РЕЦЕНЗИЯ №89 – 30.09.2022 ж.


Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №129 жалпы білім беретін мектебінің педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Г.Ш. Пахирдинованың «Үйірлі мүшелер арқылы баланы ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Білім алушыларға арналған «Үйірлі мүшелер арқылы баланы ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту» атты еңбектің мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, сауатты жазуға, ұқыптылыққа, ойлылыққа үйрету, шығарма, эссе жаза білуге төселдіру, ең бастысы – грамматикалық талдау жасауға баулу.

          8 сыныпқа  арналған оқулық мазмұнына толық енбеген үйірлі мүшелер – бұл еңбектің негізін құрайтын күрделі тақырып. Оқушылар үшін мектеп оқулығында берілген жаттығулар аздық етеді. Сол себепті осы курста әр түрлі деңгейдегі грамматикалық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар орындап, өзіндік ой-пікірін еркін жеткізе алады. Жаттығу мәтіндеріндегі сөйлемдер көркем әдеби шығармалардан іріктеліп алынған. Тапсырманы орындау шарты берілген, атап айтсақ, грамматикалық талдаулар (оның ішінде синтаксистік); сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйрету, күрделі мүше немесе құрмалас сөйлемдердің үйірлі мүшелерден ара жігін ажырату секілді; шығармашылық қабілеттерін дамыту және тіл дамыту мақсатында шығармашылық тапсырмалар беріліп отырады. Сонымен қатар, автор шығарма, эссе жазу барысында тақырыпқа сай үйірлі мүшелерге сөйлем құрай білуге төселдіруді де назардан тыс қалдырмаған.

          Жалпы, Г.Ш. Пахирдинованың «Үйірлі мүшелер арқылы баланы ауыз-әдебиет шығармалары арқылы оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейінділігін, тілін дамыту» атты әдістемелік құралын мектеп мұғалімдері көмекші құрал ретінде қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                 М. Аманғазықызы