“Негізгі химия” авторлық бағдарлама


Табенова А.А. – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Кругоозерный жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі

 ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш әр баланың қабілетіне қарай  дамуы жеке адамның дарындылығын таныту мәселесі өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Химия ғылымы ежелгі заманнан пайда болған ғылым. Химия да басқа ғылымдар тәрізді адамзат қоғамының материалдық мұқтажынан туған. XVIII ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, ол кәсіптік, шеберлік ретінде ғана танылған. Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді.Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор.Химия нені зерттейді.Әлемдік өркениеттің, ғылым мен техниканың қарыштап өсуі, үздіксіз алға жылжуына байланысты химия ғылымының да рөлі барған сайын арта түсуде.  Сондықтан ол өзге де ғылым салалармен астасып, адамзат қоғамының дамуына игі әсерін  тигізуде.

Табиғатта халық шаруашылығына қажетті заттар кездесе бермейді. Сондықтан химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін пайдаланып алуан түрлі өнімдер өндіреді.Қазіргі кезде химиялық әдістерді пайдаланып өнеркәсіпке қажетті аса таза заттар алу өндірістік мөлшерде жүзеге асырылудаХимия жетістіктерін пайдаланып қазіргі химия өнеркәсібі 50мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді. Соңғы кезде зор көңіл бөлініп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесінде химияның алатын орны ерекше. Өндірістік суларды тазарту ауа және су тазалығын сақтау және бақылау, қалдықсыз жұмыс істейтін өндірісті жүзеге асыруда химия ғылымы мен өнеркәсібінің маңызы зор.[ 1]   Химия курсында химия ғылымының дамуы, заңдары мен теорияларына, химиялық процестер мен өндірістерге жүйеленген, тереңдетілген түрде жалпы шолу берілген.  [ 1]  

Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама қазіргі заманда химия пәнін оқытуда 8 сынып бағдарламасына сай жазылған және материалды оқушылардың өз бетінше оқуына арналған. Біз ұсынып отырған авторлық  бағдарлама оқу бағдарламасы негізінде жасалғандықтан берілген материалды тереңірек түсінуге көмектеседі және орта мектепте химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттырады. [ 1]  

Курстың мақсаты: Жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде химия ғылымының дамуы  жәнехимиялық түсініктердіңқолданылуытуралы білім беру.

Курстың міндеті:

  • Химия ғылымы және оның дамуы туралы біршама толық түсінік беру.
  • Химиялық – теориялық білім беруде әртүрлі деңгейдегі мәліметтерді оқыту.
  • Химия пәнінен сандық есептеулер жүргізу және тәжірибелер жасауға арналған жаттығулар мен тапсырмалар орындау.
  • Зертханалық жұмыстарды орындау.
  • Химия пәні бойынша олимпиадалық есептер шығару жолдарын көрсету.
  • Химиялық реакциялар жасау жолдарын және тәжірибелік жұмыстарды орындау.
  • Пәнге қызығушылығын дамыту.
  • Химиялық терминдердітүсіну, қолдану.
  • Химия ғылымы саласы бойынша баспасөз материалдарымен,ақпарт көздерімен жұмыс жасау.

Күтілетін нәтижелері:

  • Химия ғылымы және оның дамуы туралы түсінік  алады.
  • Химиялық – теориялық білім алуда әртүрлі деңгейдегі мәліметтермен танысады.
  • Химиялық реакциялар жасау жолдарын және тәжірибелік жұмыстарды орындайды.
  • Химия пәнінен сандық есептеулер жүргізеді және тәжірибелер жасауға арналған жаттығулар мен тапсырмаларды орындай алады.
  • Зертханалық жұмыстарды орындайды.
  • Химия пәні бойынша олимпиадалық есептер шығару жолдарын үйренеді.
  • Химия ғылымы саласы бойынша баспасөз материалдарымен,ақпарт көздерімен жұмыс жасайды.
  • Пәнге қызығушылығын артады.
  • Химиялық терминдердітүсініп, қолдана алады.

Өзектілігі:жаһандық технологиялық үрдістің дамуы кезеңінде  химия пәнін оқыту және оны қолдана алу өзекті болып табылады.

Қолданылатын технология: Сыни тұрғыдан ойлау, Шаталовтың тірек сызбасы,  Блум таксаномиясы, АКТ, жобалау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, ЖДИКСО, көшбасшы, инсерт, семантикалық карта, БББ кестесі, жұптық, жеке жұмыс  үшбу хат.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/11-Табенова-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]