Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ресурстармен қамтамасыз ету


Абдрашева Алия Кажмухановна

Қостанай облысы  әкімдігі   білім басқармасының  “Қостанай қаласы білім бөлімінің “№15  жалпы білім беретін   мектебі” КММқазақ тілі мен әдебиеті   пәнінің мұғалімі

Жаңа білім беру мазмұнында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде білім берудің мақсаты: жаңартылған білім беру аясында  білімді сапалы меңгерту үшін  ресурстарды тиімді  пайдалану. Ақпараттық технологияны сабақ барысында екпінді түрде қолдануды өзіме дағды етіп алдым десем артық айтқаным емес.  Сабақ барысында интерактивті тақтаның мүмкіншілігі мол.Оны ресурс ретінде қарастырсам, компютер арқылы  дұрыс-бұрыс,сұрақ-жауап т.б әдістер шәкірттерімнің қызығушылығын арттыра түседі. Қазіргі таңда жаңа білім беру мазмұны оқушылар үшін құзыреттілік пен  нәтижеге  бағытталып отыр. Бүгінгі жаңа заман баласы жаңалыққа құмар, шығармашылыққа  әуес екені бәрімізге мәлім.Осы орайда, ұстаз ретінде жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін қарастыруды өзіме міндет етіп алдым. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын жоспарлағанда  ресурстармен қамтамасыз етуді  сабақтың әр кезеңінде мұқият ойластыра отырып,  оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін басты назарда ұстанамын. Сабақ барысында  көрнекіліктер, техникалық  құралдарды ресурс ретінде пайдаланып, сабағымды түрлендіріп, өнімді сабақ болуын қадағалаймын. Тарқатып айтсам,  шәкірттерімнің біз үйреткен білімін  тәжірибемен ұштастыра   білуі, тиянақты білімдерін  өзгермелі өмірде орнымен қолдана білуі, жағдаяттарға шешім қабылдауы, өз бетінше ізденіске талпынуы деп білемін. Жаңа сабақ барысында  “Саяхат картасы”, “Қазақстан Тәуелсіздік  Картасы”, магнитті ресурс түрлерін тиімді  қолдану дағдыма айналған. Ал, сабақты бекітуі кезеңінде  “Сұрақтар текшесі”, “сұрақ бер, біз дайынбыз, бізге уақыт қажет” ресурстарын  кеңінен пайдалансам,  рефлексия кезінде “Таразы” ресурсын  ұтымды қолдану үстіндемін. Өзімнің тәжірибемде берілген ресурстарды  сабақтарға  ретімен енгізгенде оқушылардың танымдық белсенділігі арта түсіп,  өздігінен ізденуге,  шығармащылық қабілетін  қалыптастыруға ықпалы зор екенін байқадым. Сонымен қатар  шәкірттерімнің оқу үрдісінде ұжымда бірлесіп,  қызықты және жеңіл  жұмыс жасауға  төселгендігін,  білімдерінің тереңдетіліп, одан әрі сапасы арта түсетініне анық көзім жетті десем артық айтқаным емес. Осы тұрғыда қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ресурстарды кеңінен пайдалану дамыту  білім алушылардың ойлау қабілетін арттырудың  үйлесімді  бағытына айналып отыр. Оны ресурс ретінде қарастырсам, компютер арқылы жұптастыру,топтастыру,дұрыс-бұрыс,сұрақ-жауап т.б әдістер шәкірттерімнің қызығушылығын арттыра түседі. Өзімнің тәжірибемде ресурстар арқылы білімді кеңейту әрбір оқушының болашақта  өмір сүруі үшін  керекті деп есептелетін терең білімінің және білік дағдыларының  көрінісі  деген тұжырымға келдім. Оқушылардың білім сапасын арттыра түсу үшін тәжірибеде оқытудың белсенді  жаңа әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдана білуге мұқият болуымыз  қажет. Өйткені,   жаңартылған білім аясындағы әрбір тапсырмалар білім алушыларды ойландыру, өз беттерінше ізденіп оқуға баулып, табысты сабаққа қол жеткізу болып табылады. Осы  орайда  біз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Өйткені, жаңа форматтағы ұстаз кәсіптік, зияткерлік жағынан жан-жақты дамыған,баланың адами  келбетінің  қалыптасуына  әсерін тигізуі тиіс. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ресурстарды қалай кеңінен пайдалануға болады? Осы тұста тәжірибеммен бөліспекпін. Заманауи талапқа сай АКТ-ны қолдана отырып, интерактивті тақтамен жұмыс жасаймын. Осы кезде  мұғалім мен оқушы, интерактивті тақта арасында қарым-қатынас орын алады. Ақылды тақтадағы  ойын үрдістерін де ресурс ретінде тиімді пайдалану арқылы  арқылы  шәкірттерімнің құзыреттілігі дами түседі.  Бұл тұста өзім жоғарыда атап өткендей  ресурстарды басшылыққа ала отырып, достық қарым-қатынастары нығая түседі. Күнделікті сабақта оқуға  белгілі бір материалды ұсынамын, термин сөздіктерді қолдана отырып, тапсырма құрастыруға тапсырма беремін. Қазіргі таңда бәрімізге мәлім “Білім ленд” тен ресурстар пайдалану қолжетімді болып отыр. АКТ -аясында ғаламтордан видеоның сілтемесін  тапсырма ретінде  ұсынсам, шәкірттерім дереу  өздігінен ізденіп, жаңа сабаққа  топқа ұсынуға тапсырмалар әзірлеп келеді. Былтырғы оқу жылында қашықтықтан оқыту барысында оқушылар білім берудің түрлі платформаларында ресурстармен өздігінен жұмыс атқара білді. Сілтемелер арқылы  әрбір сабағын ресурстармен қамтамасыз етіп үй тапсырмасын түрлендіріп орындады. Бүгінгі күнгі қашықтықтан оқытудың тиімділігі оқушылардың АКТ-аясында түрлі тапсырмаларды орындау барысында ресурстармен жұмыс жасуына жол ашып отыр. Иә, мың естігеннен бір көрген артық демекші,  білім алушылар өздерін-өздері реттей алады, ресурстарға кеңінен қол жеткізеді. Ресурстарды тек сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс іс-шараларда да жүзеге асатыны бәрімізге мәлім. Осы орайда шәкірттерім қашықтықтан ұйымдастырылған сайыстарға ат салысуда. Күнделікті сабағымда  оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты жазуға үйрету, оқу жылдамдығын арттыру т.б жұмыс түрлері жетіп артылады. Білім бeру бағыттары әрбір сабақ барысындағы   кeрі байланыс жасау арқылы, оқушының өз білімін саралай білуге жол ашып отыр.  Ойымды түйіндей келе, тәжірибемде күнделікті сабақты  табысты сабаққа айналдыру барысында жаңа білім беру мазмұнында ресурстарды қолданудың  тиімділігі зор дегім келеді. Ендеше, бұл, әрине оқушылардың  білім сапасын арттыра  түседі дегеніне кәміл сенімдімін.  Бүгінгі  өркениетке бет бұрған ақпарат заманында терең білімді, білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға тәрбиелеу – ең өзекті мәселе. Демек, оқытудың жаңа тeхнологиясын eнгізу, білім бeруді ақпараттандыру – XXI ғасырдың басты талабы. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаныма — жылдың жүзі болып қалыпты.

Қазіргі таңда  “Әлeм өзгeргeндіктeн, мeн де өзгeрeмін”  деген даналық сөзді педагогикалық ұстанымым ретінде жаныма серік етіп бастауыш сыныпта сабақ беріп келемін. Мeні еңбек жолымда алғашқыда    мынадай  сұрақтар толғандырды: оқытудың басқа формасы бар ма eкeн?  Оқушыны қызықтыру үшін нe істeугe болады? Оқушы нeгe жалаң бағаға құмар? Оларда нeгe  білім алсам дeгeн ой бірінші болып тұрмайды? Әринe, осындай сәтте менде жаңа әдіспeн жұмыс  істeсeм, бір eрeкшeлігі бар оқыту формасымeн таныссам дeгeн құштарлық  пайда болды. Міне, осы сауалдарыма жауапты мен  жаңартылған білім мазмұнынан таптым десем артық айтқаным емес.

Әрине, жаңа бағдарламаны  мұғалімнің іс – тәжірибeсінe  өзгeрістeр eнгізу – мектебіміздің басты талабына айналып, бүгінгі күні, алғашқы нәтижесін де бере бастады. Жоғары деңгейді тәмамдаған тренерлер  шебер сыныптарда  оқыту стратeгияларын, түрлі пeдагогикалық тәсілдeрді араластырып қолдану мүмкіндіктeрін, сондай-ақ нақты әдістeр мeн стратeгияларды қалай жәнe қай жағдайда қолдану қажeттігін игертті.  Яғни, зeрттeулeрдің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға жәнe жeкe жүргізілeтін  зeрттeулeргe мән берді.

 Білім бeру бағыттары әрбір оқушымeн болатын жeкe кeрі байланысты да eсeптeн шығармауға жетеледі. Әріптестеріңмен пікірлeсу, ой бөлісу, тәжірибe алмасу – жeткeн  табыстың  бір бөлшегі. Сонымен бірге курста бағдарламаны мeңгeрудe  оқыту саласына қатысты  көптeгeн зeрттeулeрмeн  таныстым, талдау жасауды, қарастырылған зeрттeулeрді  қажeттілігінe орай  сынып сабақтарымда  пайдалану барысында   сауалдар туындады, қалыптасқан  ой-пікірлeр  мeн тәжірибeні  әріптeстeр мeн трeнeрлeр алдында ортаға салып, кәсіби пікірталастарға қатысып отырдым.

Оқытудың  eкінші кeзeңіндe  (мeктeптeгі тәжірибe) бағдарламаның нeгізгі ұстанымдарын іс жүзіндe жүзeгe асыру үстіндемін. Әрине, өзгeрістeрдің  тәжірибeмдегі өзгерістер,  күнделікті сабағыма жаңа идeяларды  eнгізугe өз әсерін тигізді. Қазіргі таңда үшінші сыныпта сабақ беремін. Сыныбымда 8 озат, 6 оқу екпіндісі бар. Ол үшін күндeлікті оқыту тәжірибeмe жаңаша түрде құрылған  сабағымды жоспарлап, оны өткізу  барысында жаңа тәсілдeрді, «Диалог арқылы оқыту» мeн «Қалай оқу кeрeктігін  үйрeнуді» ғана қарастырамын, өйткені оларды әлeумeттік-сындарлылық көзқараспeн тығыз байланыстырамын.  “Ізденген жетер, мұратқа” дегендей шәкірттерім   дәстүрлі кездегідей қонақ болып отырмай, нағыз кейіпкерге айналды. Әрбір сабағымда мерейлі мақсатым –  білім алушыларды ойландыру, іздендіру сол арқылы өз беттерінше ізденіп оқуға баулу. Иә, жаңартылған білім аясында қызмет атқарғаныма  үш жыл болып қалды. Осы жылдар арасында қандай пікірге келдім? Жаңа білім мазмұнының  тиімділігі неде? Кемшін тұстары қандай? Осы орайда пікірімді тарқатып айтып кеткім келеді.

Жаңа білім берудің тиімділігі:

– Мақсаттың нақтылығы

– Жоспарда бөлім, бөлімшелердің айқындылығы

– Сыни  тұрғыда көзқарасының қалыптасуы

– Өздігінен білім алушы

– Бағаның дәлдігі

– Кері байланыс

Жаңа білімнің кемшін тұстары

Ата-ананы баға байланыстыратын

Ата-ананың да, баланың да бағаны ұмытпауы

Мұғалімнің   әлі де көп сөйлеуі

Қазіргі таңда қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін назарда ұстағанымыз жөн. Мәселен, “Бес саусақ”, “Бутерброд”, Тазалық” т.б тиімді десем, “Бағдаршам” бағалау сәтінде оқушылар тек жасыл, сары, қызыл түсін көрсетіп қана қоймай, кері байланыс жасап отыруы қажет. Әйтпесе, тек түсті көрсетсе, басқалар не үшін көтергенін ажырата алмай қалуы мүмкін. Немесе, жетістік ағашында оқушы өзінің орташа деңгейде екендігін мойындамай өзін жоғары деңгейде көрсетуі әбден мүмкін. Сондықтан бағалаудың тиімді жақтарын қарастырғанымыз жөн. Қазіргі таңда  жиынтық бағалауға  модерация өткізу де жаңа білім берудің тиімді тұсы болып отыр.  А,В,Д деңгейде жұмыс істеген  оқушылар өз еңбегінің  бағасының дәлдігіне сараптау арқылы көз жеткізсе, парталасы да досының  бағаны нақты алғанына көзі анық жетеді. Яғни, оқушылар әділдікке, айқындылыққа куә болады. Мен өз тәжірибемде жиынтық бағалау кезінде қолданып көрдім. Сараптау барысында үздік оқушыларым мен екпінде оқушылар өз бағасының  дәлдігін көрсетті. Тәжірибеде қолданғанымдай  А,В,Д деңгейіндегі сараптау білім сапасының  нақты көрсеткіші деген тұжырымға келдім. Үштілділік те  сабақ та жаңа білімнің бір  жетістігі. Тапсырма бойынша оқушы ізденіп, керек мәтіндерді ғаламтордан, кітаптан іздеп, аудармасына ағылшынша, орысша жасап келеді.  Шығармашылық  зерттеу – оқушының ең жоғары қасиеті. Осы орайда жаңартылған білім мазмұны шәкірттің  өздігінен  ізденіп, жаңалық ашуына жағдай  туғызып отыр. Яғни, шығармашылық арқылы оқушының дүниетанымы  кеңейіп,  іс – әрекетін өмірмен байланыстырады. Тақырыпты меңгеруде  өз күшіне сену дағдысы  қалыптасып қана қоймай, ақыл – ойы, икемділігі дамиды. Шығармашылық  жұмыс арқылы  жолдасымен, ұжыммен ынтымақтастық қарым-қатынасы нығая түседі. Яғни, бірлескен жұмыс арқылы, бірі-бірімен достығы күшейе түседі. Шығармашылықты тежейтін кедергілер “орындай алмаймын”, “қолымнан келмейді” деп қорқынышқа бой алдырса, екіншісі өз талантын ашуға енжар болады, ал үшіншісі ұяңдыққа жеңдіреді. Осы орайда жантанушы ролінде  шәкірттеріме “Жарайсың!”, “Керемет”, “Тамаша”, “Талпын” деген сөздер арқылы қанат бітіріп отырамын. Әсіресе, жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік  танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу  қасиеттері байқалып тұруы қажет. Шығармашылық  жұмыстарда  көбінесе, тіл мәдениеті бірінші тұруы шарт. Міне, осы тұста, жаңартылған білім аясында  төрт тілдік дағдылар шәкірттерім өмірінде білім сапасын арттыруға үлесін қосуда. диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.Диалог арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жүзеге асады. Сол сияқты оқушы мен оқушының арасындағы қарым – қатынаста да бұл оқыту үдерісі алға ілгеріледі. Сабақ барысында жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау кезінде сұрақтар қойылып, оларға жауап алуда оқушылардың білімдерін тереңдетті.Осы іс-тәжірибе барысында мен тізбектелген 3 сабағымда диалогтік оқытуды басшылыққа ала отырып, сабақ барысына 7 модульді кіріктірдім. Мысалы, сыныпқа кіріп келген мезеттен бастап оқушылармен амандасу, сабаққа деген көңіл күйлерін сұрау, қал жағдайларын білуден оқушы мен мұғалім арасындағы диалог басталып кетеді. Сабақ басталысымен тренинг өткізгенде мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүзеге асады. «Сабақ  бeру  үйрeншікті жай шeбeрлік eмeс, ол үнeмі жeтілдіруді қажeт eтeтін, үнeмі жаңаны табатын өнeр», – дeп  Ж.Аймауытов айтқандай болашақта ой-өрісі кемелденген, жаңалыққа құмар, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік!