Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»


Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим селосы

№2 Новоишим орта мектебінің

ағылшын тілі  мұғалімі:

Алжанова Жанна Аскеровна

 

Мақсаты: Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағлумат беру.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,балаларды туған жерін, Отанын қастерлеп,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың,Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»

Барысы:  3 топқа бөліну( мақал-мәтелдер бойынша

Отан от басынан басталады. Отан от басынан басталады. Ер — елінде, гүл — жерінде. )

1.тапсырма:Ұйымдастырушылық кезең. Мақал-мәтелдерді қалай түсінесіздер.(Оқушылар өз ойларын айтады) Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік  мерекесіне арналып отыр.

2 тапсырма:

1 топ:

1.Біздің мемлекетіміздің негізгі заңы?

2.Мемлекеттік рәміздерді атаңдар?

3.Мемлекеттік тудың авторы кім?

2 топ:

1.Ел-Ордамыз қай қала?

2.Астана Қазақстанның нешінші астанасы?

3.Қазақстанда неше облыс бар?

3 топ:

1.Республика күні қашан тойланады?

2.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

3.Қазақстан қандай мемлекет?

«Жаса Қазақстан» әні

Мұғалім: 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.

3 тапсырма: Викториналық сұрақтар:

1 топ:

  1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
  2. Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,

әні: Ш.Қалдаяқов)

  1. 16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
  2. Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)
  3. Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырлар.

(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)

 

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
  2. Абайдың шын аты. (Ибраһим)
  3. Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
  4. Солтүстік Қазақстан облысының  әкімі кім? (Е. Султанов)

Ән; Ризамын

2 топқа:

  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)
  2. Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )
  3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)
  4. Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қытай,                      Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)
  5. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова,

М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы т.б.)

  1. Қазақтың үш биін ата.        (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
  2. Шоқанның рас аты қалай? (Мұхаммед-Қанапия)
  3. Аты аңызға айналған ақын, жырау, сәуегей адам. (Қорқыт ата)
  4. 1846 жылы туып, 1945 жылы қайтыс болған ақын. (Ж.Жабайұлы)

3 топқа:

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Елтаңбаның авторларын ата.   (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

3.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

 

4.Қазақстан батыста қандай елмен шектеседі?(Каспий теңізі

арқылы Әзірбайжан елімен)

 

5.Желтоқсан жұлдыздарын ата.   (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,

С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев т.б.)

6.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

7.Қабанбайдың шын есімі кім?  (Ерасыл)

8.Қазақстанның ежелгі ғалымын ата. (Әл-Фараби)

9.Араб әрпі негізінде балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?

(А.Байтұрсынов)

4 тапсырма:

«Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.

1 топқа:

  1. Отан- … (отбасыдан басталады).
  2. Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)
  3. Ердің көркі-ерімен… (Отан көркі-жерімен)

4.Ел іші…         (алтын бесік)

5.Жері байдың …        (елі бай)

6.Батыр туса-ел ырысы, …    (Жаңбыр жауса-жер ырысы)

7.Өжет адам…        ( өлімді жеңеді)

8.Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер,…(Ер басына күн туса

Етігімен су кешер)

2топқа:

1.Отан үшін отқа түс-күймейсің,…     (Арың үшін алыссаң-өлмейсің)

2.Пәлен жерде пайда бар…             (Өз жеріңдей қайда бар)

3.Туған жердің жері де көрікті …          (елі де сүйікті)

4.Диқаншы жерін мақтайды…   (Балықшы көлін мақтайды)

5.Жүк ауырын нар көтерер…       ( Ел ауырын ер көтерер)

6.Еліңді сүйсең- …    (ерлік істейсің)

7.Жақсы болсаң-…          (жақын көп)

8.Атау ала болса-ауыздағы кетер,… (Төртеу түгел болса-төбедегі кетер)

 

3 топқа:

1.Отансыз адам-…      (ормансыз бұлбұл)

2.Ел күйінгенде-күйінген батыр,…         (ел сүйінгенде-сүйінген батыр)

3.Елінен безген-ер оңбас,…         (көлінен безген қаз оңбас)

4.Жақсының аты өлмейді,…(ғалымның хаты өлмейді)

5.Ер жігіт ел үшін туады,…      (ел үшін өледі)

6.Батырға оқ дарымайды,…    (батылға жау жоламайды)

7.Ердің ісі-келі…    (Ездің ісі-керіс)

8.Іргесі берік елді жау ала алмас…   (Аузы бір елді дау ала алмас)

 

“Талапты бала-талпынған құстай” .Шығармалар бойынша сұрақтар.

 

 

5.Тапсрыма: Мына тақырыптар бойынша эссе жазу:

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет.»

Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.

Барша халқымыздың ең басты құндылығы – Тәуелсіздік!

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды.

Ән «Туған жер»

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *