РЕЦЕНЗИЯ №98 – 30.09.2022 ж.


Семей қаласы, Б. Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Хамитованың

«Математика және логика» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Элективті курс сабақтарында орындалатын тапсырмалар оқу- әдістемелік желінің негізгі бағыттары бойынша құрастырылған. Ойындар, сөзжұмбақтар, сиқырлы шаршылар оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған. Жекелеген оқушылармен, жалпы сыныппен, топпен, жұппен орындалатын жұмыс түрлері берілген. Мұндай сабақтардың білімділік сапасын, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда тиімділігі өте зор.

          Осы көмекші құралда бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің бағдарламаларының тарауларына сәйкес қызықты материалдар жинақталған. Бастауыш сынып оқушыларына жұмбақтар, ребустар, логикалық тапсырмалар, шытырман есептер, оқиғаның себебін анықтауға арналған қызықты мәтіндер, көңілді жаттығулар, математика және тіл дамыту сабақтарында шығармашылық процесті менгеруіне, ойын, тілін дамытуға көмегін тигізеді деп есептеймін.

          Жалпы, Г.А. Хамитованың «Математика және логика» атты авторлық бағдарламасы оқушыларды сауаттылыққа үйретіп, олардың логикалық және танымдық, шығармашылық қабілетін арттыруға, кез келген жағдаяттан қисынын тауып шығуға баулиды, есептер мен ребустар құрастыруға үйретеді деп санаймын. Аталған бағдарламаны бастауыш сынып мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева