Авторлық бағдарлама «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер»


Қызылорда облысы Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Н. Тубелбаева

Түсінік хат

«Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарламаның артықшылығы оқушылардың мектеп бағдарламасында алған білімдерін жан-жақты практикалық тапсырмаларда талдай алуына мүмкіндік беруге ықпал жасауында.

Тақырыптың өзектілігі:

-бұл  курсты  ұйымдастыру  арқылы  әр  оқушының  даму  деңгейі,  білімі,  қабілеттерінің  дамуына  жағдайлар  жасалып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  қалыптасуына мүмкіндіктер туғызылады;

–  қазіргі  заманауи  білім  беруде  кіріктірілген білім беру аса  маңызды мәселелердің бірі болып табылады;

-ұсынылған тапсырмалар  мәселені  айқындау  оқушыны  шығармашыл жеке  тұлға,  зерттеуші  ретінде  сезінуіне,  өзін-өзі  дамытуына мүмкіндік береді;

-мұғалімдерге де біліктілігін жетілдіру жеке тұлғаны дамытуда маңызды роль атқарады;

-сыни ойлауға   байланысты  оқушының  интеллектуалдық  және практикалық біліктілігі қалыптасады, дамиды.

Мақсаты – 10-11 сынып оқушыларының алгебра және математикалық анализ элементтері сабағында есептеулерден бөлек сыни ойлау, патриоттық , шығармашылық-ізденушілік, талдау-жинақтау ойлау дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқу  тәртібін(курс, факультатив) енгізудің себептері:

оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіруге байланысты олимпиадаға дайындыққа арналған әдістемелік құралдардың талаптарға  сай  болмағандықтан  курсты  енгізу қажеттілігі туындап отыр;

-практика мен теорияның арасындағы қарама  –  қайшылықтың болуы оқу  үдерісіндегі  курсты енгізудің негізгі себебі болып табылады.

«Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарламасының негізгі  міндеті  –  базалық  оқуға  кіретін мектеп  пәндері  бойынша  білімді  тереңдету  және  кеңейту болып табылады.

Бағдарламалық материалдың ерекшеліктері:

-Осыған байланысты пән ерекшелігі  алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен функционалдық сауатталыққа бағытталған;

– Бұл бағдарлама кең ауқымды кіріктірілген және алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен функционалдық сауатталыққа оқу-әдістемелік кешенді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

-Берілген бағдарламаның ерекшелігі алгебра және математикалық анализ элементтері пәнінен олимпиадаға дайындыққа  арналған болып табылады.

-Оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  заманауи  талаптарға  сай  және қолдану үшін бағдарламада тапсырмалардың құрылымына ерекше мән берілген.

-Ұсынылатын  бағдарлама  …  болып  табылды.  Ол  10-11 сынып алгебра және математикалық анализ элементтері курсының негізінде құрылған.

Курстың (факультативтің) жүргізілу тәртібі:

-Курс 10-11 сынып алгебра және математикалық анализ элементтері оқу жоспарына енгізілген пәндер қатарына кіреді; 

-Берілген курсты оқыту алгебра және математикалық анализ элементтері пәндерімен тығыз байланысты;

Курс кім үшін ұйымдастырылады:

-бұл таңдау курсы оқыту бағдарына тәуелсіз, пәнге және оның  қолданбалы  аспектілеріне  қызығушылық          білдіретін 10-11  сынып оқушыларына арналған.

-Бағдарлама  10-11 сынып  оқушылары  үшін  құрастырылған, сондай-ақ практикалық қолданысына тапсырмалар көп  болғандықтан ҰБТ дайындықта қолданылуы мүмкін. 

-Курс 10-11 сынып оқушылары үшін ұсынылған.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Тубелбаева-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]