Жаңа білім жаңалыққа бастайды


Кубенова Гульнара Жумабековна

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Лисаков қаласы білім бөлімінің №3  жалпы білім беретін мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі заман талабы жаңаша көзқараспен жаңа ағымдағы  әдіс-тәсілдерді оқушылардың  бойына сіңіру арқылы,  болашаққа жол ашу. Осы орайда әрбір мұғалім өз мүмкіндігінше жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, өз үлестерін қосқанда ғана  білім сапасы арта түсетінін  аңғардым. Қазіргі таңдағы  ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып,  оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру – өмір талабы. Осы орайда  кез-келген  мұғалімнің ұстанымы мен шешімі, іс-әрекетіне жаңаша көзқарасы болуы тиіс. Өйткені балаларға қойылатын талабы қолжетімді мақсаты болса, әрине оқушы бойынан күткен нәтижені көре аласың. Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Өзімнің тәжірибемде  “Дамыта оқыту” технологиясын ұстанамын. Алдымен   баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыруды қолға алдым. Бұл технологияда оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.Біріншіден- дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект. Нәтижесінде шәкірттерімнің  барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады.  Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.  Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский “Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың кұрметті иесімен болып сақтаушысына айналады”-деп айтқан. Өйткені, жәй ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Қорытындылай келе, шәкірттерім дербес ойлауға  бейімделсе, өзімнің де бойымнан жаңалықтар мен өзгерістердің пайда болғанын байқадым. Ендеше, жаңартылған білім шеңберінде  терең білім беруде еңбегімізді еселей берейік деген пікірдемін.