РЕЦЕНЗИЯ №95 – 30.09.2022 ж.


Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі А.А. Наринованың

«Қызықты информатика» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Қызықты информатика» авторлық бағдарламасы «Adobe Photoshop» пәнінің бастапқы негіздері ретінде орта мектеп оқушыларына арналып құрастырылған.    

               Авторлық бағдарлама бес тарауға бөлінген. Бірінші тарау «Adobe Photoshop бағдарламасына кіріспе» деп аталады. Мұнда Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу жұмыстарын жүргізу мақсат етілген. Екінші тарау «Adobe Photoshop бағдарламасының негізгі тәсілдері» деп аталып, бұл тарауда аталған бағдарламамен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері ұсынылған. Яғни геометриялық фигурамен белгілейтін құрал-саймандар, Lasso құрал-саймандарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, заман талабына сай компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге үйрету жұмыстары жүргізіледі. Үшінші тарау «Мәтіндік эффектілер» деп аталса, төртінші тарау «Текстуралар», бесінші тарау «Табиғи құбылыстарды қолдан жасау» деп аталады.

             Adobe Photoshop – қазіргі замандағы дизайнның жан-жақты құралы ретінде цифрлық фотосуретті өңдеу әлемінде фактілі стандарт болып табылады. Бағдарлама фотосуреттерді өңдеу мен қайта құру мүмкіндігінен басқа жоғары деңгейлі профильде, сонымен қатар Web дизайнда қолданылады.

          Сандық технологиялар қарыштап дамып келе жатқан заманда атаған курс мектеп оқушылары үшін аса қажет деп санаймын.

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.К. Султанова