«Әз Наурыз!!!»


Хамзина Арайлым Муратовна

МКҚК «Гүлдер» бөбекжайы тәрбиешісі

Сценарий ересек тобына

Әз Наурыз!!!

Дайындаған Тәрбиеші: Хамзина Арайлым Муратовна

Балалар залға кіреді

1-жүргізуші

 – Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар және балалар!
Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің Наурыз!»
Мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер

2-ведущий. Добрый день дорогие уважаемые гости и дети. С праздником наурыз! разрешите начать праздничный концерт «Қош келдің, Наурыз»   

1-жүргізуші.

Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

Басы барлық ырыстың

Басы барлық ұлы істің

Құтты болсын наурыз той

Ұлы күні Ұлыстың!    

Ұлыстың ұлы күні наурыз келді ағайын!

2-ведущий

Из глубины историй нашей земли
К нам пришел этот праздник Наурыз.
Праздник нового дня, Праздник цветений и обновления.
Праздник Земли и человека.

 Жүргізуші: Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтымаққа шақырған күн!

Наурыз-татулықтың, достықтың мейрамы. Ендеше, думанды мерекемізді  бастаймыз.

Ортаға балаларымызда хошеметпен шақырайық.

Ортаңғы топ «Айгөлек » тобы (Қазақ)

Екінші кіші топ «Көбелек».(Өзбек )

Аралас орыс тобы «Ақбота» (Украйына)

                «Наурыз думан әні қосылады»  

Жүргізуші: Балалар, сендер аты шулы Алдар көсені білесіңдер ме? Сол Алдар көсе Шықбермес Шығайбайды қалай алдап кеткенін көргілерің келе ме? (иә)

Ендеше, тамашалайық. Әне, Алдар атамыздың өзі де келе жатыр.

               (Музыкамен Алдар кіреді)   

Алдар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Наурыз құтты болсын!

Жүргізуші:Рахмет Алдар аға!! Қайда жол тарттыңыз?

Алдар: Ее, Шықбермес Шығайбай өз сараңдығымен қоймай «Ешкімге дәм татырған емеспін, мені ешкім де алдап көрген емес, тіпті Алдардың өзі де

алдай алмайды» деп мақтаныпты. Соған намыстанып, сол байдың үйін іздеп шықтым. Осыдан сол байды алдап қатырмасам ба?

Жүргізуші:Ее, солай деңіз Алдар аға! Ендеше, жолыңыз болсын. Бірақ оны алдау мүмкін емес шығар.

Алдар: Егер осыдан сол сараңбайды алдай алмасам, Алдар атым өшсін. Мен кеттім ендеше. Сау болыңдар.

Жүргізуші:Балалар, Шықбермес Шығайбайдың ауылы Наурызға қалай дайындалып жатыр екен, кәне көрейікші.

(Музыкамен Шығайбай ауылы кіреді де, төрге жайғасады)

(Бай қазы тіліп, бәйбіше нан илеп отырады)

Бай: Наурыз келіп, ауыл-аймақ думандатып той тойлап жатыр.  Әй, бәйбіше, анау көкпар тартып, бәйгеге ат қосып жүрген жігіттерді қарашы. Наурыз мейрамы басталыппа өзі….

1-жүргізуші:

Қазақ халқы: Ортаңғы топ «Айгөлек» тобының өнерін тамашалайық.

Тақпақ:

Ән: «Наурыз көктем»

Би: «Ұлдар би», «Қыздар биі домбыра»

Ойын: «Арқан тартыс»

                                 (Музыкамен Алдар келеді)

Алдар: Ух, жолдан әбден шаршадым-ау! Бұл байеке үйін жердің түбіне жасырып қойған ба өзі? Ел-жұрт дүниемді көріп қояды деп қызғанған болар.

Барып терезесінен сығалап көрейінші. (сығалайды) Е-е,  бұлар мерекеге арнап жылқы сойған  ғой деймін.Шіркін-ай, қарным бір тоятын болды ғой.

(қарнын сипайды) Қой, мен мен одан да үйге кірейін.

(Үйге кіріп келгенде бәрі заттарын астына тыға қалады)

Алдар: Ассалаумағалейкум, байеке!

Бай: Е, кел, қайдан адасып жүрген жансың? Не естіген-көргенің бар, айта отыр.

Алдар: Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба?

Бай: Естіген өтірік болар, көргеніңді айт.

Алдар: Айтсам айтайын. Жолда келе жатып, жылан көрдім. Ұзындығы сенің астыңдағы қазыдай. Таспен ұрып жібердім, былш ете түсті иленіп,  бәйбіше астындағы нандай.  Өтірік айтсам, шашым жұлынсын қыз астындағы тырнадай. Осының бәрін көріп келдім, етіңді асшы жасырмай.

Бай:   Ой, тіліңе шоқ түскір!

Бәйбіше: Жағың қарыссын!

Бай:  Әй, бәйбіше, мынау Алдар деген қу болу керек. Етіңді ас, амал қанша?

Бәйбіше:  қазанға ет салады) Піс, қазаным бес ай!

Алдар: Е,не дейді, отырайын он ай!

Жүргізуші: Алдар көсе! Ет піскенше бекер қарап отырамыз ба? Мына ауылға сонау өзбек халқынын қонақтары келіпті деп естідім соны тамашалайық етіміз піскенше. Бізге өнерлерін көрсетсін.

Өзбек халқының өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші: Ия, балалар, қонақтар Алдар дұрыс айтады бізге қонаққа сонау Өзбекстаннан қонақтар келіп отыр. Олардың наурыз мерекесіне алып келген өнерлері бар екен!

 2-ведущий: Да дети  сегодня из Өзбекистана пришли гости к нам. Они

 2-кіші «Көбелек» тобы.

Тақпақ.

ӘН: «Хош келдің ,төрлет Наурызым»

Би: Өзбекше.

Ойын:

Бай: Әй, бәйбіше, етің пісті ме?

Бәйбіше: Қазір қарайын  (қазанды ашып көреді) Жоқ, байеке, еттің қазір пісетін түрі жоқ.

Бай: Онда кәне, төсек сал. Жатып демалайық.

 (Төсек сап бәрі жатып демалады. Бәрі ұйықтаған кезде Алдар етті алып жеп,орнына сүйек қалдырады. Алдар қайта жатып қалады.бір кезде бәйбіше байды оятып, ет жейін десе, екеуінің де тісі өтпейді. Ашуланған бай бәленің Алдардан келгенін  біліп жатып қалады.)

 Бәйбіше: Қап, мына қу байекені аш қалдырғаны-ай, қой мен барып нан пісірейін. (бәйбіше шығып кетеді)

Жүргізуші:Балалар, Шығайбай мен Алдар ұйықтап ұйқысын қандырып алсын, ал біз ортамызға Сонау Украина  қонақтар келіпті. Солардың өнерін тамашалайық:

Группа «Ақбота»

Стихи:

Песня: «Солнышка»

Танец: «Танец пиалами»

Игра: « За»

                                          (Таң атып бай ерте оянады)

Бай: Әй, бәйбіше, анау Алдар ұйықтап жатқан кезде маған ыстық күлшеңнің біреуін қойныма сап бер, анаған көрсетпе. Байқа. Көріп қоймасын.

                             (Бәйбіше нан салып беріп жатқанда, Алдар оянады)

Алдар: Оу, байеке, сіз қайда кетіп барасыз? Бұдан былай көрісеміз бе, жоқ па, белгісіз. Сондықтан келіңіз, қазақтың дәстүрі бойынша төс қағыстырып қоштасайық.

                     (Алдар құшақтаған кезде ыстық нан Алдардың кеудесін күйдіреді)

Бай: Әй, бәйбіше, алшы мына ит жегір нанды.

Алдар: Әкеліңіз, ит жегенше мен жейін.

Бай: Ей, бәйбіше, мына сұмырайдың көзін құрт. Енді көзіме көрінбесін.

                                 (Бай атқа мініп кетеді)

Алдар: Байеке, аяқ киімім жыртылып қапты. Маған біз беріп кетіңізші. Жалаңаяқ қалдым.

Бай: Ал да кетші әрі!

Алдар: Бәйбіше, қызыңыз Бізбикені киіндіріңіз, маған бай қызыңызды берді.

Бәйбіше: Байеке, саған қыз беретін сен кім едің? Қаңғыбас. Басымды қатырмай құрт көзіңді.

Алдар: Сенбесеңіз, тыңдаңыз. Байеке, бәйбіше маған  «Біз»бикені бермей жатыр.  (айғайлайды)

Бай: Бізді бер де жоғалт көзін сұмырайдың.

Бәйбіше: О, сорлы, алжыған. Елді құртқан қуаяққа қыз беріп, қарабет болдық-ау! Масқара! Елге  енді не бетімді айтам?

Алдар: Ой балалар, мына мерекеде Қыдыр атамыз жетіспей жатыр ғой. Кім бізге бата береді. Наурызда Қыдыр ата келіп бата беру керек. Бұлай болмайды.

1-жүргізуші: Енді Алдар аға не істейміз Қыдыр атаны қайдан тауып әкелеміз?

Алдар: Қазір саспаңдар Алдар деген атым бар ғой, мен Қыдыр атаны алып келемін күтіңдер мені.

1-Жүргізуші: Балалар Алдар ағамыз Қыдыр атаны алып келгенше Қазақтың ұлттық тағамы «Наурыз көже»  қалай дайындалатынын көрейік.

(Ұлттық тағам наурыз көжені қалай дайындалуын көрсетеді)

Жүргізуші: Балалар, мінеки Алдар көсе Шықбермес Шығайбайды осылай алдағп қызын алып кетеді  екен. Наурыз-ізгілік пен молшылықтың мерекесі, адамзаттың аузы аққа толатын керемет шақ.

Осымен наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!