«Жыл мезгілі» ықшам сабақ


Жаксугулова Айнур Еркиновна

Мамлют қазақ мектеп – интернаты жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Коммуникация»,

Кіші сала: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігі кеңейді. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай біледі, табиғаттың ерекшелігін сезіне біледі, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой – өрісі дамиды.

Күтілетін нәтиже:  Жылдың төрт мезгілін айыра біледі. Жылдың 4 мезгіліне сай киімдерді ажырата алады. Қойылған сұрақтарға жауап бере алады. -Ойын нақты жеткізе алады; -Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;-Өзін-өзі реттейді; -Өзін-өзі бағалайды;

Ұғынады: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне қарай ажырата алады.

Түсінеді: Табиғат өзгерістері туралы, сурет бойынша әңгімелер құрастыруға дағдыланған, өзі ойта алады..

Қолданады: жыл мезгілдері туралы суреттер, әр түрлі ойындар.

Көрнекілік: Сын тұрғысынан ойлау, 4К моделі. командалық жұмыс, «Бала үні» Суреттер

Құрал- жабдықтар: ақ қағаз, желім,түрлі – түсті қарындаштар, сабаққа қатысты көрнекі суреттер.

 Блингвалды компанент: Көктем-весна-spring. Жаз-лето-summer.  Күз-Осень-autumn. Қыс-зима-winter.

Инклюзивті әлеумент: Нұржігіт мен Рауанға тіл жаттығуы арқылы әріптерді дұрыс айтуға үйрету.

Іс- әрекет кезені Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Шаттық шеңбері «Тірі және өлі табиғат» ойыны.
– Балалар, қазір біз сендермен «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнаймыз. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
– Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
– Тау.(Аяқпен топылдату)
– Ағаш. (Қол шапалақтау)
– Күн. (Аяқпен топылдату)
– Қоян. (Қол шапалақтау)
– Су. (Аяқпен топылдату)
  Балалар тапсырманы тыңдап, орындайды.
І кезең- мотивациялық- қозғаушы           ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік Балаларды төрт бөлікке бөлу. Сары жапырақтар, жасыл жапырақтар, қар ұлпалары,бәйшешектер арқылы 4 топқа бөлінеді.     «Миға шабуыл» Жұмбақ: «Бұл қай кезде болады?» Қар, мұз еріп, су көбейіп, Жапырақ ашып, Бәйшешектер басады Айтыңдаршы балалар Бұл қай кезде болады?   Күннің көзі шуақты Балалар жүр шомылып, Көбелек қуып ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?   Жапырақтар сарғаяды Күн бұлттанды Жаңбыр жиі жауады Құстар жылы жаққа ұшады Айтыңдаршы, балалар Бұл қай кезде болады?   Шана зырғып, желетін Шаңғы коньки тебетін Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?   1.Тапсырма. Құрылымдалған ойын. «Жыл мезгілдерін құрастыр.»       Слайд арқылы көрсету.   2. Тапсырма. Еркін ойын. «Жаппай сатылым» Шарты: Бір бала дүкенші, қалғандары сатып алушы болады.Суреттен әртүрлі киімдер таңдап, жыл мезгілдеріне сай киімдерін ажыратады. Балалар 4 топқа құрастырған мезгілдеріне сай балаларды киіндірулері керек. Берілген балалардың шаблондарына киімдерді желімдеу. 3. Тапсырма. Тәрбиеші  жетекшілігімен жүргізілетін ойын. «Сиқырлы қалта» Шарты: Әр топтағы балалар бір – бірден тақтада шығып, ілулі тұрған қалтадан тапсырмалар алады. Сұрақтарға жауап береді. -қыста қандай өзгерістер болады? -қыс мезгілі несімен ұнайды? -қыста қандай ойын ойнайсыңдар? -көктемде қандай өзгерістер болады? -күз туралы қандай тақпақ білесіңдер? -күзде табиғат қалай өзгереді? -қандай жыл мезгілі үнайды?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Балалар тыңдайды.               Тақпақты мұқият тыңдайды                                   Балалар жыл мезгілдерінің аттарын атайды.   Тапсырманы орындайды. Мезгілдерді сипаттап айтып береді.                                     2 тапсырманы орындайды.           Балалардың жауабы            
Рефлексивті түзетуші Біз бүгінгі сабақта сендермен қай жыл мезгілі туралы өттік? Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге несімен ұнады? Өте жақсы сендерге де сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет. -Енді өз білімдерімізді «Бағдаршам» арқылы бағалап көрейік. Жасыл – бәрі түсінікті болды. Сары түс-орташа түсіндім. Қызыл түс- мүлдем түсінбедім.