Судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау


Калиева Макпал Акылбаевна

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің  №115 жалпы білім беретін мектебі”КММ  биология пәнінің мұғалімі

Сабақ мақсаттары: Судың қаиеттері мен тірі ағзалар үшін маңызы туралы тұжырымдар жасау.

Бағалау критерийлері: Судың қасиеттерін анықтайды.

Судың тірі ағзалар үшін маңызын анықтайды.

Тәжірибе кезінде: Судың беттік керілуі. Судың еріткіштігі, гидрофопты, гидрофилді, жылусыйымдылығы.

7.4.2.2 Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын салыстыру. Жасуша құрылымдары.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі және үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылaрмен сәлемдесу, оқушылaрды түгелдеу, сaбaққa нaзaрын aудaру.

«Сөзді тап» әдісі. Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындары салынған.

Оқушыларды осы қима қағаздарға жасушалар органоидтары, ұлпаның түрлері, мүшелер, мүшелер жүйесі жазылған сөздер арқылы төрт топқа біріктіру.

1-топ Жасуша органоидтары (цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша қабықшасы,вакуоль).

2-топ Ұлпалар (ұлпа анықтамасы, тірек ұлпасы, өткізгіш ұлпа, түзуші ұлпа, дәнекер ұлпасы).

3-топ Мүшелер ( тамыр, сабақ, жапырақ, ішек, бүйрек).

4-топ Мүшелер жүйесі (асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәр шығару, тірек-қимыл жүйесі).

Әр оқушы өздеріне түскен қима қағазға жазылған сөздерге мәлімет береді.

Дескриптор. Білім алушы.

-Жасушаның құрылысы, ұлпаның, мүшелердің, мүшелер жүйесінің түрлерін ажырата алады.

-Жасуша органоидтарының, ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтерін айтады.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» әдісі арқылы.

Сұрақ: Қандай зат қатады, ұшады. қозғалады?

Жауабы: Су

«Су-өмір» тақырыбында бейнебаян көру.

Оқушылар бейнебаян бойынша өз ойларын ортаға салады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарынан Жалпыға бірдей еңбек қоғамы жайлы әңгіме жүргіземін.

Ескертпе: су көптеген биохимииялық заттар үшін жақсы еріткіш болып табылады.

№2 тәжірибе. Тегіс жерге теңгені қойыңыз. Оның үстіне тамшуыр арқылы 1 тамшы су тамызыңыз. Осылай теңгенің үстіне неше тамшы суды тамызуға болатынын болжаңыздар. Су ағып кеткенше дейін жалғастырамыз.

Ескертпе: судың деңгейінің көтерілуі беттік тартылыс қасиетіне байланысты болуы мүмкін. Соған сәйкес су тамшылары жиналып, судың жапырақ бойымен жылжуына әкеледі.

№3 тәжірибе. 2 стақанды алыңыз. Жартылай толтырып, әрбіреуіне су құйыңыз. Бір стақанға кішкене тамшы сұйық сабыннан тамызыңыз да шыны таяқпен былғаңыз. Қағаздан 2 дөңгелек жасап, әрбіреуін стақанға салыңыз. Кәдімгі су мен сабынды суда дөңгелектермен не болатынын байқаңыздар. Судың қасиетін қорытындылап, кестеге енгізіңіз.

Ескертпе: жуғыш заттар беттік керілісті бұза алады.

№4 тәжірибе. 2 полиэтилен пакетіне мұз кесектерін салыңыздар. Бір пакетке ас тұзын қосып, араластырамыз. Екінші пакеттегі мұз толықтай еріп кетуі қажет. екі пакеттегі температураны өлшейміз.

Сабақтың соңы

10мин

Қорытындылау.

«Карта ойыны» әдісі арқылы негізгі термин сөздермен жұмыс.

Үйге тапсырма: «Су- тіршіліктің көзі» тақырыбында эссе жазу.