ТӘРБИЕ САҒАТЫ: «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты интеллектуалды танымдық ойын


Павлодар қаласы

№41 жалпы орта білім беру мектебі

Қабиденова  Баян  Мүкәрәмқызы, 

қазақ  тілі мен қазақ  әдебиеті  мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларды ұлтжанды болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

 

Тарих  өткелдерінен көрініс

 

Баласы: Әке, сізге көңілімде жүрген  сұрағымды  қойсам бола ма?

Неге  осы атам «Сенің  болашағыңды  ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай  болып  еді, айтып  беріңізші?

Әкесі: Сұрай ғой, балам!

Е, балам, сенің атаң не көрмеді дейсің?

1723  жылы Жоңғар  шапқыншылығы, 1930-32 жылдары аштық, 1937-38 жылдары  ағаларымыздың  жазықсыз жазаға ұшырауы.

1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты.

Міне, атаңның  өткен өмірі осы.

Баласы: еее, әке  енді түсіндім!

Әкесі: Бұдан да тәубә! Қазір, еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.

Егеменді  ел болудың белгісі-

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егеменді деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

 

Жүргізуші:
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл – тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

 

Жүргізуші:
Қазақ  жері –ата-баба бесігі,

Орман, дала, аса байлық несібең

Жыр-маржанның, сөз  асылын арнаймын

Туған жердің  Тәуелсіздіктің күніне.

 

Жүргізуші:

Қазақстан-біздің Отанымыз, еліміз, туған жеріміз!
Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз.

Жүргізуші:

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

 

Жүргізуші:

Бүгін мұғалімдер ұжымын, оқушыларды, мерекемізге келіп отырған  қонақтарды  Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз, зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне тілектеспіз.

Музыкалық номер

 

Жүргізуші:

Осы отырған барлығымыз  да өз еліміздің тарихын, салт-дәстүрін біледі деп ойлаймын. Солай ма, балалар?

Жүргізуші:

Олай болса, біз сендерге Тәуелсіздік күніне арналған  «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты интеллектуалды  танымдық ойынды ұсынамыз. Бұл туған  еліміз туралы білім аукционы.

Ойын шарттарын тыңдап алыңыздар.

Ойын шарттары:

  1. Ойын екі бөлімнен тұрады:
  2. Ойынды әділқазылар алқасы бағалайды.
  3. Ойынның бірінші бөлімінде жүргізуші залға сұрақ қояды, жауабын білетіңдер қол көтеріп ғана жауап береді.
  4. Бірінші бөлімінде жауаптарыды дұрыс  бергендер-ойынның  екінші бөліміне қатысады.

 

Бірінші  бөлім

              І тур. Викторина

  1. Қазақтар  ертеде қалай  атанған?
  2. Қазақ  отбасында бала туғанда  қандай  дәстүр жасалады?
  3. Қазақтарда  жыл мезгіліне байланысты  көшіп-қонулары қалай  аталады?
  4. Ресейге  Кіші жүз қай жылы қосылды?
  5. Қазақ атамыз бұрын немен айналысқан?
  6. Қандай қазақ ханы Қазақстанның  өмірінің, тарихының  өзгеруіне  көп еңбек сіңірді?
  7. Қазақ сазгері мен орындаушыны қалай атайды?
  8. Қай жұлдызды қазақтар ерекше қастерлеп, оған қуанған?
  9. Ауылда қандай  жағдайда қаралы жалау ілінген?
  10.  Қазақтар  шаруа деп  кімді атаған?

 

ІІ тур. «Тарихи очерк»

Суреттер бойынша  тарихи очерк дайындап, әңгімелеп  беру.

Суреттерде:

1. Қазақстан жалауы

2. Қазақстан елтаңбасы

3. Киіз үйдің бөліктері

4. Келіншектің киімі

 

ІІІ тур. «Білім аукционы»

Аталған тақырыпқа байланысты сөздер атау. Соңғы сөз атаған оқушы жеңеді.

  1. Ұлттық дәстүрлер, мерекелер.
  2. Қазақстанның фаунасы
  3. Қазақстанның  тарихи  адамдары.

ІҮтур. Жұмбақтар /10-11 жұмбақ/

 

Осымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты интеллектуалды  танымдық ойын  аяқталды.

Әділқазылар алқасы екінші турға қатысатын балаларды атайды /ойынның  бірінші турына белсенді қатысқан балаларды атайды/  осы балалар енді жеке сайысқа шығады.

 

Музыкалық номер.

 

Екінші  бөлім

І тур: «Тарихшы»

  1. Аңызда былай дейді:

Шыңғыс  хан құлан аулаға шығап, отардың басшысын жаралайды. Дегенмен, жаралы құлан аңшыға шабуылдап оны өлтіреді. Бозбаланың  әкесі, қаҺарлы Шынғыс  хан жамандықты сезіп, баласының өлімі туралы хабарлауға тыйым салады. Хабарлаған  адамның аузына қорғасын ерітіп құямын деп жарлық салады. Хан өз уәдесін орындады ма?

  1. Бейіттің  төбесінде көтерілген қорғанның көлемі мен мөлшері нені білдіреді?
  2. Бұл қала Қазақстан территориясында ірі қалалардың бірі болған. Қаланың орталығында биік дуалмен қошалағн қорған болды. Үйлердің қабырғалары шикі кірпіштен қаланып, ал едені күйген кірпіштен құйылған. Қалада су қоймасы, арықтар, жайылымдар мен бақшалар болды. Ең жоғары деңгейіне қала 10-12 ғасырларда жетті.
  3. Жетікөл тұрғындары өздерін қалай атайды?
  4. Ұлы жүздің төбе биі кім?

 

ІІ тур. «Тілші»

Қазақ халқының  даналығын мақал-мәтелге қарап айтуға болады. Бұл турдың тапсырмасы  мынадай: сіздерге мақал оқылады, кім қолын бұрын көтеріп мақалдың орысшасын айтады.

  1. Егер сенің досың жаман болса-сен де сондай болғаның

/Если друг твой человек плохой, значит, ты и сам такой/.

  1. Екі адам тығыздалса, үшінші-орын табар.

/Двум людям стоит потесниться и третий может поместиться/.

  1. Екі жаңа достан ескі дос жақсы/.

/Старый друг, лучше новых  двух/.

 

ІІІ тур. «Суретші».

Киіз үйдің суреті беріледі, суретте киіз үйдің заттары дұрыс  берілмеген  немесе жаңа заман тадлабына сай жиһаздар салынған.

Тапсырма: Киіз үйдің суретіне қараңдар . Бұл суретте не дұрыс емес?

 

ІҮ тур. «Аукцион»

Қатысушылар  көшпелі өмірге тура қатысты сөздерді атайды, соңғы айтқан-жеңімпаз аталады.

Ойынды  қорытындылау.

 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ    МАРАПАТТАУ.

 

Мерекелік концертпен жалғаса береді.

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *