Сабақ “Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым”


Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим селосы

№2 Новоишим орта мектебінің

ағылшын тілі  мұғалімі:

Алжанова Жанна Аскеровна

Мақсаты: Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Мультимедиада дайындалған слайдтар: ата заң туралы мәліметтер,
Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі» Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.

Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж.
Сабақтың барысы: Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым!».

Әнұран (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)

Мұғалім: Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік. Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың  қағазға жазыңдар.(2минут.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1минут.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).

Мұғалім: «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.

Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)

Мұғалім: Ендеше, балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы сайланды?

Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?

Қашан Қазақстан Республикасының Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойылды.

Қазақстан Республикасының  Ата заңы қашан қабылданды?

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?

Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  туралы мағлұмат беріп өтеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Тарихы.1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.Мұғалім: Енді әр топ оқушыларына «Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.

Тақырыбы

Жоба қорғаушысы
1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қоспан Альфия
2 Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым Магавина Лаззат
3 Менің жерім – Қазақстан Казкеев Ұлан
4 Тұңғыш Президент Мырзағали Аян
5 Қазақстанның болашағы – біз Сайлаухан Үміт

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды.

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *