Жаңаша оқыту – заман талабы


Абдияров Жалгас Саудабекович

“№50 орта мектеп” КММ математика пәнінің  мұғалімі

Жаңаша оқыту – заман талабы

Жаңартылған білім аясында бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының  түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін математика сабағында оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс.Сондықтан өзімнің тәжірибемде математика сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде күнделікті жоспарланған сабағыма кіргізіп, қолданып шәкірттерімнің логикалық ойлау қабілетін дамытамын. Ал бұл талапты орындауда мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беруші ретінде бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек деген сөз.

 Өзімнің тәжірибемде математика пәнінен сабақ бере отырып, оқушылардың бұл пәннен ойлау қабілетін  қалай  арттыруға болады деген ой мені  үнемі толғандырып келеді. Сабақ барысында жаңаша әдіс-тәсілдер  біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Сондықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады деген ойдамын.

Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер түрінде ғана беріліп қана қоймай оқушыларды өз бетінше іздендіретін одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалдарды берудің құрылуын қайта құруды талап етеді. Ойлау қабілетін дамытуда  кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету, екіншісі –оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.Оқушының өз бетімен жұмыс жасауы екі бағытта өрбиді, яғни «оқушы мен оқушы» және «оқушы мен мұғалім». «Оқушы мен оқушының»  бірлескен әрекеті қандай болмақ, оқушы өзіне түсініксіз сұрақтарды сыныптасымен  бірге талдайды, талқылайды. Ал «оқушы мен мұғалімнің» бірлескен әрекеті бойынша оқушы басты тұлға болса, мұғалім бағыт-бағдар беруші, кеңесші.Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет — балалардың ойлау қабілеттерін жан-жақты ашу. Осы себептерге сәйкес математикада, өздік жұмыстарды  зерттеу, дәлелдеу  ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет.Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйренеді. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары,  шығармашылық жұмыстар, тест жұмысын орындау болып табылады. Мұғалім  ретінде тапсырманың  дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтаймын. Сондай-ақ, тест  жұмысы арқылы оқушылардың игерген білімі, біліктілігі  мен дағды деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамытуды көздеймін.  Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтерін ұсынамын. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.  Әдіс түрлеріне тоқталсам, жеке және жұптық, топтық жұмыстар, оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері, сұрақтар қоюда  ынталандыру “Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. “Автор орындығы”оқушының өзі шығарған есебін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. «Миға шабуыл» стратегиясы оқушының дербес ойлануына мүмкіндік береді. Тақырыпқа байланысты “3 таяқша”, «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі өте ұтымды екенін байқап жүрмін. Мәселен, мысалдарды оқу кезінде, оқушылар ол келтірілген мысалдардың өткен тақырыпта бар, жоғын анықтайды. «Он сұрақ!», «Серпілген сауал» әдісі тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін өте пайдалы. Жаңа білімнің өте тиімді тұстары  кері байланыс түрлері. Сабақ соңында «Бір сөзбен» әдісі «Табыс сатысы», «Тазалық» әдістері арқылы  тиянақтап отырамын. Өз жұмысымда оқушылардың ойлау  қабілетін дамытуда   жоғарыда атап өткен әдіс-тәсілдерді  қолдану оқушылардың  оқуға белгілі бір қызығушылығын  тудырады, олардың жұмыс қабілеттілігі мен оқу деңгейі артады деген қорытынды жасай аламын. Әрине, әр мұғалім жоғарыда айтылғандардың барлығын өз тәжірибесіне қолдана алады, өйткені біздің міндетіміз оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдері арқылы  жеткізе білу парызымыз деген ойдамын.