Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру


Уразакова Айдана Мейрамовна

Қостанай облысы басқармасының “Қостанай ауданы білім бөлімінің Абай негізгі орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сыныпта  шығармашылық  зерттеу – оқушының ең жоғары қасиеті. Осы орайда жаңартылған білім мазмұны шәкірттің  өздігінен  ізденіп, жаңалық ашуына жағдай  туғызып отыр. Яғни, шығармашылық арқылы оқушының дүниетанымы  кеңейіп,  іс – әрекетін өмірмен байланыстырады. Тақырыпты меңгеруде  өз күшіне сену дағдысы  қалыптасып қана қоймай, ақыл – ойы, икемділігі дамиды.Күнделікті сабағымда  диалог барысында шәкірттерім күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларымен бөлісті, пікірлесті, білімді бірлесіп алды, өз білімдерін толықтырды. Сабақ барысында жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау кезінде сұрақтар қойылып, оларға жауап алуда оқушылардың білімдерін тереңдетті. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру – ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында. Жаңаша оқытудың сабақ беруде маңызы зор. Сұрақтың нақты, дәл және анық болып құрылуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынуы жақсы нәтижеге жетудің бір жолы болып табылады. Оқушы топпен жұмыс жүргізгенде берілген тапсырмаларды   бірлесе отырып, оны бір-біріне  түсіндіре отырып орындаса,  сөздік қорлары дамиды. Менің ойымша диалогтік оқыту  тәсілін  ауызша дүниетану  және  әдебиеттік  оқу сабақтарында қолданған өте тиімді, нәтижелі болатын сияқты. Бұл жерде тақырып толық талданады,әркімнің өз идеясы, пікірі  бағаланады, бір – біріне сұрақ қойып үйренеді, айтқандарын дәлелдейді, келісімге келуге ұмтылады ұжымдық түсініске қол жеткізеді. Мәселен, әдебиеттік оқу пәнінің талдау  кезеңінде проблемалық сұрақтар арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру  мақсатында оқушыларға мәтіннен әркімге әсер еткен жері туралы өмірмен байланыстыра өз ойларын ауызша айтуға тапсырма беремін. Шәкірттерім өзара бір-бірімен сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Жұптық жұмыста   оқушылардың бір бірін жетектеп алға сүйрейтіндігін, бір-біріне көмектесетінін байқадым. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Қазіргі таңда сыныбымда жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолдану аясында  ынтымақтастық қарым-қатынастың негізі қаланды. Бұл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,топпен жұмыс жасағанда  балалардың өзгергенін байқадым. Жаңа әдіс-тәсілдер оқушылардың өздігінен бірлесіп жұмыс істеуін бір-бірі үшін жауапкершілікті сезінуге, бір бірінің еңбегін бағалай білуге, сыйласым мен үйлесімдікке дағдыландырады. Олай болса, жаңаша оқытуда күш-жігерімізді аямайық!