«Аға тәлімгер қызметін ұйымдастырудың тиімді жолдары»

Суликанова Акмарал Болатовна

«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК педагог-ұйымдастырушысы

Ақтөбе қаласы

«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК

                                  Әдістемелік әзірлеме:

«Аға тәлімгер қызметін ұйымдастырудың  тиімді жолдары»

Орындаушы: А. Суликанова, педагог-ұйымдастырушы

3 наурыз 2022 ж.

Әдістемелік әзірлеме:

«Аға тәлімгер қызметін ұйымдастырудың  тиімді жолдары».

                                   “Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой     

                                     мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр 

                                     құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға 

                                     тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан 

                                      жоғары ешнәрсе болмақ емес”

                                                                                                Я.А. Коменский

         Бүгінгі таңда балаларды өзіндік қызығушылығы мен қоғамдық қажеттіліктен туындаған өзінің жеке шығармашылығы және көшбасшылық мүмкіндіктерін қазіргі өмір кеңестігінде іске асыру бойынша белсенді қызметке тарту маңызды болып отыр. Балалар қоғамдық ұйымдарының қызметтері жас ұрпақтың қоғамдағы орнын белгілеу және мүмкіндіктерін іске асыру, жеке басын әлеуметтендіру жөніндегі маңызды институт болып табылады.

Балалар ұйымы – бұл әлеуметтік мақсатты жүзеге асыру үшін құрылатын, өзіне тән ережелері мен қағидалары бар, мүшелік саны мен құрылымы Жарғыда немесе басқа құжатта бекітілген өзі әрекет ететін және өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестік.

Балалар ұйымы – бұл жас ұрпақ тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі басқарушы буын. Ол оқушылармен жүргізілетін барлық тәрбие жұмысының орталығы болып табылады. Балалардың қоғамдық ұйымдары – өзін-өзі іске асырудың өте маңызды ортасы. Бұл жерде олардыңәрқайсысы балаларға жақын әрі түсінікті қызметтің ұйымдастырушысы,бастамашысы, белсенді қатысушысы бола алатын балалар мен ересектердің ерікті ынтымақтастығы ретінде қарастыруға болады.

Аға тәлімгер – балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі, көпшілік іс шараларды ұйымдастырушы, лауазымдылық міндеттері бар педагог.

    «Тәлімгер» сөзі «жолбасшы» сөзінен шыққан.Таныс емес бағыттармен жүргенде жол сілтеп отырған адамды жолбасшы деп атаған. Осылайша жолбасшы өз қамқорлығындағыларды балалық өмірдің бейтаныс жолдарымен жетелейді. Тәлімгер – балалар бірлестіктерімен жұмыс жасайтын педагог.

Аға тәлімгердің ұйымдастырушы ретіндегі жалпы қасиеттері

  • біліктілік – ұйымдастыруды талап етіп отырған істі білу;
  • белсенділік – тәжірибелік міндеттерді шешу барысында батылдық әрі қайсарлықпен іс-әрекет жасай білу; 
  • ынталылық – белгілі бір іске байланысты өз ойлары мен ұсыныстарын ұсыну, ерекше шығармашылық белсенділіктің байқалуы;
  • қоғамшылдық – басқалармен қарым-қатынаста болуға ашықтық, әңгімелесуге дайын болу, адамдармен байланыста болуға деген қажеттілік;
  • зеректік – құбылыстың негізін түсіне білу қабілеті, оның себебі мен салдарын көре білу, бастысын анықтай алу;
  • қайсарлық – жігер күшінің байқалуы, табандылық, істі соңына дейін жеткізе білу қабілеті;
  • ұстамдылық – күрделі жағдайдарда өз сезімдерін, өзінің қимыл-әрекетін басқара алу қабілеті;
  •  жұмысқа қабілеттілік – шыдамдылық, қауырт жұмысты істей алу қабілеті, ұзақ уақыт шаршамау; 
  • байқағыштық – жадта белгілі бір бөлшектерді сақтай алу, ерекше дүниелерді көре білу;
  • дербестік – шешімдерді қабылдауда тәуелсіздік, міндеттердің орындалу жолдарын өзі таба білу, жауапкершілікті өз мойнына ала білу; 
  • реттілік – қажетті жұмыс кестесіне өзін үйрету, өзінің іс-әрекетін жоспарлау, жинақылық пен бірізділікті таныту.

Ақтөбе қаласының «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК қала балаларының бос уақытын ұйымдастыру мен тәрбиелеу ісіндегі маңызды міндеттерді жүзеге асыруда мына бағыттарға сүйенеді: қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие,  ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбиесі, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.   

  • Балалар қоғамдық қозғалысының педагогикалық қолдауы бойынша нақтылы жүйесі құрылды. Қалалық оқушылар Сарайының базасында оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің құралы болып табылатын балалар қозғалысы қалыптасты.  Ұйым қызметінің үйлестірушілері болып педагог-ұйымдастырушылар жұмыс атқарады.

         Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында, отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кіріктіруге, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңарту бағытталған. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

“Тәлімгер – тәрбиенің шамшырағы” аға тәлімгерлер байқауы

Мақсаты: балалар ұйымы жетекшісі,аға тәлімгер кәсібінің әлеуметтік –  педагогикалық беделін көтеру.

Міндеттері:шығармашылық педагогтарды анықтау, оларға қолдау 

көрсету; педагогикалық  тәжірибені тарату;балалар ұйымы

мен бірлестіктері қызметтеріне арналғанбағдарламалалар  

                        мен жобалар, жұмыс түрлеріне талдау жасау;балалармен

мазмұнды жұмыс жүргізудегі аға тәлімгерлербелсенділік-

терін арттыру;балалар мен жасөспірімдер ұйымы қызметіне

қоғамның назарын аудару. 

Қатысушылар: аға тәлімгерлер, «Жас Ұлан» балалар мен

                             жасөспірімдер ұйымының жетекшілері.

                          Қатысушылардың жас шамасы шектелмеген.

         Еңбек өтілі – 1 жылдан астам.

Байқау шарттары:

1 кезең: «Педагогтың портфолиосы»

2 кезең:«Тәлімгер жолы – ізденіс» атты шығармашылық шеберхана (шара, ұжымдық                              шығармашылық істің үзіндісі)

 3 кезең: «Мен – аға тәлімгермін» презентациясы  

1 кезең:   «Педагогтың портфолиосы»

 Әр қатысушы қызметтегі соңғы 2-3 жылдағы нәтижелері мен педагогикалық кұзырлығын дәлелдейтін құжаттар және материалдардардан жинақталған папка дайындап, тапсырады.   (Папка-регистратор қалың файлдармен болуы тиіс: 1 номинация – жасыл түсті, 2 – сары, 3 – қызыл). Әр бөлім түрлі-түсті қағазбен ерекшеленеді. Барлық жұмыстар баспа түрінде тапсырылады.

1 бөлім: Жалпы мәліметтер:

фотосурет (формат 3х4 оң жақ жоғарғы бұрышта);

ТАӘ;

туған жылы;

білімі;

жұмыс орны (ұйым атауы);

лауазымы;

бұл лауазымда қай жылдан бері істейді;

жалпы педагогикалық өтілі, бұл лауазымдағы өтілі;

кәсіптік біліктілігі (санат берілген туралы бұйырықтардың көшірмелері);

кәсіби біліктілігін көтеру (соңғы 3-5 ж.)

2 бөлім: Жұмыс тәжірибесін көрсету.

Талдау (соңғы оқу жылында жүргізілген жұмысына талдау жасау, «Мен және менің кәсібім» тақырыбына эссе жазу);

Жұмыс жоспары, бағдарлама, авторлық жоба.

Авторлық әдістемелік кітапшалар (тәрбиелік шаралардың сценарийлері, кепілдемелер, нұсқаулар), педагогтың шығармашылық жұмыстары (буклеттер, бейне және фотоматериалдар), зерттеу жұмыстарының нәтижелері (педагогикалық кеңес,  конференция, семинарлардағы баяндамалар мен дәрістер), БАҚ, педагогикалық, кәсіптік басылымдар, сайттар арқылы іс-тәжірибені тарату.

3бөлім: Педагогтың жетістіктері :

   Қызметтегі нәтижелер(халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқау-сайыстарға қатысуы), марапаттаулар, грамоталар, дипломдар,сертификаттар, педагогикалық қызметі туралы әкімшілік, әріптестер, ата-аналар, оқушылардың пікірлері).

Бағалау белгілері: мазмұндылығы мен маңыздылығы, тұтастық, тапсырылған материалдардың тақырып бойынша аяқталуы, құрылымдық, жинақтылық және эстетикаға сай көркемделуі, шығармашылық ықпал.

ІІ кезең:«Тәлімгер жолы – ізденіс» атты шығармашылық

шеберхана (шара немесе ұжымдық шығармашылық істің (ҰШІ) үзіндісі)

Мақсаты:бағдарламаны іске асыру мақсатында шара өткізу.

Шараны өткізу уақыты: 15 мин. дейін (үзінді).

Байқауға қатысушы алдын ала өткізетін шараның сценарийін тапсырады. Онда мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын әдіс-тәсілдері, пайдалынылған әдебиеттер белгіленіп жазылады.

Бағалау белгілері:

– педагогикалық құзырлығы; өзектілігі; анықтық, қолайлылығы, жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолданылуы;

– оқушылардың жас ерекшеліктерінің ескерілуі;

  • ұйымдастырушылық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттері, сөз
  • сөйлеуінің мәдениеттілігі, жүріс-тұрысы, эмоционалдық қарым-қатынасы.

ІІІ кезең: «Мен – аға тәлімгермін» презентациясы

Қатысушы педагогикалық қызметіне қысқаша шолу жасап,  өзінің өмірлік ұстанымы, басымдылығы,  өзіндік идеялары, балаларға, әріптестеріне, мамандығына деген көзқарасы туралы таныстыру дайындайды. Қатысушылар слайд және бейне материалдарды қолдана алады (формат AVI).

Көрсету уақыты  – 5-7 мин.

Бағалау белгілері:

– мазмұндылығы мен дәлелділігі; презентацияның тиімділігі;

– идеяның ерекшелігі;

– педагогикалық шеберлігі; көркемделуі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы.

– мазмұндылығы мен дәлелділігі; презентацияның тиімділігі;

– идеяның ерекшелігі;

– педагогикалық шеберлігі; көркемделуі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы.