Авторлық бағдарлама “Қазіргі заманғы физика ғылымының жетістіктері”


Нұржанова Қ. Б.  – Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

       Бағдарлама  мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың физикалық білімін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарлама оқушыларға қиындық келтірілген тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстардлы бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер оқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының және тұлғалық қасиетін қалыптастырады.

        Физика-эксперимент пен  теориялық әдістерді  қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техиканың теориялық негізі болып табылады.

    Бағдарлама 7-11 сынып оқушыларына арналған қосымша материалдар болып  келеді.

      Бағдарлама негізгі мақсаты – ғылыми бөлімінің іргелі негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты  орындау жолында төмендегідей міндеттерден тұрады:

– білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;

– мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз  жеткізу;

-пәнаралық (химия,математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;

-белсенділікке тәрбиелеу,еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру,жанашылдыққа баулу;

– алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

-оқушылардың негізгі физика курсындағы білімдерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру;

-дүниенің қазіргі замаңғы физикалық бейнесі-табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін және тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

            Бағдарламаның  практикалық маңыздылығы;

       Оқушылардың тақырыпты толық меңгеріп, есептер шығаруға, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары;

-физикалық құбылыстарды талдау;

-физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;

-физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу.

Біліктері;

-оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;

-алған өлшеу нәтижелерін талдап, жүйелей;

-физикалық есептерді шығара алу, талдау;

-қарапайым есептер құрастыра білу;

-есеп шығарудың аналитикалық,графиктік, эксперименттік меңгеру;

-есеп шығаруды бастамас бұрын, физикалық құбылысты сипаттап, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» тексере білу керек.

       Оқушылардың білімін  бағалау;

1.Тестілеу

Механикалық құбылыстар

Жылу құбылыстары

Электр құбылыстары

Электромагниттік құбылыстары

Жарық құбылыстары.

2. Деңгейлік  тапсырмалар

Күтілетін нәтиже: Курсты  оқудың соңында оқушылар физикалық құбылыстарды компьютерлік техникалар арқылы зерттеп, электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білуі тиіс, физикалық практикумдарды орындаудың жаңа үлгісін меңгеріп, техникалық есептеулерді дұрыс жүргізе алу, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындау білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуге тиіс.

              7-11 сыныпта келесі зертханалық жұмыстар орындалады.:

«Шыны түтікті әртүрлі формаға майыстыру.»

«Электрқыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау.»

Оқу жоспары

1. Кіріспе  – 1 сағат.

      Табиғат.  Адам – табиғаттың бір бөлігі.  Дене және заттар. Табиғат құбылыстары – табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдар, физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық  теориялармен танысады;

2. Механикалық құбылыстары – 6 сағат.

     Қозғалыс –  материяның ажырамас қасиеті  негізінде, физиканың негізгі бөлімі – механика екенін оқып,  механикалық қозғалыстың не екенін  біліп, мысал келтіреді, санақ денесінің  не  екенін біліп, мысал келтіреді,  тыныштық салыстырмалыны  біліп,  мысал  келтіреді.

3. Жылу құбылыстары –  8 сағат.

Ішкі энергия, ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін,  табиғаттағы және техникадағы жылу  берілу тәсілдерін, заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруін және  жылу мөлшерін  біліп, есептер шығарып,  «Шыны түтікті әртүрлі формаға майыстыру » зертханалық жұмыс жасайды;

4. Электр құбылыстары – 10  сағат.

        Электрдің тұрмыстағы маңызын, электрленген денелердің өзара әсерін, электр. вольта және гальвани элементтерін, электр тізбегі және оның құрама бөліктерін, тоқтың кернеу мен кедергіге тәуелділігін, электр тоғы жұмысы мен қуаты туралы  білім  алып,  «Электрқыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау» зертханалық  жұмысын  жасайды.

5. Электромагниттік құбылыстар – 4 сағат

Магниттік құбылыстар, тоқпен магниттеу, компас, электр телеграф, телефон,  электр қозғалтқыштың қолданылуы  және трансформатор туралы  білім  алады.

6. Жарық құбылыстары –  4 сағат

          Жарық сәулесі, жарық шоғы , линзалар, нәрселердің линзадағы кескіні,  фотоаппарат,  микроскоп туралы  білім  алады.

7. Қорытынды  сабақ – 1 сағат

    Жыл  бойы  алған  білімдерін қорытындылап,  білімдерін  жүйелейді.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Нұржанова-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]