РЕЦЕНЗИЯ №97 – 30.09.2022 ж.


Қызылорда облысы Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Н. Тубелбаеваның

«Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарлама оқушылардың мектеп бағдарламасында алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларда жан-жақты талдай алуына мүмкіндік беруге бағытталған.

          Бағдарлама тоғыз тараудан тұрады: бірінші тарауда дифференциалдық және интегралдық есептеулердің пайда болуы мен тарихы туралы айтылады. Ал екінші тарауда 10 сынып алгебра және математикалық анализ элементтері пәні МЖББС сай тақырыптар бойынша тапсырмалар құрастырылып, күрделі есептерді толыққанды шығару жолымен көрсетілген. Үшінші тарауда 11 сынып алгебра және математикалық анализ элементтері пәні МЖББС сай тақырыптар бойынша тапсырмалар құрастырылып, күрделі есептерді толыққанды шығару жолымен көрсетілген. Үшінші және төртінші тарауда туынды табу кестесі мен функцияны зерттеуде туындыны қолдану тақырыптары толығымен қарастырылған.

          Бұл  курсты  ұйымдастыру  арқылы  әр  оқушының  даму  деңгейі,  білімі,  қабілеттерінің  дамуына  жағдайлар  жасалып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  қалыптасуына мүмкіндіктер туғызылады. Сонымен қатар қазіргі  заманауи  білім  беруде  кіріктірілген білім беру аса  маңызды мәселелердің бірі екендігін білеміз. Бағдарламада ұсынылған тапсырмалардағы мәселелерді  айқындау  оқушыны  шығармашыл жеке тұлға,  зерттеуші  ретінде  сезінуіне,  өзін-өзі  дамытуына мүмкіндік береді.

          Жалпы, Н. Тубелбаеваның «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» атты авторлық бағдарламасы мектеп мұғалімдерінің де біліктілігін жетілдіруде аса қажет деп санаймын.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева