Шыршамыз тұр жараса!
Рахимжанова Гульнара Болатовна
СҚО, Уәлиханов ауданы,Кішкенекөл селосы «Балдәурен» бөбекжай бақшасы МКҚК тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, көңілді ойындар ойнату, Аяз Атаның ,Ақшақардың,қоянның , аққаланың киімдеріне назар аударту.
I жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер! Мінекей, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жетті. Баршамызды жаңа жылмен құттықтаймыз! II жүргізуші: Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағылған Міне, сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған Кел, балалар, келіңдер Тамашаны көріңдер! /Музыка әуенімен балалар залға кіреді, шыршаны айналып жүру, көру/
Осы уақытта Аққала залға кіреді Аққала: Балалар, мен Аққаламын, суыққа да, қарға да төзімдімін. Сендер мені жақсылап жасадыңдар. Мұрнымның орнында-сәбіз.,басымда шелек.Бірақ мен жәй аққала емеспін,көңілдімін.Ойнауды да, билеуді де жақсы көремін.Ал, сендер бала-лар,билеуді жақсы көресіңдер ме? Бәріміз бірге билейік! I жүргізуші: БИ: «Саусақтар биі» орындалады Аққала: Өте жақсы, балалар!Жақсы билейсіңдер.Шыршаның жаны қарға толып кетіпті. Менің сыпырғышым қайда? I жүргізуші: Тұра тұр Аққала. Сен біздің балалардың әнін тыңда, олар қардың үстінде саған ән айтып берсін.
«Ботақан мен алақан» әні 1.Кел ботақан. ботақан 2.Тықылдатпа таяқты Шапалақта алақан Ақырын бас аяқты Тәй-тәй-тәй Тәй-тәй-тәй Шапалақта алақан. Ақырын бас аяқты. 3. Қозғап барлық денеңді 4. Айтқан кезде өлеңді Қолды қатты соқ енді Қатты басқын еденді Тәй-тәй-тәй Тәй-тәй-тәй Қолды қатты соқ енді Қатты басқын еденді
Аққала: Ой,қалай жақсы айттыңдар! Тыңдаңдаршы, қарды сықырлатып,біреу келе жатқан сияқты.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме , балалар,қонақтар! Мен қоянмын, қоянмын.Шыршаға да келіп жеттім. Сендер менен қорықпаңдар, балалар.Сендермен көңіл көтеруге келдім, мен тоңып қалдым, қар үстімен жүгіремін деп. II-жүргізуші:Жарайды қоян, кел бізбен бірге ойын ойна.
«Қар жинау» ойыны /Қар жинап жүргенде Аяз Атаны шыршаның қасында тауып аламыз/
I жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мынау кім қар астында ұйықтап жатыр? Аяз Атаны оятайық. Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, сендерге келе жатып қатты боран соғып, қапшығымды жоғалтып алдым. Іздей-іздей шаршап ұйықтап қалдым. Ал, менің Ақшақарым қайда? Неге кешікті екен? Бірге шақырайық! Ақшақар кіреді, тілек айтады.
«Погремушкамен би» II-жүргізуші:Аяз Ата қарашы, біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Аяз Ата: ол үшін бәріміз бірге үрлейік шыршаға! /жанбады/ Ендеше шапалақтаймыз , қаттырақ! I жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, біздің шыршамыз жарқырап жанды.Балалар, Аяз Атаға арнап, «Аяз Ата»әнін орындап берейік.
«Аяз Ата» әні II-жүргізуші: Аяз ата,біздің балаларға сыйлық әкелдің бе? Аяз Ата: Балалар, сендерге келе жатып, қатты боран соғып, қапшығымды жоғалтып алдым.Кәне, бәріміз іздейік! /балалар іздейді,шыршаның қасында,қардың астынан тауып алады/ Аяз Ата: Балалар, біз би биледік, ән салдық, ойнадық. Маған өте ұнады. Енді мен сендерге сыйлық таратамын. /Музыка әуенімен Ақшақар екеуі таратады/ I жүргізуші: Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын!