Авторлық бағдарлама “Логикалық есептерді шығару арқылы математикалық сауаттылықтарын арттыру”


Алипбекова Г. Б.   – Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Көкбұлақ ауылы  Төлеби негізгі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

«Логикалық есептерді шығару арқылы математикалық сауаттылықтарын арттыру» курсы мектеп оқушыларының логикалық есептерді шығару арқылы  математикалық сауаттылығын дамыту жаңа форматындағы математикалық сауаттылық бойынша алдын-ала дайындау үшін ең маңызды математикалық ұғымдардың бірі – пайыз ұғымына және әр түрлі тақырыптарда берілген есептерге теңдеу құру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналады.

Курс оқушылардың физика-математикалық, қаржылық- экономикалық бағыттар бойынша бейіналды дайындығына бағдарланған. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандырып, мектеп бағдарламасындағы маңызды математикалық білім мен дағдыларды жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп, таңдауға көмектеседі.

Қаржылық математика мәселелері қазіргі уақытта тек финансистер мен экономистер үшін ғана емес, барлық адамдар үшін де қызығушылық тудырып келеді. Күнделікті өмірде біз тауарлар және қызмет көрсету бағаларымен ұшырасамыз. Мысалы, банктегі жинақ салымы, несие алу, айып өсімін төлеу, саудадағы жеңілдіктер, сақтандыру төлемі, т.б. Сондықтан математикалық сауаттылық математиканың практикалық құндылығын айқын көрсететін қажеттілік болып табылады.

Мақсаты:

  • оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту және нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру;
  • математикалық қабілеттерін анықтау және дамыту;
  • математика пәніне қызығушылығын арттыру;
  • теориялық білімдерін практикада  қолдана  білуге дағдыландыру;
  • математикалық білім мен дағдыларын жетілдіру;
  • математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру.
  • Есептерді шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерулерін үйрету.
  • Оқушылардың финанстық, экономикалық сауаттылықтарын дамыту арқылы өмірлік тәжірибелерін байыту.
  • Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында түрлі есептер шығару.
  • Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру.
  • Математикалық сауаттылыққа берілген күрделі тапсырмаларды орындауда қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың     математикалық,    функционалдық сауаттылықтары көтеріледі.
  • Өз бетінше есеп шығарудың әртүрлі тәсілдерін іздестіреді.
  • Алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануды меңгереді.
  • Математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді.
  • Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математикаға тән жан-жақты талдайды.
  • Қоғамның қарқыны дамуы үшін адамзат сауаттылығының бір бөлігі математиканың маңызын түсінеді.
[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Алипбекова-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]