Е.Үсеновтың «Қосбасар № 1» шығармасы мен жұмыс жасау


Апаканова Шайзат Имангалиевна

Сәтбаев қаласы «Балалар өнер мектебі» домбыра мұғалімі

Сәтбаев өнер мектебінің оқытушысы: Апаканова Шайзат Имангалиевна

Ашық сабақ оқушысы. Ақжан Тамирлан 3 сынып

Концертмейстер: Ержигитова А.Қ.

Қысқаша мінездеме:

Ақжан Тамирланның табиғи музыкалық қабілеті жақсы. Оң және сол қолының қойылымын жақсы меңгерген. Тәртібі өте жақсы, сабақтан қалмайды. Берілген тапсырманы уақытылы орындап келеді.

Сабақтың тақырыбы:

Е.Үсеновтың « Қосбасар № 1» шығармасы мен жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты:

Фортепиано сүйемелдеуімен шығарма ойнап үйрену. Оқушыны ансамблъ үйлесімділігіне баулу.

                      Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Е.Үсеновтың   өмірі  мен шығармалары туралы қысқаша айтып өту.
  3. Шығарманың динамикалық белгілері және екі қолдағы әдіс амалдарды үйрену.
  4. Шығарманың техникалық қиындықтар мен жұмыс жасау.
  5. Үй тапсырмасы.
  6. Қорытынды.

      Қазіргі кезде домбыра аспабында ән- күй орындау өнерімен қатар, әр түрлі көлемде жанырларда, салаларда жазылған үлкенді, кішілі шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуімен орындау шеберлігі өркен жайып келеді. Ежелгі халықтың күй тарту, ән- жырды сүйемелдей шеберліктері жаңа шығармалар орындаудан өспесе өшкен жоқ. Қайта домбырадағы түрлі орындаушылық амалдар барынша дамып, шындала түсті. Аспап мүмкіндігін пайдалану арқылы бұрын соңды болмаған көркемдік деңгейге жетті. Домбыра тарту өнерінің үлкен бір кәсіби саласына фортепиано мен қосылып шығарма ойнау дәстүрі жалғасты.  

Домбыраның орындаушылық, дыбыстық, техникалық, әуездік мүмкіндіктері жаңа нақышпен және қоңыр сазбен құлпыра түсті.( Айту    керек )

      Бүгінгі ашық сабағымыз Е.Үсеновтың шығармалары болғандықтан өмірі мен шығармалары туралы айтып өтейін.

       Е.Үсенов 1952 жылы Алматы обылысы Кеген ауданы, Талды совхозында дүниеге келген. 1970- 1977 жылдары Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын домбыра мамандығы бойынша бітірген. 19978- 1981 жылдары Жезқазған музыкалық училищесінде, 1983- 1990 жылдары «Салтанат» өнер ұжымында көркемдік жетекшісі және бас дирижоры болып қызымет атқарған.

      Ал енді «Қосбасар» шығармасымен жұмыс жасайық. 

     Бұл шығарма вариациялық формада, солъ мажор тоналъносінде жазылған. Шығарманың характері ойнақы, көңілді, aIIegretto ( тез) темпінде ойналады. Өлшемі 2/4 тен басталып, 6/8; 9/8 ге ауысып отырады.

Шығарманың кіріспесі фортепианода басталып, осы кіріспеде шығарманың ырғақтық    жобасы көрсетіледі.

  Бір күй мен жұмыс жасағанда, бас буын, негізгі, орта буын, кіші үлкен саға деп бөліп жұмыс жасасаң, ал шығармада, сөйлемдерге, цифрларға  бөліп жұмыс жасау тиімді.

      1 цифрада шығарманың негізі тақырыбы деп қарап көрейік. Тақырып 16- лық ноталар мен бір ішекте mf  басталып, бірте- бірте f – ге келеді, яғни қатты ойналады. Шығарманың ырғағын меңгеру үшін дұрыс санап отырып ойнау. Бұл жерде шығарманың өлшемі өзгеріп отырады. Дыбыстың аңық, таза шығуы үшін жай темпте асықпай пернені дұрыс басып ойнау керек. Енді осы жерде айтылған динамикалық белгілері бойынша ойнап көрейік.2- 3 рет ойнату. Нотада форшлаг белгісі тұр. Форшлаг дегеніміз не ? Форшлаг дегеніміз- дыбысты әсемдету.

Форшлаг алуды көрсету.

      1 цифрдың соңында крищендомен басталады. Крищендо дегеніміз не ? Крищендо дегеніміз дыбысты бірте- бірте күшейту.2- 3 рет ойнату.

 2 цифрда қағыстар өзгереді.Қандай қағыстар кездеседі? Қағыстарды жай темпте ойнап көрсету, әбден жаттыққаннан кейін, сол қолда 1,3,4 саусақпен айтып, көрсетіп өту. Аппликатура дегеніміз не ? 1 ші, 2 ші тактісінде mf мен басталып крищендо ойналса, ал 3 тактісінде p ойналады.( бекаръ)

   2 цифраның соңында 2 ішекте шертпе күй тәріздес ойналады. Біріншісін f, екіншісін p ойнайды.

   3 цифр. Өлшемі 9/8 өзгеріп, 16- лық ноталармен ойналады. Домбыра мен фортепианоның үздіксіз қозғалысымен ерекшеленеді. Бұл жерде екі адамның айтысы сияқты, сұрақ- жауап ретінде негізделген әуенімен ерекшеленеді.Ең жауапты, әрі қиын жұмыстың бірі, оқушының сол қол шеберлік жылдамдығын өсіру. Ол үшін күндегі үйдегі дайындық міндетті түрде әдетке айналу тиіс.

 4 цифр. Шығарманың екпіні өзгермейді. Аспаптағы позициялық бөліктер сол қол қозғалысының еркіндігін меңгеруге негізделген.

  5 цифр. Домбырада пауза болса, әуен фортепианода жүреді.

  6 цифрдың ерекшелігі ре үстінгі ішекте басталып, солъ ішегіне түседі. Динамикалық белгілер: Қалай ойналу керек жазу .

  Кода. Тақырыптың өрістеуі, дамуы шығарманың шарықтау шегіне жақындайды. Біз өткен сабақта осы жердің саусақтарын дұрыс алып, жаттап келуге, үйге тапсырма берген болатынбыз. Дыбыстың таза, әрі анық шығуына, пернедегі саусақтардың басу ретін дұрыс қойылған саусақ жылдам қозғалысқа септігін тигізеді.

      Шарықтау шегі бұл шығарманың ең қызықты жері.Шарықтау шегіне жақындаған сайын тақырыптың өрістеуі, оның эмоциялық қуатының өсуімен байланысты болып келеді. Басында шығарманың кіріспесі фортепианода ойналса, ал кода да домбыра мен фортепиано әуені бірдей және бірге ойналады. Бұл жердің динамикалық белгілері f мен басталып, акцентпен салмақтай ойналып барып бітеді.

                   Қорытынды.

Қорыта келгенде, шығарманы дұрыс санап ойнау, дұрыс жаттау, екі қолдағы әдіс- амалдарды меңгеру, сүйемелдеуші мен оқушының бірігіп ансамблъ үйлесімділігін көрсетеді.

    Бұл шығарманың қиындықтары:

  1. Шығарманың тез темпте орындалуы(синхронность) екі қолдың дәлме- дәл үйлесіп келуі шеберлігін қажет етеді.
  2. Буыннан буынға секіру.
  3. Динамикалық белгілерінің жиі ауысуы.
  4. Қос ішекте кездесетін ноталар. Шертпе қағыспен жұмыс жасау.

   Жәй темпте әбден ойнап болғаннан кейін, дыбыстарды үзбей, тоқтамай, біртұтас орындауға дағдылану, жылдамдығын үдете отырып әдемі дыбыс бояуын бере білу. Бұл шығарманың музыкасынан жастарға тән жарұқын, жайдары көңіл күйді байқаймыз. Барлық осы көркемдік ерекшеліктерінің арқасында «Қосбасар» шығармасы аса кең орындалатын шығармалардың бірі. Е.Үсеновтың бұл шығармасы қазіргі кезде жоғары оқу орындарында Қалалық, Обылыстық,Республикалық байқауларда, музыка мектептерінде кеңінен орындалып жүр.