«Сиқырлы ұғымдар» балабақшаның ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналған математика сабағы


Айдарбекова Бакыт Жанбыршшиевна

«Нәзік» бөбекжайы» КМҚК II санатты тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№8 «Күншуақ» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: Сиқырлы ұғымдар

Мақсаты:

Білімділік: Заттар шеңбердің немесе шаршының ішіне орналастырылған жағдайда екі топтағы заттарды теңестіруді үйрету. Заттарды үлгі бойынша санап шығуға үйрету. Заттардың орналасуын өзіне қатысты тұрғыда анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық: Баланың зейінін дамыту. Халық ауыз әдебиетін пайдалана отырып, логикалық ойлау қабілетерін арттыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды білуге деген белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Өткізу түрі: Ойын сабақ

Көрнекілігі: балалардың жеке жұмыс жасауына пайдаланатын суреттер, пішіндер, сандар, сиқырлы кілт пен таяқша.

Алдын ала жұмыс:  Топқа сиқыршы келеді:

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар

Балалар: Сәлеметсізбе

Сиқыршы: Балалар менің Сиқыршымын, сендерді білімді әрі еңбекқор деп естіп, көмек сұрай келдім. Мен атақты сиқыршы бола тұра,  алма ағашы жемісін қалай беретінін білмейді екем. Ал сиқырласам болмай тұр.

Балалар: Алма ағашының жемісі еңбекпен, асқан ептілікпен, қамқорлықпен піседі.

Сиқыршы: Ал сендер қалай дәлелдейсіңдер? Менің алма ағашым піскенше мен сендердің топтарыңды сиқырлап кетем. Алма ағашым жемісін берген кезде ғана білім мен еңбекке бас ием

(Топтан шығып кетеді)

Тәрбиеші балаларға еш саспауларын, егер білімді, алғыр, ойлары ұшқыр, еңбексүйгіш болса қандай да болмасын кедергіні жеңуге болатынын айтады.

  Іс-әрекет кезеңдері   Тәрбиешінің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті
Ынталандырушы – қозғаушылық Зеңгір көктен, нұрын төккен Ортақ біздің күніміз Жайнап өскен, жайдары өскен Біз өмірдің гүліміз   Бал достыққа, жолдастыққа Шақырады әніміз Тыныштықта, нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз Балалар топқа әдемі киінген балалар кіреді де, жартылай шеңбер болып, шаттық шеңберін айтады. Келген қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру – іздестіру Тәрбиеші: Балалар айналамыз неткен әдемі, бұл қалай пайда болды екен? Тәрбиеші: Медина дұрыс айтады, қараңдар мында «Сиқырлы ұғымдар» деген жазу бар. Демек сиқыршы біздің бүгінгі сабағымызда айтылатын сөздерді сиқырлап кеткен екен, біз Сиқыршыға білім мен еңбекке сиқыр жүрмейтінін, сиқырды жеңе алатынымызды көрсетеміз бе, балалар?   Тәрбиеші: олай болса балалар, біз бүгінгі сабағымызды екі топқа бөліп жарыса өткіземіз дегенбіз, екіге бөлінейік, кәнекей?! Енді осы топты алға бастап жүрер топ капитанын таңдайық, ол үшін араларыңда кім өзі туралы тақпақ біледі?, сол баланы сайлайық.   Тәрбиеші: Балалар сабағымыз жарыс түрінде өтетіндіктен, әр дұрыс жауапқа капитандардың қоржынына асықтар беріп отырам, оны сабақ соңында санаймыз. Ал, ендеше бастайық, қараңдар сендерге дайындаған тапсырмаларым әдемі асықтарға айналыпты.   Ақ  асық:  «Ортада жатқан қапшықтың ішіне жыл мезгілдері қалай жасырынған?» (ортадағы қапшықтың ішінен ақ, жасыл, сары, қоңыр шар шығады.) Тәрбиеші  балалардан жыл мезгілдерін сұрайды.   Көк асық: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін соңынан баста Тәрбиеші балалардан тура және кері санауды сұрайды.   Қызыл асық: «Ребус шеше білесің бе» Тәрбиеші екі топқа арналған суретті ребусты ұсынады.  Майқұдық   Сарыарқа   Бірқазан   Қолшатыр     Сары асық: «Мақал-мәтел сандары» Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.              Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Екі қолға бір күрек   Жасыл асық: «Жаңылтпаш  түстен жаңылтады» Ақ кептер, көк кептер, көп кептерБұл қар, сұр қар, сүр қарДоп, доп, доп, қызыл, жасыл, көк. Доп, доп, доп, бұдан жүйрік жоқ Ала қарғаарға, қара қарғалар үйір   Сұр асық: «Жұмбақтар шешейік, сиқырлы ұғымдарды терейік» Кезікті бір жануар, үстіндеекі тауы бар (түйе) Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.                                        (жапырақ)   Қара асық: «Пішіндер қалай орналасқан»          
Шеңбердің ішінде неше тіктөртбұрыш бар? Шаршының ішінде үшбұрыш бар? Олар туралы не айтуға болады?   Көгілдір асық: «Неге ұқсатасың? » Судың  бетіне үздіксіз қай пішінді салуға болады?От қай пішінге ұқсап жанады?   Сергіту сәті:  «Қыс» Боран соғар оң жақтан Боран соғар сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ Суық өтер қолғаптан   Осы сәтте топқа Сиқыршы келеді: – Балалар қалай «Сиқырлы ұғымдарды» тауып жатсыңдар ма? Әлде менің қойып кеткен «сиқырлы таяқшам» мен «сиқырлы кілтімді» пайдаланып жатсыңдар ма? – Олай болса мен сендермен бір ойын ойнайын.   Дыбысты ойын. Мақсаты: Балалардың есту арқылы, көзбен көру арқылы санау қабілеттерін дамыту. Барысы: Бірінші топқа көздерін жұмып, барабан неше рет қағылғанын сұрайды, екінші топпен құлақтарын жауып, көзбен санап, барабан неше рет ұрылғанын сұрайды. Сосын топпен барабанды қағып беске дейін санайды. Бір сәтте Сиқыршы өзінің «Алма ағашының» әлі жеміс бермегенін көреді. Сиқыршы: Менің «Алма ағашыма» сендер де көмектесе алмадыңдар ма?, деп мұңайады.
Медина: бізге кеше сиқыршы келіп кетті емес пе, бүгін сабақты сиқырлап кеткен Сиқыршы болды ғой        Иә     Балалар жылдам екіге бөлініп отырады. екі бала тақпақ айтады.                   Балалар қызыға назар аударады.   Әр топ балалары кезекпен ақ түсті шар-қыс, сары түсті шар-күз, жасыл түсті шар-жаз, көк түсті шар-көктем деп сипаттап береді.       Балалар «Мақта қыз бен Мысық» ертегісін естеріне түсіреді. Бір топ ертегіні кері қойса, екінші топ кері санайды.                     Екі топ екі ребустан шешіп, оның мағынасын да айтып береді.                                       Балалар мұқият тыңдап отырып, тапсырмалардан сандарды,           түстерді тауып,             жұмбақтарды шешеді.                 Балалар пішіндер арқылы тең немесе аз, көп ұғымдарын қайталайды.             Дөңгелек   Үшбұрыш     Балалар орындарынан тұрып сергіп алады.         Иә,     «Жоқ, біз өз күшімізбен, білімімізбен шешіп жатырмыз», – дейді   балалар         Балалар ойынға белсене қатысады.              
Рефлексивті – түзетушілік Тәрбиеші: Сен тоса тұр Сиқыршы, кәне балалар, бүгінгі сабағымыз өз жемісін берді ме, мақсатымызға жеттік пе соны тексеру үшін қоржындағы асықтарды санайық. (жеңген топқа «Ең алғыр», «Ең ұшқыр» топ аттақтарын береді.) Енді сиқыршыға көмектесейік: -Мен сендерге алмалар алып келдім.  Сендерге  сабақ ұнаса, тапсырмалар қиындық туғызбаса қызыл алманы таңдаңдар, ал сабақта кейбір тұстарында қиналып қалсаңдар, көк алманы алыңдар. Енді осы таңдауымызды алма ағашына іліп көрейік. Сиқыршының алма ағашы жемісін беріп, Сиқыршы риза болғандығы соншалық, рахметін айтып, балаларға сыйлық таратып береді     Балалар бүгінгі өткен сабақтарына өзін өзі бағалау бойынша қорытындылайды.  

Күтілетін  нәтиже:

Нені  біледі: кеңістікті бағдарлай алады, жыл мезгілдерін, уақыт өлшемдерін біледі.

Қандай  түсініктер  игерді:орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру, заттың орнын анықтау;

Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері: ребус шеше білу іскерліктері, топпен жұмыс жасау, жеңіске жетуге деген белсенділіктері меңгертілді

Сабақтан көрініс