Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»


Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

№2 Новоишим орта мектебінің

қазақ тілі және қазақ әдебиет

пән мұғалімдер

Секенова Аягуз Майрашқызы 

Мукатова Жибек Жамшитовна

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
(мақал)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I.  Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.
2. Кезекші сұхбаты.
3. Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңде, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.
1) Семья сөзінің аудармасы;
2) Әкенің әкесі;
3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.
4) Шеше сөзінің синонимы;
– Қандай сөз пайда болды? (Отан) Отан деген не? Отан деген сөздің мағынасы – ол адамның туып – өскен жері. Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер? (1, 2 оқушы тақпақ оқиды)
– Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады».
II .Ой қозғау
Отан деген не? (топтастыру)
1.Біздің Президентіміз кім?
2.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
3.Қазақстанның астанасын ата.
4. Біз қай елдермен көршілеспіз?
5.Рәміздердің авторларын ата.

IV. Мағынаны тану Картамен жұмыс.Қазақстан туралы мағлұмат беру.
а)Демократиялық –азат, ерікті, тәуелсіз мемлекет.
ә)Биліктің үш тармағы парламент,үкімет,сот
б)табиғаты
г)жануарлары мен өсімдіктері
е)табиғат байлықтары
III. Ой толғаныс
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Біздің міндетіміз қандай?
3.Қазақстан қандай елдермен ынтымақтастыққа қол жеткізді?
4. Қазақстан жер аумағы жөнінде не білеміз?
5.Біз қай облыста, ауданда, ауылда тұрамыз?
6. Облысымызда қандай шаруашылықтар бар?

IV. Жаңа сабақ.
1. Тірек сөздермен танысамыз
Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.
рәміздер – символы
ұлт өкілдері – представители национальностей
тату – дружные
ұлттық – национальные
тағам – блюдо, еда
табиғат – природа
мақтан етеміз – гордимся
1) мұғалім оқиды;
2) 1 – қатар хормен қайталайды;
3) 2 – қатардан бір бала оқиды;
4) 3 – қатардан бір бала оқиды;
5) 1 мин. есте сақтау;
6) Сөз тіркестерін құру.

2. Мәтінмен жұмыс
– Мәтінді мұғалім оқиды.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт – дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.

Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Аудирование. – Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін орысша айтып береді.
2. Оқушылар тізбектеп оқып, аударады.

 

VI. Жаңа білімді бақылау. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне сұрақ белгілеп, жауап береді)

 

V. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.)

Білгенім – көңілге түйгенім.
– Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік? Ал енді кластер құрастырайық. (дәптерге жазу)
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
– Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның табиғаты әдемі.

 

VII Үй тапсырмасын түсіндіру.

1. Тірек – сызба бойынша әңгімелеу.
2. Мәтін бойынша бес сұрақ құру.

3. Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы …… орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев …… Президенті.

Қазақстанның табиғаты …..
VIII.  Бағалау.

 

Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *