Тәуелсіздік-біздің басты бақытымыз


           Солтүстік Қазақстан  облысы 

 Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим ауылы

                                                          №2 Новоишим  орта мектебінің

                                                        қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің  мұғалімі:

                                                          Калиева Жанар Кенжебаевна

Халқымыздың тарихын түгендеп жоғалғанымызды тауып, өткенімізді жандандырып, елімізде талай қиындықтар мен қуаныштар болғаны белгілі.

    1986 жылы Алматыда болған қанды желтоқсанның тамыры, тым тереңде жатыр,қазіргі ең негізгі мақсат, бұл тәрізді халықты қанжылатып, қапыда қалдырған беттерді сараптап, әділетпен ақылға жүгінген шындықтан табылған түйіндерді, тарих беттеріне айпарадай  анық  та айшықты етіп жазу, болашақ ұрпақ алдындығы парызымыз болса керек. Олай болса, мұндай оқиғалардың ең негізгі себебі неде?

Бүгінгідей әлі есімде, мен Қазақтың Абай атындығы Еңбек Қызыл Ту орденді педагогика институтының  2 курс студенті едім. 16 желтоқсан күні кешке сабақтан келсем, студенттер Республика алаңында болдық, Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, орнына Колбинді қояды екен деп айтты. Республика алаңында әр тұстан келіп студенттер жиналғандарын құрбыларын айтты, ертең студенттер шеруге шығатынын айтты. 10 шақты студент жиналып, Республика алаңына келдік.  Үкімет үйінің алдындағы биік мінбенің үстінде басқа оқу орындарының студенттері: «Қазақтарды – қазақ басқару керек!» Студенттер шеру үстінде де, алаңдағы жиын арасында да, жайбарақат «Менің Қазақстаным», «Елім – ай»,  «Туған ел», «Атамекен»  атты әндерді айтып, ешқандайда заңсыз әрекеттер мен қимыл-қақтығыстары болған жоқ. Таңертең ерте шеруге шығатын болып келістік. Жатаханаға келсек, кураторлар кезекшілік құрып, сонда жүр екен.

17 желтоқсан күні кураторларды алдап, Республика алаңына бет бұрдық. Көше бойы әндетіп келе жатырмыз. Республика алаңына жете бергенде, ішкі істер әскерлері қуа жөнелді. Барлығымыз қаша жөнелдік. Аяғым тайып кетті, бір милиция келіп, шоқпарымен 2-3 салып жіберді. Жаным шығып кете жаздады. Сосын: «Тез, кет!»- деді. Мен Күләш Байсейітова көшесімен төмен түсіп, Абай көшесімен асыға басып келе жаттым. 3 құрбыларыммен кездесіп, қыздарды санай бастасақ, 7 қыз жоқ.

Біздер институтқа келсек, аласұрып жүрген куратор, бізден көзбен көрген оқиғаларды тәптіштей сұрап, өзіне де әр 15 минут сайын, хабарлап тұруымызды сұрады.

Сабақ жайына қалды. Қыздарды ойлаумен болдым. Әйтеуір сабақ бітті. Жатаханаға келдік. Қыздар жоқ. Кешке тағы Республика алаңына 10 шақты студент келдік, себебі қыздарды сұрайық, қайда екен?

Қарақұрым болып қаптаған қалың жұрт алаңға симай кетті. Өздеріміздің қойған сауалдарымызға жауап алдық, кетуге дайындалдық. Мінбедегі микрофоннан даусы бізді тоқтатты: «Балаларым, үйлеріне қайтыңдар! Ертең өкініп қалмаңдар!»-деді де, «Менің Қазақстаным» әні шырқай жөнелді, тыңдап болып, жатаханаға қайттық. Бұл-Роза Бағланованың даусы еді. Сабақтан келгесін қыздарды іздей бастадық, таңертең ұсталды. Біздің топтан 7 қыз оқудан шығып кетті.

Мен өзімше сақтық жасап, сол шоғырдың арасында болғандығымның арқасында, артынша жүргізілген қудалаудан аман қалған сияқтымын…

Желтоқсан мәселесін сөз еткенде, ең алдымен ойға келетін, халқымыздың амандығы мен келешек ұрпағымыздың береке-бірлігі және шаңырағын көтеріп жатқан жас мемлекетіміздің даңқты да дархан болғанын армандаймын.

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *