  
3 Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер 1  
4 Табу. Эвфемизм. Дисфемизм 1  
5 Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер 1  
6 Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер 1  
7 Көнерген сөздер. Жаңа сөздер 1  
8 Кірме сөздер. Диалект сөздер 1  
9 Кәсіби сөздер. Термин сөздер 1  
10 Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп 1  
11 Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі 1  
12 Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі 1  
13 Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі 1  
14 Буын түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Тасымал 1  
15 Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар 1  
16 Дыбыс үндестігі, түрлері орфография. Орфоэпия 1  
17 Дыбыс үндестігі, түрлері орфография. Орфоэпия 1  
18 Сөз тұлғасы. Туынды сөз, жасалуы. Түбір мен қосымша. Қосымшаның түрлері 1  
19 Сөз тұлғасы. Туынды сөз, жасалуы. Түбір мен қосымша. Қосымшаның түрлері 1  
20 Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі 1  
21 Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі 1  
22 Қос сөздер, түрлері, емлесі 1  
23 Қысқарған сөздер, тіркесті сөздер, емлесі 1  
24 Қысқарған сөздер, тіркесті сөздер, емлесі 1  
25 Сын есім, түрлері, емлесі, сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі 1  
26 Сан есім, түрлері, сан есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі 1  
27 Есімдік, түрлері, емлесі, есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі 1  
28 Етістік, түрлері, етістіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі 1  
29 Есімше. Көсемше. Етістіктің шақ және рай категориялары 1  
30 Үстеу, түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметі 1  
31 Еліктеу сөздер, түрлері, емлесі 1  
32 Одағай, түрлері, емлесі 1  
33 Шылау, түрлері, емлесі 1  
34 Шылау, түрлері, емлесі 1  
35 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1