Авторлық бағдарлама «Электронды ертегілер»


Маратова Айгүл Маратовна

Қарағанды қаласының білім бөлімінің № 44 орта негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Түсініктеме

     Ертегі – жазушылардың да, оқырмандардың да сүйікті әдебиет жанры. Ертегі хикаялары бүлдіршіндерге де, жасөспірімдерге де арналған. Бүлдіршіндерге  арналған ертегілер әдетте өте қарапайым, түсінікті, «жағымды» және «жағымсыз» кейіпкерлері нақты көрсетілген. Жасөспірімдерге арналған  шығармалар мазмұны терең, анық емес, күрделі тақырыптарды көтеріп, ойлануға итермелейді.

Қазіргі заман ертегілердің ерекшеліктері.

Әдеби ертегілерде міндетті түрде таңғажайып бір элементтің болуы керек- сиқырлы заттар, ойдан шығарған әлем мен тіршілік иелері, ерекше оқиғалар. Ондағы адамдар ұшып, жануарлар сөйлеп, жиһаздарға жан бітеді. Бұрын-соңды болмаған оқиға тек автордың қиялымен ғана шектеледі.

Әдетте,  ертегі кітабында басты кейіпкер мен оның достарына жамандық жасайтын зұлым  болады. Ертегінің соңында жақсылық жамандықты жеңіп, әділеттілік орын алады: зұлымдық жазаланып, барлық жағымды кейіпкерлер ұзақ және бақытты өмір сүреді.

Алайда, біз өмір сүріп жатқан постмодернизм дәуірінде көптеген ертегішілер осы дәстүрлі сұлбадан аулақ болуға тырысады. Олар классикалық сюжеттерді қайта қарастырып, таныс ойын ережелерін өзгертеді. 

Сонымен, кейбір ертегілерде жағымсыз кейіпкерлер мүлдем жоқ. Мысалы: «Муми-тролль» кітабында Морруды «зұлым» деп есептей алмаймыз. Ал, «Простоквашинадағы» пошташы Печкин мінезі нашар болғанымен,оны «зұлым» деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, жағымсыз кейіпкерлер көбінесе,  негізгі кейіпкерлеге айналып, олардың іс-әрекеті арқылы жан-жақта болып жатқан оқиғаларды біліп, оқырманның оларға деген аяушылық, жанашырлық сезімі туып жатады.

Рас, қазіргі заман ертегілері мүлдем өзгеше. Олар бүгінгі балаға қызықты болуы үшін, инновацияланған, ескіден жаңа нәрсені тудыру мақсатымен жазылуда. Алайда, адамгершілік ұғымдары қайталануда, яғни зұлымдықты жеңу, ертегі соңы бақытты адамдар, нақты ғибрат, өнеге.

Ертегі жазуды қалай бастау керек?

  1. Оқиға желісі шыр айналатын және оның өрбуіне ықпал ететін ертегінің негізгі тақырыбын таңдау. Бұл қарапайым нәрсе болуы мүмкін. Мысалы: отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас немесе теңізге сапар, саяхат. Бірақ, бұған күтпеген жағынан жақындау керек. Тақырып ерекше нәрсе болуы мүмкін- қазына іздеу, табылған сиқырлы таяқша немесе сиқыршымен танысу.
  2. Оқиғаның қай жерде өрбитінін анықтап алау керек. Көптеген ертегі шығармаларында барлық оқиғалар ойдан шығарылған әлемде орын алады. Мысалы: Незнайканың қызықты оқиғалары «Коротышки» елінде орын алған. Сондай-ақ сахнаны дамыту үшін сюжет желісі қарапайым өмірде, бұрын болмаған таңғажайып оқиғаның басталуынан да дамуы мүмкін. Мысалы: Мэри Поппинстің балаларға таңғажайып нәрселерді көрсетуі.
  3. Әрекет ететін жарқын кейіпкерлерді – басты кейіпкер мен зұлымдарды ойлап табыңыз. Протагонист (басты кейіпкер) ретінде жай адамды алуға болады.  Бұл адамның маңайында сөйлейтін жануарлар, сиқырлық күші бар заттар, сиқырлы жаратылыстар, таңғажайып құбылыстар айналып жүреді. Ең бастысы, көрермендер олардың оқиғаларын қызығушылықпен бақылап, алаңдаулы болуы керек. Сонымен қатар, қарапайым адамнан  зұлымдық жолын таңдаған, күшті сиқыр жасай алатын  Антогонист (қарама-қарсы кейіпкер) жасауға болады.
  4. Ертегінің бірінші жолын қызықты етіп жазу керек. Әлем бойынша ең танымал «Дисней» ертегілерін басталуын қарайықшы: «Менің жас кезімде әлемде айдаһарлар өмір сүрді», «Берт түлкі өзін бақытсыз сезінді. Өмірі басталмай жатып, аяқталғандай». Дәл осындай,  қызықты, қармаққа іліп алып кететін бастаманы ойлап табуға тырысыңыз. Содан кейін, сіз оқырман бірден айдаһарлар, Берт түлкі туралы, олардың қателіктері мен жақсылықтары туралы білгісі келіп тұрады.

Ертегіні жазып үйренеміз.

      Бүгінгі көптеген жазушылар ергегінің алтын ережелерін елемейді. Бірақ, көптеген жазушылар постмодернизмнің  ескі дәстүрлерін сақтаған. Осы дәстүрлердің ішіндегісі қарапайым, түсінікті тіл. Алайда, ересектер арасынан да балаларға арналған ертегілерді құмарлана оқитындар да жеткілікті.

     Сондықтан, күрделі құрылымы бар сөйлемдерден, оқуға қиын сөздер мен түсініксіз терминдерден аулақ болу керек. Күрделі тіл- ертегі мәтініндегі артық элемент. Керісінше, ертегі кейіпкерлеріне, олардың іс-әрекеттеріне, сиқырлы ортаға көбірек назар аудару керек.

      Қазіргі ертегілерде отбасы мен достардың маңыздылығы,  әділеттілік және барлық жағымды қасиеттер-мейірімділік, жауаптылық және т.б.жақсы жақтары көрсетіледі.

      Ертегінің соңын бақытты аяқталуды ойластырған жөн, антагонист еккен зұлымдығы үшін, әділетті жазасын алып, ал  протагонистің сынаққа сынбай, барлық қиыншылықтарды жеңеді. Басты кейіпкер өзі ұмтылған нәрсесін табады, арманына жетеді, сонымен бірге әдеттегіндей құнды өмірлік сабақ алады.

     Егер болашақта ертегінің жалғасын болжаған болсақ, ертегінің бақытты аяқталған соңында жеңіліске ұшыраған зұлым кек алуға ант беретінін немесе жаңа, одан да қауіпті жау пайда болатыны туралы сөз жаза аламыз.

Ескі ертегі жаңа жолмен

     Классикалық ертегі сюжеттерін өзгерту сәні бұрыннан пайда болды. Көбінесе, ересектерге арналған ертегілерде белгілі оқиғаларға жаңа көзқарас беріледі. Бірақ, балаларға арнап жазатын ертегішілер де ескі мәтінді өзгертіп немесе белігілі оқиғаны басқа қырынан жаза отырып, оған жаңа өмір сыйлағанды да ұнатады.

    Постмодерндік кітаптарда айдаһарлар биік мұнараларға ұрлап апарып, тығып қойған ханшайымдармен достық қарым-қатынас орнатып,өзін әдемі, мәдениетті адам ретінде көрсеткен ханзадалар соңында зұлым болып шығады. Басында зұлым ретінде қабылданған сиқыршылар  мен перілер адамзатқа жақсылық тілейтін мықтыларға айналады.

     Сонымен қатар, классикалық сюжетті іс-әрекеттің уақыты мен орнын немесе кейіпкерлердің бейнелерін өзгерту арқылы жандандыруға болады. Мысалы, Иванушка ақымақ  7-ші  сынып оқушысы Ваня бола алады, ол балық аулап, сиқырлы шортан аулайды, ал Қызыл телпек қауіпті аймаққа жеткізілетін пицца тасымалдаушысы бола алады. Қиялға беріліп,өз идеяларын қағазға түсіріп, толық қолжазба жасау ғана қалады.

Балаларға арналған ертегілер

      3-4 жасқа дейінгі балаларға арналған ертегіні үлкен философиялық мағыналармен толтыруға болмайды. Балалар күрделі сөйлемдерді қабылдамайды. Орыс халық ертегілерін еске түсіріп, талдайық. Мысалы: «Репка», «Тауық-Ряба», «Колобок» ертегілерінің құрылымы қарапайым және олар жиі қайталанатын сюжеттік элементтермен толы. (Колобок домалап, алдынан …. кездеседі) қайталанған сөйлемдер («әрі тартып, бері тартып, күші жетпеді»), әуен, ырғақ.

     Бес жастан бастап мектепке дейінгі балалар қызығушылық танытатын  сюжеттік ертегілерге қызығушылық танытады. Өйткені «жақсы-жаман», «айлакер», «батыл» кейіпкерлері бар, тыңдауға жеңіл ертегілердің идеясы мен мағынасына ырғақ бар.

Оқырман жасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым сюжет пен кейіпкерлер күрделене түседі. Жасөспірім жасына жақын ертегілер мен сюжеттердің кейіпкерлері түсініксіздікке, қақтығыстарға, шиеленістерге толы. Сюжеттер “бұрмаланып”, шытырман оқиғалар мен детективтік ерекшеліктерге ие болады.

Тағы да ойды дамытамыз.

Өзіңіздің сүйікті ертегіңізді еске алыңыз. Ондағы басты кейіпкерді бөліп алып, оның бірінші беттерде қалай пайда болатынын белгілеңіз. Өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:

  • Кейіпкер өзгеру қажеттілігін қандай формада біледі?
  • Ол оны қалай қабылдайды: бірден әлде біраз ойлана ма?
  • Неліктен ол бәріне таныс әлемді тастап, ерекше әрекеттер жасай бастайды?
  •  Ол өз жолында қандай сынақтардан өтеді?
  • Кейіпкер басынан өткен сынақтардан қандай сабақ алады?
  • Оның әлемге деген қөзқарасында не өзгереді, неден бас тартып, оның орнына қандай сыйақы алады?
  • Ертегінің соңғы беттерінде ол бізге қалай көрінеді? Оның бойында қандай өзгерістер болды?
  • Ертегі соңында ол әлемге, айналасындағы адамдарға не сыйлады?

     Көріп отырғандай, қаншама сұрақ… бәріне жауап таба алмаймыз, өйткені ертегілер әр түрлі.  Бірақ,  жоғарыда көрсетілген сюжеттің тірек нүктелеріне,  міндетті түрде сүйенсек, “Кейіпкердің жолы”стандартты сұлбасын енгізе аламыз.

     Бірден күрделі сюжеттік ертегі жазуға кеңес берілмейді – жоғарыда айтылған сұрақтарға сүйеніп,  алғашқы ертегіңізді жазуға тырысамыз. Осы қағиданы ұстансақ, жақсы классикалық ертегінің ертегішісі боламыз. Ал шеберлік, ерекше авторлық стиль мен  әдістер-  уақыт келе, ертегіден ертегіге көшу барысында  пайда болады.

     Ертегіні жазу өте керемет әсер береді. Қазіргі инновациялар заманында мультфильм, электронды ертегі жазып, жариялай алатын көп мүмкіндіктер бар. Балалар бойынан жазушылық дағдыларын дамыту, дарынды балаларды айқындау, қызығушылықтарын ояту- үлкендердің қолында. Мүмкін, біздің алдымызда пысылдап, ертегі құрастырып отырған оқушы, болашақтағы әлемге танылар жазушы болып шығар. Сондай жағдайға түрткі болармыз. Электронды ертегілер көпшіліктің қолжетімді шығармасына айналады. Сонымен қатар, ертегілерін өзге балалар оқығанын көрген оқушының сезімі қандай болмақ?  Ертегілер әлемі- баланың қиялын дамытатын, бойында жақсы қасиеттерді ертеден қалыптастыратын тәрбиелік мәні бар дүние. Оқыту пәнінің мақсат-міндеті:  тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Әдеби қазыналық, көркемдік тәрбиені оқушы бойына дарыту, шығармашылық қабілеттерін және үйлесімді сөйлеуді дамыту. Сюжетті барынша тартымды, әрлі баяндау. Оқушыға электронды ертегіні жазуға үйрету. Балаларда жақсылық пен жамандық туралы түсінік қалыптастыру. Адамдарға көмектесу және жанашырлық танытуды, көмек көрсетуге деген ынтаны дамыту.   Оқушының қоршаған ортаға деген мейірімділігін, сенімділігін орнату.

Сағат саны: 36

Тарау, тақырып Теориялық бөлім Практикалық бөлім Жалпы сағат саны
1 Халық ертегілері тізімін жасау     1
2 Қазақ халық ертегілері     1
3 Ертегінің басты кейіпкері     1
4 Сурет салу  «Біз ертегіде қалай өмір сүреміз?»     1
5 Ертегілердегі зұлым     1
6 Менің сүйікті кейіпкерім     1
7 Ертегі жазуды қалай бастау керек?     2
8 Протагонист (басты кейіпкер)     1
9 Антогонист (қарама-қарсы кейіпкер)     1
10 «Сүйікті ертегілер» сурет байқауы     1
11 «Кейіпкердің жолы»     1
12 «Қуыршақ театры»     2
13 Қазақ халқы ертегілері бойынша театрландырылған көріністер     1
13 Қазіргі заман бағдарламаларымен танысу     1
14 Мультимедиялық проектормен жұмыс істеу     2
15 Мейірімділік сабақтары     1
16 «Егер сен мейірімді болсаң…» әлеуметтік-мағыналық эмоциялар қалыптастыру     1
17 Электронды бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрену     1
18 Электронды ертегіні жазу     1
19 Композициялар құрып үйрену     1
20 Сюжет бойынша суреттер таңдау, сурет салу     1
21 Пластелинмен жұмыс     1
22 Ескі ертегі жаңа жолмен     2
23 Балаларға арналған ертегілер     2
24 Мейірімділік зұлымдықты жеңеді     2
25 Жануарлар туралы ертегілер жазу, суретін, макетін құру, электронды нұсқасын жасау     2
26 Таңғажайып ертегілер жазу, суретін, макетін құру, электронды нұсқасын жасау     2

Бағдарламаны іске асыру механизмі:

  1. Театр және ойын орталығы (ертегі кейіпкерлері костюмі, қуыршақтар, ойыншықтар).
  2. Шағын кітапхана  (халық ертегілері, балалар кітаптары, жиналмалы кітаптар, СD диск, электронды тасымалдаушылар).
  3. Шағын фотомұражай ( ертегілер кейіпкерлері суреттері, балалардың суреттері, ертегілер эпизоды суреттері).

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Запорожец А.В. Психология восприятия ребенком – дошкольником литературного произведения // Избранные психологические труды. – М.: Просвещение, 1986. – Т.1. – С.66.
  2. Литература и фантазия / Сост.Л. Стрельцова. – М. 1992
  3. Начальная школа №4 1986, № 5 1987 “О сказках с чудесным и условным мирами”
  4. Выготский Л.С. Психология искусства. М., 1987.