Тәрбие сағаты «ТӘУЕЛСІЗДІК –ЕЛ ТІЛЕГІ»


Акмолинская область

г.Степногорск

ГУ «Средняя школа №2 п.Аксу»

Мини – центр «Балдаурен»

Мазанова Гульжан Толегеновна

Ән орындалып тұрады. Балалар қолдарына шар ұстап, топқа кіреді)

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.  Патриоттық сезімін ояту. Ана тілін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дір сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтеміз.

Қазақстан Республикасының Әнұраны  орындалады.

Құттықтау сөзі беріледі.

Жүргізуші: Тәуелсіздік -11 әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман,

Талай дара, даналардың көз жасы.

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайын, жеткенінше қызыл тіл.

1 – бала: Т       – білдіреді теңдікті,

2 – бала: Ә       – әдептілік елдікті,

3 – бала: У       – уайымсыз уақытты,

4 – бала: Е       – егемен елдікті,

5 – бала: Л       – дейді лағып, лепірді,

6 – бала: С      – сенімділік секілді ең,

7 – бала: І       – ілтипат пен ізет қой,

8 – бала: З      – зиялылық, тілек қой,

9 – бала: Д       – шақырады достыққа,

10- бала: І       – ілкімді боп сақтықта,

11 – бала: К     – дейді күн боп көктегі,

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

(қолдарыңдағы шарға байланған қағаздарын көкке ұшыртады).

Хормен:  Тәуелсіздік күні – құтты болсын!

 Наргиз: Айнымайды аспаннан

Біздің  тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Шыңғыс: Тәуелсіздік ұранымыз

Біз келешек ұланымыз.

Жүргізуші: Ендігі кезекте мың бұралған қыздарымыздың биін тамашалайық.

«Қамажай» биі.

Жанура: Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз.

 

 

Меліс: Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Ән «Таңым тамаша»

Ұлттық ойын: «Орамал тастамақ»
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Дастан: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекедеп ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Назгүл: Қазақстан елім менің,

Қазақстан жерім менің

Саған арнап айтылады

Әнім менің!

Жүргізуші: Біздің ел қорғайтын нағыз қаһарман ұлдарымыз  өздеріңізге ән  тарту етеді. «Бауырсақ» әні.

Нұрсәлім: Көк байрақ – көк аспан,

Алтын күн нұр шашқан

Әлемге танылған

Тәуелсіздік Қазақстан.

Дильназ: Отан елдің анасы

Отан жердің анасы

Бақытты ғой дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы.

Ұлттық ойын: «Арқан тарту»
Бұл екі топқа бөлінген ата-аналармен  ойналады. Арқанның екі жағынан екі ата-ана  немесе екі топқа бөлінген ата-аналар  тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып келсе сол топ жеңіске жетеді. Екі ата-ана  тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған топ жеңіске жетеді

Мадияр: Отан деген – атамекен

Отан деген – туған жер.

Ән «Балапан»

Сахналық қойылым «Атаның балаға өсиеті»

(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып ата келеді)

–         Сәлеметсіздер ме?

–         Сәлеметсіз бе, ата.

–         Шырағым, мен ертеңгілік өтіп жатқанын естіп әдейі келдім. Балаларға өзімнің өсиет сөздерімді айтайын деп.

–         Жарайды ата, олай болса төрлетіңіз.

 

–         Балалар, көпті көрген аталарына сұрақтарын бар ма?

–         Иә, менің сұрағым бар?

–         Ата , өткен өмір деген не?

–         Ә, балам өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздың тарихы  емес пе?

–         Ол қандай болған?

–         Менің елім –Қазақстан. Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Біз тәуелсіздікті алған нағыз бақытты елміз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіздігіміз бар.

–         Балалар, атаның өсиет сөздерін түсіндіңдер ме?

–         Ата, сізде балалармен бірге мемлекетіміздің  жетістіктерін  тамашалаңыз.

–         Шырақтарым енді мен қайтайын.

–         Ата, балаларға батаңызды беріңіз.

Жасұлан:Егемен елдің ұлымын,

Ертеңгі күннің нұрымын

Отанын сүйген азамат

Болатындардың бірімін.

Салауат: Анамыздың тілеуі – ақ

Отан бізде біреу- ақ

Ол – біздің Қазақстан.

Ойын: «Кім шапшаң»

Би

Тәуелсіздігімізге арнап тақпақ .

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр

Күн жаяды шапағын.

-Құрметті, қонақтар сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте шығармашылық табыс тілейміз.

Қош сау болыңыздар!

Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *