«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын қайталау). 10 «А» сыныпта қазақ әдебиеті, информатика пәндерінен кіріктірілген қайталау сабағы

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим ауылы

№2 Новоишим орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Калиева Жанар Кенжебайқызы

Информатика пәні мұғалімі:

Капанаева Анар Еркінқызы

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Халқымыздың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін бақылап, пысықтау,өлеңдерін жатқа айту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер ету, шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ой – өрісін кеңейтіп, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуіне ынталандыру. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету.

Мақсаты: Сындарлы оқытудың маңызын ашу, мұғалімдерге 7 модуль жайлы түсінік беру, ХХ1 ғасырда нені оқыту керектігі жайлы ой бөлісу.
Күтілетін нәтиже / табыс көрсеткіштері: Мұғалімдер мектепке неге өзгеріс енгізу қажеттігін, оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінетін болады.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген қайталау сабағы.
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, интерактивті әдістер, ойлан, топтас.

Көрнекілігі: 1. Абайдың портреті, буклеттер, интерактивті тақта, кітаптар, кесте, плакат. Интерактивті тақта, флипчарттар, маркерлер, А4форматындағы парақтар, түрлі түсті стикерлер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.(5 минут.) 2.Топқа бөлу. 3 топ.

1. Мұғалімдердің  кіріспе сөздері.

 Информатика пәні мұғалімі: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», -деген екен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзімен бастағымыз келіп отыр.

 Қазақ әдебиеті  пәні мұғалімі: «Әлемнің Абайы» өлеңінен үзінді оқу.
Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!        

Информатика пәні мұғалімі:  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.» (Абай Құнанбайұлының өмірі мен  шығармашылығын қайталау).

Қазақ әдебиеті  пәні мұғалімі:

Оқушылар орындайтын тапсырмалардың жоспарымен танысады:

1-тапсырма. Электрондық оқулықтан Абай Құнанбайұлының  өмірі мен шығармашылығы бойынша тыңдау. (5 минут.)

2-тапсырма. Презентация құрастыру және қорғау.(15 минут.)

3-тапсырма. Код кестесінің көмегімен сөйлемдегі сөздерді тап. (10 минут.)

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Информатика пәні мұғалімі: Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы: «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған,»- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді.
Қазақ әдебиеті  пәні мұғалімі: «Ұлы атамыздың бізге берген екіншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз. Аз өмір сүріп, азаппен өткен Абай бүгін бізбен мәңгі жасамақ.

Информатика пәні мұғалімі:

1-тапсырма. Электрондық оқулықтан Абай Құнанбайұлының  өмірі мен шығармашылығы бойынша тыңдау. (5 минут.) Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді және толықтырады.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Орта жүздің  Орта жүздің  Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынанҚаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Қазақ әдебиеті  пәні мұғалімі:

2-тапсырма. Презентация құрастыру және қорғау. (15 минут.) Компьютермен орындайды.

Новый рисунок (26)

Информатика пәні мұғалімі:

3-тапсырма. Код кестесінің көмегімен сөйлемдегі сөздерді тап. (10 минут.)

А)3,1,11,1,23,6,1,

15,1,23,1,22,     25,27,23,24,1,17,

2,23,14,38,17  3,1,23,1,23.

Ә) 14,21,19,38,16,38,17   15,1,13,25,25,37

7,20,24,25,1,18     7,1,       7,27,34,22,1,18,18,1,18     7,1.

Б) 14,21,14     25,27,17,1,18-

1,16,7,37,18,7,1,6,37   14,8,16,8,23     11,1,17,1,18.

Код кестесінің көмегімен сөйлемдегі сөздерді тап.

А) 3,38,16,38,17,7,38,7,8,18

34,37,15,15,1,18       24,21,11

Ә) 6,1,16,37,17,18,1,18      18,1,7,1,18    1,23,25,22,1,24

27,15,15,1,18,17,8,18,8,18

Б) 3,38,23   24,27,16,26   15,37,11        25,27,23,37,22,25,37

30,1,18             15,20,16,37,18,7,1

Код кестесінің көмегімен сөйлемдегі сөздерді тап.

А) 17,8,18      10,1,11,3,1,13,17,37,18

21,16,8,19,7,38    8,23,17,8,14     28,34,38,18.

Ә) 10,28,23,8,14-25,8,19,38,11,

15,37,11,37,15,25,37,19    3,2,23,38-1,24,37,16     25,1,24.

Б) 24,8,18,3,8         10,27,23,25,15,1       25,27,23,24,1   7,1

15,1,18,34,1       17,1,15,25,1,22.

Қазақ әдебиеті  пәні мұғалімінің қорытынды сөзі: (1 минут).
Міне, балалар өздерің өткен Абай шығармашылығынан алған білімдеріңді көрсеттіңдер. Халқымыздың мәдени тарихында Абайдың алатын орны ерекше.
Қорытындылау: (2 минут).

Осыған байланысты әрбір сабақ барысында өздерің жаттаған өлеңдерінен жатқа өлең оқытамыз.

«Әлемнің Абайы» (авторы Жұмағазы Аянбаев)
«Ғылым таппай мақтанба» 1886 жылы жазылған.
Информатика пәні мұғалімі:

Оқушылар білімін бағалау. (1 минут).
Қазақ әдебиеті  пәні мұғалімі: 

Үйге тапсырма: Абай Құнанбайұлының 2 өлеңін жаттап келу. (1 минут).

Leave a Reply

Your email address will not be published.