РЕЦЕНЗИЯ №96 – 30.09.2022 ж.


Нұр-Сұлтан қаласы, №91 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Қ.Б. Нұржанованың «Қазіргі заманғы физика ғылымының жетістіктері» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Қазіргі заманғы физика ғылымының жетістіктері» атты авторлық бағдарлама  оқушылардың физикалық білімін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру үшін мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша құрал ретінде құрастырылған. Бағдарламада оқушыларға физика пәні бойынша қиындық келтірген тапсырмалардан және қызықты физикалық тәжірибелерден тұрады. Оқушылардың өз қолдарымен құралдарды құрастыруы, табиғаттағы құбылыстардлы бақылауы, физик ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер жинауы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді.

          Бағдарлама 7-11 сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың физика ғылымиы бойынша білімдерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты  орындау жолында автор алдына төмендегідей міндеттерді қояды: пәнаралық (химия, математика, т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру; белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру, жанашылдыққа баулу; алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету; оқушылардың негізгі физика курсындағы білімдерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру; дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі – табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін және тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

          Курсты оқудың соңында оқушылар физикалық құбылыстарды компьютерлік техникалар арқылы зерттеп, электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білуі тиіс, физикалық практикумдарды орындаудың жаңа үлгісін меңгеріп, техникалық есептеулерді дұрыс жүргізе алу, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындау білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуге тиіс.

          Қорыта айтқанда, Қ.Б. Нұржанованың «Қазіргі заманғы физика ғылымының жетістіктері» атты авторлық бағдарламасын физика пәні мұғалімдеріне қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады.

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.К. Султанова