«Лучший работник детского сада 2021»
Жуманова Айнур Нуржановна, Ажибаева Бакытгуль Ермековна, Усенова Гульнур Каскырбаевна, Сағындық-қызы Құндыз, Тоймбекова Маншук Нурбековна, Бөдеева Эльмира, Найманова Тлеукен Капановна
педагоги г.Караганда я/с «Айсұлу»
Бөдеева Эльмира
Тәрбиеші
Қарағанды қаласы
«Айсұлу» бөбекжайы КМҚК
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік: «Сиқырлы гүлдің жапырақтары»
Мақсаты: балаларға 8- наурыз халықаралық мереке екендігін ұғындыра отырып,аналарын, әжелерін ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Топ ұл балалары залға кіреді, жан-жақтарына қарайды.
Самир: біздің топтың қыздары қайда екен?
Ерасыл: қыздар бізге ерекше киініп келіңдер деген, міне орындадық. Теңізшілер мен джентельмендер болып киініп келдік.
Бектемір: Мүмкін біздің қыздар да, ерекше киініп келейін деп жатқан шығар?
Сағди: аналарымыз күтіп қалды ғой, қыздардың алдынан шығып , мерекені бастайық.
(Шығып кетеді де, жұптарымен бірге кіреді, орындарына тұрады «Анашым» әніне билейді)
Жүргізуші 8- наурыз мерекесімен құттықтайды.
ӘН: «Көктем келді»
Балалар орындарына отырады.
Осы кезде Бақыт құсы келеді.
Бақыт құсы: (Нармина, қолында қорап бар)
Жақсы жаңалық әкелдім
Қар еріді, қыс кетті
Жылғалардан су ақты.
Күндей жайнап күлейік,
Аналар мерекесін тойлайық!
Жүргізуші: Бақыт құсы бұл қорапта не бар?
Бақыт құсы: Бұл бүгінгі мерекеге арналған тосын сый…..
Жүргізуші: онда аналардан сүрайық, бұл қорапта не бар екен?
1-ші ана: мүмкін кәмпит шығар
Балалар: жоқ
2-ші ана: мүмкін балмұздақ шығар
Балалар: жоқ
3-ші ана: көйлек шығар
4–ші ана: бізге онда айтыңдаршы, құпия болмаса, онда не бар екен?
Балалар: ойыншықтар
Бақыт құсы қорапты ашады, онда әдемі түрлі- түсті гүл шығады.
Жүргізуші: ой, мында әдемі гүл тұр ғой. Бұл жай гүл емес сыйқырлы гүл шығар?
Бақыт құсы: әрине бұл жай гүл емес,бұнда жасырынған тосын сыйлар бар. Бұл сіздерге. Мен кеттім. (Ұшып кетеді)
Жүргізуші: мына гүлдің әр күлтешесінде тосын сыйлар жазылып тұр екен.
Бір ананың жанына барып, қызыл күлтешені алуын сұрайды.
Онда: «Тақпақтар айтсын» деген сөздер бар екен.
ТАҚПАҚТАР:
Бектемір:
Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күн енді,
Құттықтаймыз сіздерді!
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар!
Сағди:
Звездочка на небе яркая горит
Светит, но не греет- мама говорит
Я с балкона лесенку в небо протяну
Звездочку для мамы с неба заберу.
Мама эту звездочку на груди зажжет
И теплом согреет, песенку споет
Мама- моя звездочка, светлая моя
Милая, хоршая, я люблю тебя!
Алинұр:
Ай лайк зе вэй ю лук,
Ай лайк зе вэй, ю кук
Нау Ай вонт ту сэй
Хэпи Мазерс Дэй!
Санжар:
Сүт берген анашым
Жанашырым, панашым.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Көңіл бөлген данашым.
ОЙЫН: «Тазалықшылар»
БИ: «Теңізшілер»
Жүргізуші : аналарға арналған тақпақтарымызды айтып жалғастырайық.
ТАҚПАҚТАР:
Ерасыл:
Подарила мир ты мне, яркий солнца свет
Для меня на свете лучше мамы нет
Именно весною, в марте, в день восьмой
Я хочу поздавить маму всей душой
Я несу подарки, я несу цветы
В мире нет прекрасней, мамочка, чем ты.
Амирали:
Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Әлімжан:
Ай лав май диа Мами
Ай лав хе вери мач
Энд ду ю лав ер Мами?
Оф корс энд вери мач.
Досбол:
Нет роднее в мире этом, человека для меня
Ты мне ближе всех на свете,
Прими, в день 8 марта все подарки и цветы
Счастья, радости, веселья исполнения мечты!
Жүргізуші: Ендеше осындай әдемі тақпақтардан соң, біздің балаларымыз аналарына арнап жасаған сыйлықтарын тапсырсын.
(Музыка ойнайды, балалар жүгіріп аналарына сыйлықтарын тапсырады)
ОЙЫН: «Аналармен»
Жүргізуші: мерекемізді ары қарай жалғастырайық. Мына көк гүлді тәрбиеші апайымыз ашып көрсінші. Көк күлтешені алып қарайды, мұнда әжелерге сыйлық деп жазыпты.
Ендеше балалар әжелеріне арнап өнерлерін көрсетсін.
Тақпақтар:
Мұхаммед Әли:
Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем!
Самир:
Май диа, диа Грэнни
Ай лав ю соу мач!
Ай вонт ю ту би хэппи
Он зе Ейт оф Марч.
ӨЛЕҢ: «Әжем»
Жүргізуші: рахмет балалар, енді әжелеріне арнап қыздар билеп берсін.
БИ: «Аралар мен гүлдер»
Жүргізуші: мына бір күлтешені әжелер ашып көрсе қайтеді?
Онда: топтағы дос қыздарға деген құттықтаулар бар екен.
Димаш:
Армысың ару қыздар, абзал ана,
Ана тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!
Мәди:
Біз қыздарды қумаймыз,
Тату-тәтті жүреміз,
Әрқашанда оларға
Шоқ гүлдерді сыйлаймыз!
БИ: «Джентельмен»
ОЙЫН: « Француз вальсі» (балалармен)
Жүргізуші: Мына сары күлтешені мен алып көрейінші. Мұнда бүкіл әлем аналары мен әжелері және қыздарына арналған екен.
МОНОЛОГ: «Анашым» ІНЖУ
ӘН: «Анашым қартаймашы»
Жүргізуші: Кәне, бәріміз ортаға келіп билейік.