Бөлме гүлдерін күту


Нуртазина Айнагуль Толегеновна

«Ақмола облысы білім бөлімінің Атбасар ауданындағы білім бөлімінде Атбасар қаласының «Алтын бесік бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін күту!»

Мақсаттары: Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдің сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап күту ережелерімен таныстыру . Өсінді отырғызу жолын көрсету.

 ә) Өсімдіктерге күтім жасауға деген құштарлығын ояту.

 б) табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тамыры, сабағы, жапырағы.

Билингвальді компонент: гүл-цветы, бөлме гүлдері-комнатные растение, әдемі-красивый.

Кезендері Оқу іс әрекет барысы
  Бастапқы  Тәрбиеші: Адамдардың бәрі қызығыда, Су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?                                                 (Гүл) (Дымбілмес келеді, қолында жасанды гүлі бар) Дымбілмес: -Сәлеметсіңдерме, балалар! Балалар мен мына гүлді өсірейін деп едім қалай өсіруді білмеймін. -Балалар мына гүл өсе ме? -Оны Дымбілмеске түсіндірейік.
  Негізгі Дымбілмеске гүлді өсірудің жолын түсіндіру. -Біздің топта қандай гүлдер бар? (фикус, шортаңқұйрық, әйелбақытты-спатифиллиум) Гүлдермен таныстырып, сипатамма беру.   Практикалық жұмыс.  Дымбілмеске гүлді отырғызуды түсіндіру. Ең бірінші гүл отырғызатын ыдыс керек, оған құнарлы топырақ саламыз, топырақтың ортасында құдықша жасап, су құямыз да, тамыры бар гүлді отырғызамыз. Қоректік заттар мен су гүлдiн тамырлары арқылы сабағына, содан кейін жапырақтарына барады. Содан кейін гүл өседі. Көптеген бөлме өсімдіктері гүлдейді. Таңданысын жасырмайды. Балалар да тамактанады. Сондықтан өседі. -Бір-біріне нені жаксы көретіндерін айтады. Балаларды гүлдеп тұрган және гулдемеген әйелбақытты-спатифиллиум гүлімен танысуға шакырады. Педагог балаларға түсіндіреді. Бұл да міндетті түрде гулдейді. Бірак ол ушін гүлге дұрыс күтім жасау қажет. Балалар мұқият карап шығып, олардың жапырактарынын бірдей екенін анықтайды. Педагог балаларға өсімдікке көп су құюға болмайтынын, әйтпесе ол шектен тыс көп ылғалды көтере алмай солып калуы мүмкін екенін түсіндіреді. Бөлме гүлдеріне қалай күтім жасау кажеттігін айтып береді : -гүлге су кұйып тұру керек – кұмырадағы топыракты қопсытып тұру кажет құралдармен танысуға шакырады. Топтағы өсімдіктердің айырмашылығын атап шығады жапырактары, көлемі, гүлдері бір-біріне ұқсамайды. Педагог түсіндіріп, гүлдiн жапырақтарын калай сүрту керектігін көрсетіп береді. Құралдардың не үшін керектігін аныктайды су кұятын ыдыс-гүлдерді суаруға, ағаш таяқша топырақты қопсытуға, субүріккіш су бүркуге,майлык пен кылқалам жапырактардың топырагын суртуге арналған. Колыма майлыкты алып, жақсылап сығамын. Оң колыммен майлықты, сол қолыммен жапыракты ұстаймын. Акырын сүртемін. Содан кейін жапырақты акырын аударып, астынғы жағын сүртемін.                                                    Сергіту сәті Алга карай бір адым, Артка карай бір адым Бір орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын. Жоғары-төмен қарайық. Орнымызды табайық.   Зерттеу жұмысы: «Гүл тіршілігі»   Мақсаты: гүл өсіру үшін судың қажет екенін түсіндіру. Гүлдің суды бойына қалай сіңіретінін дәлелдеу. Боялған суға ақ матаның шетін салу,  су матаның бойымен жоғары көтеріледі. Сонда гүл тамыры арқылы суды бойына сіңіретінін дәлелдеу. Балалар отырғызған гүлді Дымбілмеске сыйлайық па? Дымбілмес оны өзі өсіріп көрсін.
Қорытынды Тәрбиеші: -Біз кімге көмектестік? -Гүл өсіру үшін не керек екенін білдік пе? Дымбілмеске өзіміздің көңіл-күйімізді смайликтер арқылы көрсетіп, қоштасайық. Дымбілмес: -Сау болыңдар , балалар!

Біледі: Гүлдің сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап күту ережелерімен.

Түсінеді: өсімдіктер өсуі үшін қандай жағдайлар қажеттігіне.

Қолданады: гүлге күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгерген (су құю, топырағын

қопсыту, шаңын сүрту).