Ашық сабақ “Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар”

    Павлодар қаласы

№41 жалпы орта білім беру мектебі

  Қабиденова  Баян  Мүкәрәмқызы, 

қазақ  тілі мен қазақ  әдебиеті  мұғалімі

Білімділік: Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Қазақ  халқымыздың ұлттық  аспаптарын  қастерлеп  үйрету. Өнерге  бейімдеу  арқылы әсемдік  әлемін  таныту, өнерге  деген  сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттыру. Сөздік  қорын  молайту. Етістіктің  райларынан  алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Өздігінен ойлап талдай білуге, қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдісі: СТО технологиясын қолдану, сұрақ –жауап

Пәнаралық  байланыс: әдебиет, музыка, тарих, этнография, өнер

Формасы: жеке, топпен, жұппен

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:         2 минут           

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды  түгелдеу.

-Кім бүгін  сабақта кезекші?

– Сабақта  кім жок?

3.  Оқушыларды топқа бөлу.

4.  Бағалау парағын беру.

 

ІІ. Психологиялық дайындық.     1 минут

  1. 1.      Оқушылар бір-біріне жақсы тілек  айтады.

(бүгінгі сабағымыз  нәтижелі өтсін!

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға  бағалау парағын беру.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.     4 мин

-Үйге  қандай тапсырма берілді?

-Етістіктің райларын  қайталау. Қазақ отбасы.

-Үй  тапсырмасын  тест арқылы тексеремін.

 

«5» – 9-10 сұрақ

«4»-  7-8 сұрақ

«3»-  5-6 сұрақ

«2»-  1-4 сұрақ

 

 

ІҮ. Жаңа тақырыпқа шығу.

1. Интерактивтік  тақтада аспаптар  суретін көрсету. 2 мин

– Балалар суреттегі  заттарды қалай атауға болады?

– Ұлттық аспаптар. Дұрыс.

-Бұл аспаптар қай халықтың аспаптары.

-Сонда  сабағымыздың тақырыбы  қалай аталады?

-Ұлттық  аспаптар.

-Дұрыс  балалар.

-Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар».

 

Сабағымыздың мақсаты:  ұлттық аспаптар  туралы білімдерімізді  тереңдетіп, жаңа мәліметтер алу.  Жеке, жұпта, топта  әр түрлі тапсырмалар  орындау арқылы тілімізді дамыту. Етістіктің  райлары бойынша тапсырма орындаймыз.

 

Тыңдалым. Мәтінді  тыңдау. 2 мин

 

Ү. Жаңа сөздермен  жұмыс.  5 мин

1. Сөздерді мұғалім оқиды.

2. Оқушылар сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.

Сөздерді оқиды, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.

Сөздер тақтада жазылып  тұрады.      Сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.

 

әуен- мелодия

шертпелі- шипковый

ыспалы- смычковый

үрмелі-духовой

ұрмалы-ударный

киелі- священный

жауынгер-воин

бақсылар-шаманы

өте маңызды-очень важное

жырлайтын-исполняющие

                             Мәтінді тыңдау 2 мин

ҮІ.   Мәтінмен  жұмыс            12 мин

Ұлттық  аспаптарда күй, термелерді орындайды. Оларды орындайтын адамдарды күйші, термеші деп атайды.Ұлттық аспаптарда жырлайтын әуендерде халықтың өмірі, табиғат, махаббат, батырлар ерлігі көрініс алады. Қазақтың музыкалық аспаптары осылай  бөлінеді: шертпелі аспаптар: домбыра, адырна, жетіген, шертер. Ыспалы аспаптар- қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген. Үрмелі аспаптар: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз. Ұрмалы аспаптар:  дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ.

Қазақ  халқының  ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Домбыра- қазақ халқының өмірінде өте маңызды орын алған аспап. Ол ерте пайда болып, уақыт  озған сайын түрленіп, дамып отырған.  Қазақ  халқының отбасында той-думандар, қуанышты мерекелер, тұрмысқа байланысты салт-дәстүрлер ән – күймен өткізілген.  Домбыра- қағып, шертіп ойнайтын ішекті аспап.  Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар.

Дабыл-ұрып ойнайтын музыкалық аспап.

Дабылды жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл дауысының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған. Дабылдың шеңберіне екі жағынан көн тері қапталады.

Қобыз – киелі аспап. Ертеде осы аспапта бақсылар ғана ойнаған. Қобызды жасаған Қорқыт ата.

Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Қобыз- бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлігі терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, ол табиғи дыбыстарды әдемі шығарады. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Бүгінгі  күні қобыздың  9 астам  түрі бар.

 

1. Аспаптарды  көрсетіп, дыбыстарын  тыңдату.   1 мин

 

 

      Тапсырмалар

1. Оқушылар мәтінді  оқиды.    

2. Мәтінді  аударады.

3. Абзацтарына ат қояды.

  1. Мәтін бойынша  постер  жасайды, тақтаға  шығып  қорғайды.

 

Сергіту  сәті                    1 мин

«Көзге жаттығу» орындау   

 

ҮІІ. Деңгейлік  тапсырмаларды  орындау        6 мин

 

  1. Етістіктің райлары бойынша  жұмыс жасау  алдында, ережелерді еске  түсірейік.

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің қандай райларын білесіңдер?

-Ашық рай қалай жасалады? Шартты рай қалай жасалады? Бұйрық рай қалай жасалады?

 

                        ІІІ деңгей

Төменгі  сөздерді  қатыстыра отырып  етістіктің райын жасаңыздар.

І топ:   қалау рай

Орында, ата, жырла, өткіз, шерт

ІІ топ: шартты рай

Ойна, қой, тұр, биле, өрле

ІІІ топ: бұйрық  рай

Тартады,  шығарады, санайды, ойнайды, жасалады.

      ІІ деңгей

  1. 1.      Синтаксистік  талдау жасаңдар.

Ұлттық  аспаптарда күй, термелер  орындалады.

Қазақ  халқының отбасында той-думандар, қуанышты мерекелер, тұрмысқа байланысты салт-дәстүрлер ән – күймен өткізілген.

І деңгей

Ақын  Қадыр Мырза  Әліұлы  кезінде  қазақ халқының бүкіл ерекше қасиеттерін тізбелей келіп: «Нағыз қазақ  қазақ емес, нағыз қазақ  домбыра» -деген  еді.  Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер? Топта жұмыс.

 

Домбыраның  үнін тыңдату   1 мин

 

 

Оқушылар бір-бірін тексереді.

ҮІІІ. Сабақты  қорыту.       2мин

 

1 Ұлттық  аспаптардың  суретін қою арқылы.

Сонымен балалар  бүгін сабақта  қандай білім алдыңдар?

Қазір топтарынмен ақылдасып 1 мин ішінде жазып, топтан бір оқушы  оқып берсің.

 

2. Оқушылар өздерін бағалайды .  2 мин

3. Үйге тапсырма  беру.

Эссе жазу. «Қазақ халқының ұлттық аспаптары».

Leave a Reply

Your email address will not be published.