“Морфология” Авторлық бағдарлама


Н.Е.Кенжеғараева – Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы “Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі”  мемлекеттік мекемесі “Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі

Түсінік хат

Қазақ тілі сабағы оқушы үшін тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан шығып, баланың ой-өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екендігін сезіндіру қажет. Бұл оқу материалдарының, жалпы білім мазмұнының ішкі байланыстарынан туындап оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстармен ұштасқанда жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным деңгейіне сүйеніп, оның өмірге, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыруға себебін тигізеді.

Сондықтан жаңа бағдарламада оқушының тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік дағдыға айналдыру көзделеді.

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақ тілінің» Морфология саласы бойынша таңдау курсына арналған оқу құралы болып табылады. Бұл бағдарламаны оқытудың мақсаты – тіліміздегі  сөздердің барлығы түбір күйінде жұмсалмайтындығы, көпшілігі жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағынаға ие болатындығы, енді біразы түбірлердің бірігуі, қосарлану тіркесу арқылы жаңа сөз болып қолданысқа түсетіндігі жайында білгізу.  Таңдау курсының әдістемелік құралында жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері қолдана отырып өтілген сабақ жоспарлары, оқытудың инновациялық әдіс–тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Сондай-ақ оқу-әдістемелік құралында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара, жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдары айқындалады. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. Ауызша–жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді. Қосымшаның түрлері, туынды сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, терминдер мен дерексіз ұғым атаулары, оқушылар тапсырмалар орындау арқылы сөздік қорларын дамытады, морфологиялық талдаулар жасауды толығымен меңгереді. Қазақ тілі бойынша білімдерін ғылыми-ізденіс тұрғысында жетілдіреді. Ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндерінің маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық танымын қалыптастырып, шығармашылық қиялдарын дамытады.

Сондықтан жаңа бағдарламада оқушының тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік дағдыға айналдыру көзделді.

Бағдарламаның  мақсаты:

  • Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту
  • Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныту
  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету
  • Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту
  • Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру
  • Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
  • Сөз мағыналарын зерттеу.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
  • Тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;
  • Оқушыны зейінді ұстау;
  • Пәнаралық байланысты сақтау;
  • Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);
  • Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау
  • Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

Бағдарламаның  нәтижесі:

  • Сөз мәдениеті жоғары, өз пікірін білдіре алады, ойын қорыта біледі
  • салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
  • практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;
  • сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

  1. Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын және оның түрлері.
  • Морфология. Морфология- тіл білімінің бір саласы,грамматиканың бір тармағы.Морфологияның зерттеу нысаналары. Морфологияның лексикамен,фонетикамен, сөзжасаммен байланысы. Морфологияның сөзді танудағы мәні. Қазақтың морфолог ғалымдары.
                Сөздің түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке бөлінетіндігі.
                Атауыш сөздер, анықтамасы, негізгі белгілері. Атауыш сөздердің тілдегі мәні. Сөздік қор мен сөздік құрам тармақтарындағы орны, үлесі. Атауыш сөздердің сөзжасаммен байланысы. Атауыш сөздердің құрамы мен тұлғасы: негізі, туынды және күрделі атауыш сөздер. Атауыш сөздердің тарихи арналары.

Көмекші сөздер, анықтамасы, негізгі белгілері. Көмекші сөздердің тілдегі орны. Көмекші сөздердің жазылу, айтылу нормалары. Көмекші сөздердің тіл тарихымен қатысы. Көмекші сөздердің сөз таптарымен қатысы.

Сөз таптары. Сөз таптары термині.Сөз таптарының реті мен жүйесінің негізгі заңдылықтары. Сөздердің таптастырылуының үш ұстанымы. Сөз таптарының зерттелу тарихы.
            Зат есім. Дара және күрделі зат есімдер. Зат есімнің сұрақтары зат есім болатын сөздердің мағыналары. Деректі және дерексіз зат есімдер. Дара және жинақтық зат есімдер. Зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара зат есім болатындығы. Өзіндік белгілері. Жалқы және жалпы есім. Зат есімдер мағынасы мен атулық жағынан жалқы есім және жалпы есім болып жіктелетіндігі. Жалқы есім болатын атаулар. Жалпы есімге дара зат есімдер мен жинақтау зат есімдердің барлығы жалғанатындығы. Көне түркі ескеркіштеріндегі зат есімдер. Зат есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Зат есімдердің өзіндік белгілері. Зат есімнің құрамдық, тұлғалық сипаттары. Зат есімнің лексикамен қатысы. Қазақ тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері. Бас әріппен жазылатын кейбір заттық ұғымдардың сөйлеушінің мақсатымен байланысы, стильдік реңкі.Жалқы есімдердің халықтық, ұлттық таныммен байланысы.Зат есімдердің тіл тарихымен қатысы. Сөздік қор және зат есім, басқа тілден енген зат есмідердің тілге «сіңісу» ерекшеліктері. Зат есімнің синониммен, антониммен, омониммен қатысы. Дерексіз зат есімдердің сөзжасаммен қатысы. Зат есімдерді дұрыс қолданудың тіл мәдениетімен байланысы.

Сын есім. Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары.
Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі, көркі, көлемі т.б). Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары. Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы. Көне түркі ескерткіштеріндегі сын есімдер
Сын есімнің сөз табы жүйесіндегі рөлі, орны. Сын есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сын есімнің адам танымымен қатысы. Бір затқа тән бірнеше сындық белгілер, бірнеше затқа тән, ортақ сындық белгілер болатындығы. Сын есімнің мағыналық топтары мен оның құрамдық, тұлғалық сипатының арақатынасы. Сын есімнің синониммен, антониммен, омониммен қатысы. Сын есімнің тіл тарихымен байланысы. Сын есімдердің ойды көркемдеп жеткізудегі рөлі. Сын есімдерді талғампаздықпен қолданудың сөз мәденетімен бірлігі.

Сан есім. Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы екендігі.
Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің зат есіммен байланыстылығы. Сан есімнің түрлері. Есептік сан есім. Дара есептік сандар. Күрделі есептік сан есімдер. Есептік сандардың қолданылатын орындары.

Реттік сан есімдер. Реттік сан еісдердің жасалу жолдары. Реттік сан есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі. Жинақтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан есімдердің қолданылатын орындары.

Топтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан есімдердің қолданылатын орындары, емлесі.

Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы жасалуы. Болжалдық сандардың қосарланып, тіркесіп жасалуы.Болжалдық сан есімдердің қолданылатын орындары, емлесі.

Бөлшектік сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Бөлшектік сан есімдердің қолданылатын орындары. Көне түркі ескерткіштеріндегі сан есімдер.
Сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Сан есімнің сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Сан есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сан есімнің адам танымымен қатысы. Қазақ тіліндегі киелі сандар. Сан есімдердің көркем шығармаларда қолданылуы. Сан есімдердің тіл тарихымен байланыстылығы. Сан есімнің ұлттық ұғымдармен сабақтастығы. Сандық,мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер.

Есімдік. Сөз табының есімдік деп аталу сыры. Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретіндігі. Қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз табының сұрағына жауап беретіндігі.

Есімдіктің түрлері.

Жіктеу есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.

Сілтеу есімдіктері, мағыналық ерекшеліктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.
            Сұрау есімдіктері,
 қолданылытн орындары.

Жалпылау есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Жалпылау есімдігінің сызықшамен жазылуы.

Белгісіздік есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Белгісіздік есімдіктерінің жазылу емлесі.

Болымсыздық есімдіктер, қолданылатын орындары, сұрақтары. Болымсыз есімдіктерінің жазылу емлесі.

Етістік. Заттың қимылын, амалын, жәй күйін білдіретін сөздер етістік деп аталатындығы. Етістіктің мағыналық топтары: Амал-әрекет етістіктері, ойлау-сөйлеу етістіктері, өсу-өну етістіктері, бағыт-бағдар етістіктері, көңіл күй етістіктері, бейнелеу- еліктеу етістіктері. Етістіктің сұраулары. Дара етістіктер. Күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.

Болымды және болымсыз етістіктер. Етістіктің түбірлері болатын және блуға тиіс риальды іс-әрекетті білдіретіндігін мысалдармен дәлелдеу. Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды және болымсыз етістіктерді салысчтыра отырып мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу.

Салт және сабақты етістіктер. Олардың субьекті мен обьектіге қарым-қатынасы.
Етістіктің түрлері

Етістер. Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшлейтін сипаттары. Етістердің субъекті мен объектінің амалға қатысын, керісінше амалдың субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты. Етіс жұрнақтарының мағыналары мен қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі.

Ортақ етіс. Жұрнақтары. Ортақ етіс жұрнақтарының беретін грамматикалық мағынасы мен қызметі.

Өзгелік етіс. Жұрнақтары.Өзгелік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.
            Ырықсыз етіс.Жұрнақтары.Ырықсыз етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

            Өздік етіс.Жұрнақтары.Өздік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

Есімше. Есімшелердің етістіктен қосымшалар арқылы жасалатындығы .Есімшенің етістікке де, сын есімге де қатыстылығы жайында мағлұмат беру. Есімшенің түрлері, олардың беретін мағыналары.

            Көсемше. Көсемшенің жасалу жолдары.Көсемшенің түрлері, олардың беретін мағыналары.

            Тұйық етістік – қимыл есімдері. Қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар. Қимыл есімдерінің іс-қимыл процесінің атауын білдіретіндігі.

Үстеу. Үстеулердің мағына жағынан заттың қимыл, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатындығы.Үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы, яғни істің, қимылдың мән-жайын, амалын, мезгілін, мекенін білдіретіндігі. Үстеудің сұрақтары. Дара және күрделі үстеулер. Дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамы. Үстеулердің түрлері. Үстеулердің түрлері үстеу болатын сөздердің мағыналарынан келіп шығатындығын білдірту.

Мезгіл үстеулері, мағыналары, сұрақтары. Мезгіл үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Мекен үстеулері, мағыналары, сұрақтары. Мекен үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Қимыл- сын үстеулері, мағыналық ерекшеліктері, сұрақтары. Қимыл-сын үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Күшейту үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Мақсат үстеулер, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Мақсат үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Себеп- салдар үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Себеп-салдар үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Топтау үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Еліктеуіш сөз. Еліктеуіш сөз жайында алғашқы ұғымдарын қалыптастыру. Еліктеуіш сөздер деп аталатын атаудың мәні. Сұрақтары. Еліктеуіш сөздердің құрамы. Жасалу жолдары. Еліктеуіш сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің арасындағы мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар.
Еліктеуіш сөздер мен бейнелуіш сөздердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Еліктеу сөздің сөзжасаммен сабақтастығы. Еліктеу сөздердің дыбыстық құамы.
            Одағай. Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан еш ұғымды білдірмейтіндігі. Олардың мағыналары адамның әр түрлі сезіміне, көңіл-күйіне қатысы болатындығы. Одағайдың түрлері.

Көңіл-күй одағайлары. Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар. Жағымсыз көңіл-күйді білдіретін одағайлар. Көңіл-күй одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Ишарат одағайлары. Бұған адамға ранайы айтылатын мағыналары бұйыру, жекіру, тыйым салу одағайлары жататындығы. Ишарат одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Шақыру одағайлары. Бұған төрт-түлік малға, ит, мысық сияқты үй хайуандарына арнап айтылатын одағайлар жататындығы. . Шақыру одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Көмекші сөздер. Көмекші сөздердің тілдік табиғаты олардың дербес толық мағынаға ие бола алмайтындықтан, негізгі сөздердің шылауында тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратындығы.Көмекші сөздердің түрлері.

Көмекші есім. Көмекші есімдердің мағынасы.

Көмекші етістік. Көмекші етістіктің түрлері. Көмекші етістіктің сөйлемде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалатындығы.

Шылау. Шылаудың өз алдына сөз табы екендігі. Шылаудың көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығы, жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.

Қорытынды сабақ -1 сағ

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Марфология-авторлык-Түркістан-1-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]