«Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар)» ҚМЖ

Муханбетрахим Ақерке Бауыржаанқызы

«Успен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Г.Джумагалиева

Бөлім: 2 Бөлім Сәндік -қолданбалы өнер
Мектеп: Успен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені

Күні: 09.11.2021
Педагогтің аты-жөні: Муханбетрахим А.Б.

Сынып: 5
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Сәндік – қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік – қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері(түрлері, стилизиция мен мотивтері)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
5.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық  мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу
Сабақтың мақсаты
–         Ұлттық мәдениет туындыларын зерделеу және зерттеу;

–         Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің ерекшеліктерін анықтау;

–         Технологиялық, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту;

–         Симметрия туралы білімдерін тереңдету;

–         Түспен жұмыс істеу;

–         Ұқыптылық пен зерделілікті дамыту.
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 5 мин
Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Сабақтың басында оқушылардың назарын аудару мақсатында «Симметрия және асимметрия»  әдісін қолдану. Оқушыларға симметриялы не асимметриялы дене қозғалысын жасау ұсынылады. Ұтылған оқушылар бір топқа жиналады.

Оқушылар амандасады

Түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындылары /түрлі елдердің СҚӨ фотосуреттері/

Сабақтың ортасы 10 мин

10 мин

10 мин
Тақырыппен жұмыс: Оқушыларға қоршаған ортадағы ою-өрнектермен безендірілген   бұйымдар мен заттарды атауды ұсыну /қоржын, түкті және түксіз кілем, сырмақ, сырдақ, қазақтың ұлттық киім үлгілері – шапан, тақия, кимешек  т.б./

Сәндік-қолданбалы өнер ұғымын ашу, қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы білімдерін анықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:

–         Қандай ұлттық ою-өрнек атауларын білесіздер?

–         Мына заттарды сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп атауға болады ма? Неліктен?

–         Кілем тоқымашылығында және киім үлгілерінде ою-өрнектердің қандай түрлері қолданылады?

–         Ою-өрнектерді жасаудың қандай тәсілдерін білесіздер?

–         Ою-өрнек өнері саласында жұмыс істейтін  Қазақстан суретшілері мен қолөнершілерін атаңыздар.

Тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау мақсатында  қазақтың ою-өрнегінің шығу тарихы, әлем халықтары мен Қазақстанның түрлі аймақтарында  өрнектердің, ұлттық киім мен бұйымдардың жасалу ерекшеліктері туралы видеоматериалдар, презентация көрсету.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сәндік-қолданбалы өнер ( лат. deco — сәндеймін) — бейнелеу өнерінің бір бөлімі, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары – металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды

Диза́йн (от англ. design — проектировать, чертить, задумать, а также проект, план, рисунок) — көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау

Оқушылар түрлі жауап беріп, сабақтың тақырыбын ашады.

Практикалық тапсрыма №1.

Ою-өрнектердің пішіндерін, мағыналық мазмұнын зерттеу.

Оқушылар ою-өрнектер бойынша зерттеу жазбаларын  сурет дәптерлеріне енгізе отырып, постерге бейнелейді.

(Қ)Оқушылар орындалған жұмыстары мен бақылауларын бір – біріне түсіндіреді. Бір-бірінің жұмысын қажетті ақпаратпен толықтырып, бірге талқылайды.

(МК)Оқушылардың өз бетінше зерттеу жұмысынан кейін, өрнекті композицияның ерекшеліктері мен «симметрия және ырғақ» ұғымдарына түсініктеме  бере отырып, өрнектердің жасалу жолдарын көрсету.

Дифференциация: қарапайым. Орташа және күрделі пішінге дейін.

қарапайым

орташа

күрделі

Практикалық тапсырма №2.

(Т,Қ)Оқушылар зерттеулерін негізге ала отырып, өздерінің ою-өрнек композицияла-рын жасайды.

Формат: А3/А4

Орындау техникалары: оқушының еркі бойынша /аппликация, графикалық/

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту:

1.    Жұмыс орнын керек емес заттардан  тазарту.

2.    Қайшыны абайлап қолдану;

3.    Қайшының жүзін жұмыс істеп болған соң жауып қою;

Аталған тапсырманы орындау барысында оқушылардың графикалық және материалдар, құрал-саймандармен жұмыс істеу тәжірибелік дағдылары дамиды.

(Қ) Сабақ соңында оқушылар өздерінің бақылауларын, жасалынған жұмыстарының орындалу тәсілдері туралы талқылау жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалау Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын көріп, арасынан:

«Ең креативті композиция»

«Ең ұқыпты орындалған туынды» таңдайды.

Орындалған жұмыстары мен іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру.

Қосымша 1

http://bigenc.ru/fine_art/text/1945277 сәндік-қолданбалы өнер

Интербелсенді тақтада СҚӨ туралы бейнеролик қою. Жаңалықтар.

А.Х.Маргулан Казахское народное прикладное искусство /А.Х.Маргулан – Алма-Ата: Онер. Т. 1.-1986.-256 с. Т. 2.- 1987.-288 с. Т. 3.-1987.-288 с.

Литература о ДПИ Казахстана и народов мира.

http://bilu.kz/ornament.php

Казахский орнамент
Қазақтыңұлттықою-өрнегі

https://www.youtube.com/watch?v=aib4HAXbuXcқышқұмыражасау. Корея

Қазақ ою-өрнегі

Қазақтың ұлттықою-өрнектері. Суретші

Е.А.Клодттың салған суреттеріhttp://bilu.kz/ornament.php

Г.Ильяев, Л.Ходжиков және т.б.

http://decormaster.kz/st/kazaxskij_ornament.php –

Иллюстрациялықматериалдар: сандықбейнелер, өрнексызбалары.

Практикалықтапсырмаларорындауғақажеттіматериалдар: А3/А4 форматтықағаз, түрлітүстіқағаз, қалам, сызғыш, қайшы.
Сабақтың соңы 5 мин
Жұмыс орнын тазалау.

Бүгінгі сабақта оқушылардың не үйренгендігін сұрап шығу.

Үй тапсырмасы: тақырыпты қайталау, СҚӨ туралы қосымша мәлімет біліп келу.

Оқушылар бағаланды
«Ең креативті композиция»

«Ең ұқыпты орындалған туынды» карточкалары – Қосымша 2